Құрметті ата - аналар, ұстаздар және оқушылар
Ертеңгілік сценарийі: «Биыл күзде мектепке, біріншіге барамын»
Мекеме
Қарағанды облысы, Саран қаласы, №4 орта жалпы білім беретін мектеп
Жауапты мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі: Изтелеуова Гүлжайна Бегдуллаевна
Мақсаты
- Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту.
- Білгендерін ортаға салып, қорытынды жасау.
- Берілген міндеттерді өз бетімен орындап, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Музыкалық сүйемелдеу: «Би Хафиз» күйі.
Кіріспе сөз
Мұғалім:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін еліміздің егемендігі айқындалып, тәуелсіздігіміз нығайған кезеңде кішкентай бүлдіршіндеріміздің әндері, тақпақтары мен билерін одан әрі шыңдай түсетін «Биыл күзде мектепке, біріншіге барамын» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Ендеше, кішкентай өнерпаздарымызды қошеметтеп, ортаға шақырайық!
Әлихан:
Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.
Айжан:
Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңізге есен-аман бармысыздар?
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Кешімізді ән-жырмен бастайық.
Айбибі:
Өлшеулі ар-намысы халқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Армысыздар, аяулы ұстаздарым,
Сенері — сендерсіңдер халқымыздың!
Балалар жыл бойы алған білімдерін ортаға салып, өз өнерлерін көрсетеді.
Сахналық көрініс
Орыс халқының «Теремок» ертегісі бойынша көрініс.
Орыс тілінен тақпақтар
Диас:
Я веселый майский жук,
Знаю все сады вокруг.
Над лужайками кружу,
А зовут меня Жу-жу.
Почему зовут Жу-жу?
Потому что я жужжу.
Әлихан:
Этот пальчик — дедка,
Этот пальчик — бабка,
Этот пальчик — папенька,
Этот пальчик — маменька,
Этот пальчик — наш малыш,
Зовут его Куаныш.
Мәди:
Мой веселый, звонкий мяч,
Ты куда пустился вскач?
Желтый, красный, голубой —
Не угнаться за тобой.
Рамазан:
Петушок, петушок,
Золотой гребешок.
Масляна головушка,
Шелкова бородушка.
Выгляни в окошко —
Дам тебе горошка.
Ануар:
Я один у мамы сын,
Нет у мамы дочки.
Как же маме не помочь?
Постирать платочки?
Мыло пенится в корыте —
Я стираю, посмотрите!
Мирас:
Ходит ёжик без дорожек,
Не бежит ни от кого.
С головы до ножек
Весь в иголках ёжик.
Айбибі:
Уронили мишку на пол,
Оторвали мишке лапу.
Всё равно его не брошу,
Потому что он хороший.
Айжан:
Вышла радуга-краса —
Разноцветная коса.
Ленты пёстрые в косе,
А всего их ровно семь.
Дарим их, красавица,
Бери, какая нравится!
Мадина:
Мишка косолапый
По лесу идёт,
Шишки собирает,
Песенки поёт.
Вдруг упала шишка
Прямо мишке в лоб —
Мишка рассердился
И ногою топ!
Т. Аружан:
Идёт коза рогатая,
Идёт коза бодатая.
Ножками топ-топ,
Глазками хлоп-хлоп.
Аида:
Мышка весело жила,
На пуху в углу спала.
Мышка хлеб и сало ела —
И всё было мышке мало.
Мектеп туралы өлеңдер
Мұғалім:
Алдыңдағы балалар мектепке кетіп барады. Тақпақ айтып, бір-бірден қимай кетіп барады. Ендеше, балаларымызды өз өлеңдерін айтуға шақырамыз.
Т. Аружан:
Мектеп деген — білім кені, жыр кені,
Мектеп деген — даналардың мекені.
Мектеп деген — тәрбиеші адамға,
Мектеп деген — білімнің ең үлкені.
Айгерім:
Биыл алты жастамын,
Кітапты оқи бастадым.
Әріптерді танып мен,
Енді жаза да аламын.
Ануар:
Биыл күзде мектепке,
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке —
Дайын дәптер, қаламым.
Мынау есеп кітабым,
Мынау әдемі әліппем.
Бәрін жинап сақтадым,
Білімге жол аттадым.
Мадина:
Мектеп — қамқор анамыз,
Оқу-білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін
Біріншіге барамыз.
Би:
«Балапандар биі»
Ағылшын тілінен тақпақтар
Т. Аружан:
I can sing,
I can swim,
I can read,
And say goodbye!
Рамазан:
I have a doll.
It is tall.
Айгерім:
I have a ball.
It is small.
Ахерке:
Winter is white,
Spring is green.
Х. Аружан:
Summer is bright,
Autumn is yellow.
Ән:
«Қошақаным»
Алғыс және тілек
Рамазан:
Мектептегі күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Дина, Арман ұстаздарым сіңірген
Еңбектеріңізді ақтаймыз.
Диас:
Талай-талай баспалдақты аттармыз,
Ата-ананың үмітін де ақтармыз.
Гүлжайна ұстазым, сізден алған ақылды
Есімізде өмір бақи сақтаймыз.
Ахерке:
Балалық істі кешірген
Майра ұстазым менің,
Тәрбиелік сөздеріңізді
Ұмытпаймыз, өздеріңізді.
Хабиба:
Ерекше бізде бір ағай,
Біз қараймыз таңырқай.
Ән үйрендік ағайдан,
Ешқашан да жалықпай.
Аян мұғалімге мың алғыс!
Виктория:
Әр күніміз — той-думан,
Рахатқа батып ек.
Асқа бізді тойдырған
Аспазшы апайларға рахмет!
Хор:
«Мұғалім — ол біздің...»
Ойын: «Күн шуағы»
Балалар, мынау қандай пішін? Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрларын менің сұрақтарыма дұрыс жауап беру арқылы жапсырамыз. Ата-аналарымызға және ұстаздарымызға зерек, алғыр, тапқыр екенімізді көрсетейік!
1. Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу?
4
2. Бір аптада неше күн бар?
7
3. Машинаның дөңгелектері нешеу?
4
4. Екі қоянның аяқтары нешеу?
8
5. Бағдаршамда неше көз бар?
3
6. Бір жылда неше ай бар?
12
Балалар, ненің суреті шықты? Күннің суреті. Жарайсыңдар! Сонымен қатар ағылшын және орыс тілдерінде сөйлеп қана қоймай, санауды да үйрендік.
Ағылшын және орыс тілдерінде 1–10-ға дейін санау.
Хор: «Санамақ»
Ата-анаға арналған жыр
Мирас:
Асыл анам, жан анам,
Мейірімін төккен тек маған.
Қиындықтың бәріне
Біздер үшін шыдаған.
Еркеназ:
Ертегі айтып түнімен,
Еркелеткен күнімен.
Аңсадым ғой шынымен,
Асыл әжем, өзіңді.
Аида:
Анамыздың тілегі —
Біз деп соғар жүрегі.
«Балам аман болсын» деп,
Баласы үшін өмір сүреді.
Айбибі:
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
«Анашым» деп мақтанам,
«Анашым» деп ән салам.
Ән:
Диас пен Айбибі орындайды — «Менің анам алтын»
Би:
«Қара жорға»
Өнерге шақыру
Мұғалім:
Қызықтырып өнерге жетелеймін баланы.
Ұлттық өнер емес пе — дамытатын сананы?
Әнші, биші баланы адам етіп бағалы,
Өнерпаз қып баулыcам — өнер отын жағамын.
Сахнаға жас өнерпаздарымызды шақырамыз!
Құттықтау және марапаттау
Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Адиетова Светлана Әлқуатқызына беріледі.
Марапаттау:
Мадақтама қағазымен марапаттау.