Жастардың іздегені ойын - сауық, Жігіттің серілікке көңілі ауық

Наурыз айтысы

Мінгені сылқымдардың берен екен,
Өнері талаптының өлең екен.
Сұрайын, қайыруын айтып берші,
Бірінші жылғы кірген немене екен?

Дүние ойлап тұрсам дұшпан екен,
Көрінде күнәліні қысқан екен.
Айтайын сұрағыңа анық жауап,
Бірінші жылға кірген тышқан екен.

Қонғаны ауылымның белқора - ды,
Көп түкірсе тақырда көл болады.
Анығын білсең егер тоқталмай айт,
Екінші жылға кірген не болады?

Қонғаны аулыңның қиыр екен,
Құлындай ойнар жылың биыл екен.
Білгің кеп отырған соң, мен айтайын,
Екінші жылға кірген сиыр екен.

Туған жер адамзаттың мекені екен,
Жүйрікті жүйрік қуып жетеді екен.
Тағы да тоқталмастан айтып берші,
Үшінші жылға кірген немене екен?

Қонғаны ауылыңның қалың қамыс,
Бұл ара былтырғыдан биыл алыс.
Айтайын сен білмесең, мен анығын,
Үшінші жылға кірген болар барыс.

Ақ серке ай мүйізді қой бастайды,
Шын ақын топ ішінде той бастайды.
Төртінші жыл атауын тауып айтсаң,
Осында талабыңды ел қостайды.

Қамшының сары сабы бояма екен,
Жалғанда қызыққа адам тоя ма екен.
Несіне білгеніме бәлденейін,
Төртінші жылға кірген қоян екен.

Базардан сатып алған алтын күзгі,
Кезіктім бұл құрбыма жылы жүзді.
Бесінші жылдың атын тауып айтсаң,
Қалайша ұмытайын онда, Сізді?!

Жылқы сәні – жабағы, құлын екен,
Бекіткен омыртқаны жұлын екен.
Есіңе мықтап сақта, мен айтайын,
Бесінші жылға кірген ұлу екен.

Жастардың іздегені ойын - сауық,
Жігіттің серілікке көңілі ауық.
Ылғи да сені мақтап жүрер едім,
Алтыншы жылдың атын айтсаң тауып.

Мінгені бозбаланың құнан екен,
Жетілген құйрық - жалы бұлаң екен.
Қиылып сұрадың ғой, мен айтайын,
Алтыншы жылға кірген жылан екен.

Қонғаны ауылымның бел болады,
Қаптаған ой мен қыры ел болады.
Тағы да айтып берші анық ашып,
Жетінші жылға кірген не болады?

Қашады тау бөктерлеп қызыл түлкі,
Қызығы бұл өмірдің ойын - күлкі.
Айтайын, білместіктен қор боп қалма,
Жетінші жылға кірген болар жылқы.

Бәйгеден келсе жүйрік жарар еді,
Сүзілтіп жал - құйрығын тарар еді.
Жыл атын сегізінші айтып берсең,
Көкейге қонып, өшпей қалар еді.

Қонғаны ауылымның ой болады,
Мереке жылда осындай той болады.
Түйіп ал, көкейіңе ұмытпастай,
Сегізінші жыл аты қой болады.

Ауылым қыстап отыр ой қораны,
Мереке күнде осыдай той болады.
Тоғызыншы жыл атын айтып берші,
Білгеннен соң тағы да ой толады.

Болатын түс қисайса – бесін еді,
Сушылар өзен көрсе шешінеді.
Білім ал, мен айтайын бұл туралы,
Тоғызыншы жыл аты мешін еді.

Қонғаны ауылымның қарағайлы,
Көп жылқы қарағайды аралайды.
Оныншы жылдың атын айтып берсең,
Сені кім білімпазға санамайды?

Қуғаны өнерпаздың ойын - сауық,
мен де бір талаптыны алдым тауып.
Білсін деп атап берем жылдың атын,
Оныншы ретімен келер тауық.

Үстіне шәйі шапан киген қабып,
Еске алам сол шеберді ауық - ауық.
Жыл атын он бірінші айтып берсең,
Сыйымды ұсынар ем ебін тауып.

Балықтың бір баласы кит болады,
Желкесі ластардың бит болады.
Атағын ел қадірлеп, әдейілеп,
Жыл аты он бірінші ит болады.

Табады асыл сөзді ер данасы,
Шығады білімдіден сөз сарасы.
Жыл атын он бірінші айтып бер де,
Келіп жүр, жақындасын ел арасы.

Мінгені қойшылардың өгіз екен,
Аяғы дарияның теңіз екен:
Білгенің арта берсін, деп айтайын,
Жыл аты оны екінші доңыз екен.

Сұрағым осыменен тамам болар,
Тұрмаған уәдесінде жаман болар.
Кез болған қиуадан талаптысың,
Көңілім ұқты ма деп алаң болар.

Осымен жыл өлеңін тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!



Ұқсас жұмыстар

Қазақ прозасындағы қазақтың сал - серілері жайында жазылған шығармаларға тоқталу
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру
Сәкен Иманасовтың публицистикасы
Эстетика туралы
Абай шығармашылығындағы эстетикалық көзқарас
Қақақ прозасындағы сал-серілер образы
Әлем әдебиетіндегі сентиментализм
Қазақ прозасындағы сал-серілер образы
Еңбек - байлықтың атасы, жер – оның анасы
Күләш Ахметованың поэзиясы мен поэтикасы
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
алықаралық қаржылық есеп стандарты бойынша дебиторлық қарыздың өзгерістері
Компьютерлік ойындардың жеткіншектердің агрессивті мінез-құлқына әсер ету мәселесі
Ақыл-ойының дамуы артта қалған 2-3 сынып оқушыларының уақыт және кеңістік жөніндегі түсініктерді қолдануы
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың елдер бойынша жиынтық ағыны
Шамшадин мен Клараның, Мерей тойына арнау
Жастардың әлеуметтік қазіргі жағдайы мен перспективасы
Адам бойындағы жағымды қасиет туралы