Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп, Тарихыма өшпес белгі салған күн
Ақтөбе қаласы • №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы
Тәрбиеші: Досанова А. Қ.
Егемендік ел — мұраты
Мақсаты
- Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елжандылыққа тәрбиелеу.
- Қазақстан Республикасының рәміздерін білуге және құрметтеуге үйрету.
- Патриоттық сезімді ояту.
- Қазақстанның иесі өздері екеніне балалардың көзін жеткізу.
Шаттық шеңбері, сәлемдесу
Білер қазақ баласы, Сәлем — сөздің анасы. Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен, Иіліп сәлем береміз.
Тәрбиешінің сөзі
Құрметті балалар, қонақтар! Бүгін біз салтанатты мерекемізді атап өтеміз. Бұл — 1991 жылы 30 тамызда Конституциямыз, яғни Ата Заңымыз қабылданған күн.
Еліміз егемендік алып, санамыз қайта жаңғырды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын, аспанымыз ашық болып, еліміз бен жеріміз аман болсын!
Өз жеріме өзім ие болған күн, Тілім таза, бостандығын алған күн. Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп, Тарихыма өшпес белгі салған күн.
Құндылық
Елжандылық
Құндылық
Рәміздерді құрметтеу
Құндылық
Тәуелсіздік