Химиялық формулалар

7-сыныпқа арналған сабақ мазмұны

Бұл сабақ валенттілік ұғымын, химиялық формулаларды құрастыруды және қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массаны (с.а.м.) есептеуді жүйелі түрде меңгертуге бағытталған.

Тақырып

Валенттілік. Химиялық формулалар

Тақырып

Биэлементті қосылыстардың формуласы

Тақырып

Формула бойынша с.а.м. есептеу

Оқу мақсаттары (бағдарламаға сәйкес)

7.1.2.15

Элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолданып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құрастыру.

7.1.2.16

Химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық (формулалық) массасын есептеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Валенттілік, химиялық формула, салыстырмалы молекулалық масса ұғымдарының анықтамасын біледі.
  • Әр ұғымға қысқа мысал келтіре алады.

Оқушылардың көбі

  • Химиялық қосылыстардың формулаларын құрастыруды меңгереді.
  • Формула бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеуге дағдыланады.

Кейбір оқушылар

  • Химиялық формулаларды пайдаланып, үш және одан да көп атом түрінен тұратын заттардың салыстырмалы молекулалық массасын есептейді.

Бағалау критерийлері

1

Элементтердің атауларын және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолданып, бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын анықтайды.

2

Заттың формуласын сауатты әрі дұрыс жаза алады.

3

Қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептей алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • Химиялық формула
  • Индекс
  • Коэффициент
  • Салыстырмалы молекулалық масса (с.а.м.)

Оқытудың тілдік дағдылары

Айтылым: «Химиялық формула», «валенттілік», «салыстырмалы молекулалық масса» ұғымдарына ауызша анықтама береді.

Тыңдалым: Есептер жинағын пайдаланып, қосылыстардың (соның ішінде оксидтердің) с.а.м. анықтау жолын бір-біріне түсіндіріп, тыңдайды.

Оқылым: Оқулықпен жұмыс жасап, мәтінді түсініп оқиды.

Диалог пен жазылымға арналған тірек сөздер

Химиялық формула — заттың құрамын химиялық таңбалар және индекстер арқылы шартты түрде жазу.

Сабақтың басы: ұйымдастыру кезеңі

Ұйымдастыру шаралары

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру: смайликтер таратып, оқушылар көңіл күйіне сәйкесін көтереді.
  • Сабақты жақсы көңіл күймен бастауға ынталандыру.

Топқа бөлу: «Дорба» әдісі

Дорба ішінде «Валенттілік», «Химиялық формула», «Салыстырмалы молекулалық масса» сөздері жазылған парақшалар болады. Оқушылар кезекпен бір парақшадан алып, сәйкес топқа бөлінеді. Нәтижесінде үш топ құрылады.

Сабақтың мотивациялық бөлігі

Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат,

Әрбір ісім — тіршілік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім — шындық, бірлік, адалдық.

Топтық жұмыс: №1 тапсырма

Әдіс: «Сұрақтар жаңбыры»

Үй тапсырмасы бойынша әр топ параққа сұрақтар жазады да, сұрақтарды бір-біріне «лақтырады». Әр топ өзіне түскен сұраққа жауап жазып, кері қайтарады. Соңында жауаптар тексеріледі.

Кері байланыс

  • Қол шапалақтау арқылы қолдау көрсету.
  • Мұғалімнің ауызша қолдауы мен нақтылаушы сұрақтары.