Тамақтан кейін ыстық шай іштік
Сауат ашу (1-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі.
Бастапқы білім: «Менің отбасым» тақырыбы. Қ дыбысы және әрпі.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.
Оқу мақсаттары
- Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.
- Берілген сюжетті суреттер бойынша шағын әңгіме құрап айту.
Бағалау критерийлері
Білу және түсіну
- Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
- Сюжетті суреттерді сипаттайды.
Қолдану
- Сюжетті суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме құрастырып айтады.
Тілдік мақсаттар
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Басы: ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Ой қозғау
Сұрақтар арқылы оқушылардың алдыңғы білімін еске түсіру:
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
Тізбектей қорытынды
Дыбыстан
буын құраймыз
Буыннан
сөз құраймыз
Сөзден
сөйлем құраймыз
Ортасы: жаңа тақырыпқа кіріспе
Өткен сабақта танысқан дыбысымыз — Қ. Ол дауыссыз дыбыс.
Ертегі тыңдауға дайынбыз ба? Онда бірге тыңдайық:
Ертегіге кіріспе
Кел, тыңдайық ертегі,
Ертегі сыр шертеді.
Талай ғажап оқиға
Естіген жан елтеді.
Ерте, ерте ертеде ну орманда көптеген ағаштар өсіп, құстар сайрап, аңдар тіршілік етіпті. Түн болып, орман да, ормандағы аңдар да мүлгіп ұйқыға кетіпті. Тым-тырыс.
Сәлден соң тау арасынан күн сығалайды. Қалың ағаштың үстінен шыққан бір құстың үні орманды жаңғыртып жібереді. Бұл қандай құс?
Тоқылдақты «орман емшісі» дейді, себебі ол ағаштағы құрт-құмырсқаларды жеп, ағашқа пайда келтіреді. Ол ерте тұрып, еңбек етсін деген оймен теректің басына қонып, айғай салады:
Тоқылдақ: «Тоқ-тоқ-тоқ! Күн шықты, енді ұйқы жоқ!»
Тоқылдақтың дауысынан ұйқысы қанбаған аңдар оянып, ашулана бастайды. Ал кейбірі оны елемей, ұйықтай береді. Олар қандай аңдар? Жұмбақтарды шешіп көрейік.
Жұмбақтар
Қалқиған екі құлағы, елеңдеп қорқып тұрады.
Қоян
Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады.
Қонжық
Аузы бейне шалғы, орақ: шөп емес, бірақ мал орады.
Қасқыр
Дыбыспен жұмыс: «Қ» дыбысы
Тапсырма: Қ дыбысы буынның басында, ортасында және аяғында кездесетін сөздерді атаңдар.
Ертегі жалғасады: тоқылдақ барлық аңдарды ашуландырып алған соң, олармен қайта достасудың амалын іздейді. Ол бізден көмек сұрайды.
Тоқылдақ бірнеше тапсырма береді. Егер біз тапсырмаларды дұрыс орындасақ, тоқылдақ аңдармен қайта достасады.
1-тапсырма: оқулықпен жұмыс
№1. Оқылым
Анам тамақ дайындады.
Ол қасық, шанышқы алды.
Мен атамды тамаққа шақырдым.
Тамақ пісті.
Тамақтан кейін ыстық шай іштік.
№2. Айтылым
- Сөздерді буындап немесе тұтас оқиды.
- Оқығанын түсініп, мазмұнын баяндайды.
Назар аударайық
Мәтіндегі қ дыбысы бар сөздерді табыңдар (мысалы: қасық).
Мұғалім туралы мәлімет
- Мұғалімнің аты-жөні
- Суханбердиева Жансая
- Мектеп
- Айдарлы орта мектебі