Мұғалім оқушы
Сабақ тақырыбы
Асқар Тоқмағамбетов — «Бидай мен Қаңбақ» (мысал).
Сабақтың мақсаты
-
Мысалды оқи отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
-
Білім берудегі жаңа тәсілдер мен диалогтік оқытуды қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлап, негізгі идеяны түсіну.
-
Өз бетімен жұмыс барысында қабілетті оқушыны анықтау.
-
Ой түйіндеу үдерісіне сүйене отырып, көшбасшылықты айқындау.
-
Мәнерлеп оқуға, ойды қорытып айтуға дағдыландыру және мақтаншақтық әдетінен аулақ болуға тәрбиелеу.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Жұмыс формалары
- Топтық жұмыс
- Ұжымдық жұмыс
- Өзіндік жұмыс
Стратегиялар
- Ой қозғау
- Миға шабуыл
- Венн диаграммасы
- Семантикалық картамен жұмыс
Күтілетін нәтиже
-
«Ой қозғау» арқылы мысал тақырыбын ашады.
-
Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді.
-
Өз біліміне есеп беріп, бағалауға дағдыланады.
-
Өзіндік ойын ортақ пікірмен ұштастыра алады.
-
Топтар бір-бірін тыңдап, пікір алмасуды үйренеді.
Барлық оқушыларды сабаққа тарту
Сұрақ-жауап барысында, постер қорғауда, өзін-өзі және топты бағалау кезінде оқушылар сауатты әрі жүйелі сөйлеуге дағдыланады.
Негізгі идея
Мақтаншақтық — жаман әдет.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық дайындық
Еңбекті сүй, құрметте,
Керек болар өмірде.
Еңбек етсең емерсің,
Жақын болшы еңбекке.
2) Топқа бөліну
Оқушыларды топтарға бөлу, топ ережесін еске түсіру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Өлеңді жатқа айту
«Ұнатам күзді мен» өлеңін жатқа айту.
2) Жұптық сұрақ-жауап
- Даланың түсі қандай?
- Алма қалай пісті?
- Аспанды не қаптады?
- Жел қандай?
- Тырна не істеді?
3) Мұғалім сұрақтары
Екі өлеңнің ұқсастығы неде?
Екі өлеңнің ерекшеліктері неде?
Күздің басқы және соңғы кезеңдері қай өлеңде айқынырақ байқалады?
III. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау
Бидай мен қаңбақтың суреттерін көрсетіп, оқушылардан төмендегі сұрақтар арқылы ой жинақтау:
- Бұл суреттер туралы не білеміз?
- Не айта аламыз?
Бүгін біз «Бидай мен Қаңбақ» мысалымен танысамыз.
2) Автор туралы қысқаша мәлімет
«Бидай мен Қаңбақ» мысалының авторы — Асқар Тоқмағамбетов. Ол 1905 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген, белгілі сықақшы ақын.
3) «Мысал» жанры туралы
Мысал — адам бойындағы түрлі мінез-құлықтарды жануарлар, өсімдіктер немесе құстар арқылы бейнелеп көрсететін шығарма түрі.
4) Бидай туралы түсінік
Бидай — дәнді дақыл. Ол егістікте өседі. Одан ұн тартылады. Ұннан әртүрлі тағамдар дайындалады, ал сабанын мал жейді.