Балалар рахмет

Сәлемдесу және көңіл күй

Үлкенге де «Сіз», кішіге де «Сіз» — баршаңызға құрметпен бас иеміз.

Балалар, қане, қонақтармен амандасайық. Көңіл күйлерің қалай? Жылдың неше мезгілі бар? Қазір жылдың қай мезгілі?

Неліктен жол ережесі маңызды?

Жол тәртібін бұзуға бола ма? Әрине, болмайды. Көшеде жүргенде жол ережесін сақтап, доп қуаламай, көліктерге жармаспай, абайлап жүруіміз керек.

Жол ережесін бұзу — қауіпті. Кейбір жағдайларда балалар көлік дөңгелегіне ілініп, жазатайым оқиғаға ұшырауы мүмкін. Сондықтан бүгінгі сабақты мұқият тыңдайық.

Сұрақ

Қандай бала жол ережесін бұзбайды?

Бағдаршам — біздің көмекшіміз

Мынау — бағдаршам. Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтайтын көмекшіміз. Оның тілін түсініп, айтқанын орындау — бәрімізге қажет.

Қызыл жанса

Тоқтаймыз.

Сары жанса

Дайындаламыз.

Жасыл жанса

Жүре береміз.

Қысқа тексеріс

Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме? Қане, оны бірге тексеріп көрейік.

Бейнематериал және талқылау

Бағдаршам туралы тақпақтарды да біледі екенсіңдер. Ендеше, жол тәртібін бұзбау үшін және бағдаршам тілін жақсы түсіну үшін мультфильм көрейік:

«Мой приятель светофор» / «Менің досым бағдаршам»

Көріп болған соң, мына сұрақтарға жауап берейік: Мультфильм ұнады ма? Торайдың жасағаны дұрыс па? Егер сабақты тыңдамаса, не болуы мүмкін? Ережені бұзуға бола ма?

Енді тақпақтарымызды тыңдайық.

Көлік түрлері және жол белгілері

Балалар, сендер көлік түрлерін білесіңдер ме? Көліктер жеңіл және ауыр болып бөлінеді.

Міндеттеу белгілері

Белгілі бір әрекетті орындауды талап етеді.

Нұсқау белгілері

Қозғалыс бағыты мен тәртібін көрсетеді.

Сақтандыру белгілері

Қауіп туралы алдын ала ескертеді.

Кәне, осы белгілер туралы білетіндеріңді ортаға шығып айтып беріңдер. Рақмет!

Көрініс: «Маймақ аюдың достары»

Енді «Маймақ аюдың достары» көрінісін тамашалайық.

Инспектордың сұрағы

Балалар, аюдың жасағаны дұрыс болды ма? Сендер де жол ережесін бұзбаңдар. Тәртіпті бұзуға болмайды.

Ынталандыру

Егер сендер тәртіпті сақтап, бағдаршам ережесін жақсы меңгерсеңдер, менің сендерге сыйлығым бар. Сыйлықты апайларыңа тапсырып кетемін. Біз медбике апай екеуміз қазір кетуіміз керек. Сау болыңдар, балалар!

Бекіту: сұрақ-жауап және ән

Енді тақпақ айтатын балаларды тыңдап, инспектор ағайдың сыйлығын алайық. Жарайсыңдар!

Практикалық тексеріс

Үш бала ортаға шықсын. Жолдың шетіне тұрыңдар. Бағдаршамға назар аударайық:

  • Қызыл жанғанда не істейміз?
  • Сары жанғанда ше?
  • Жасыл жанғанда не істейміз?

Жарайсыңдар, рақмет! Орындарыңа отырыңдар.

Ән

Ал енді «Бағдаршам» әнін айтайық.

Қорытынды

Бүгін сендер сабаққа белсене қатыстыңдар. Бағдаршам туралы көп нәрсе білетіндерің көрініп тұр. Инспектор ағай қалдырған сыйлықтарды сабаққа жақсы қатысқандарың үшін сендерге таратамын.

Енді қонақтармен қоштасайық.