Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдеріСЕКІЛДІ ӨМІР ҚЫСҚА, ЖАРТЫ ТҰТАМСекілді өмір қысқа, жарты тұтам, Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері
СЕКІЛДІ ӨМІР ҚЫСҚА, ЖАРТЫ ТҰТАМ
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам,
Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам.
Аз өмірді ақындық жолға бердім,
Лепес қып түкірген соң молда Мұқан.
Қаламды шын беріліп, алдым берік,
Әлдеқандай бір күшке көңіл сеніп,
Бұрын жалғыз оқу еді іздегенім,
Енді оған өлең жазу болсын серік.
Бірдей ме сабақ берген барлық молда,
Ант берем, алуан түрлі деймін олла.
Денеден - ақ көрініп тұрған жоқ па,
Саусақтың алалығы біткен қолға.
Әкемнен Әліп - биді үйде оқыдым,
Үйреніп намаз сабақ жат тоқыдым,
Әлі молда алдында дәл екі жыл
Әр түрлі ескі кітапты бір шоқыдым.
Тортайдан екі жылдай сабақ алдым,
Ол байғұс аяған жоқ ойда барын.
Ғылымның орны бас пен көкіректе,
Бүйір шығып, қампия тоймас қарын.
Мұқаннан екінші жыл сабақ алам,
Ұйықтағам да көңілім оқуға алаң.
Лепес қып өзі бастап, ақын бол деп,
Дұғасын ықыласпен берді маған.
Сондықтан бір мақсатым өлең жазу,
Оқуменен бірге іздеп, қоса қазу.
Осы ойыма өткен түн серт берілді,
Менде болмас бұл ойдан өмірде азу.
ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке
С.Торайғыров (1893-1920)
ЖЫР СҰЛТАНЫ ТУРАЛЫ СӨЗ
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары
С.Торайғыровтың "Қамар сұлу" романы
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми баяндама). Міржақып пен Көкбайдың айтысы жайлы
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
С.Торайғыров өмірі және шығармашылығы
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми баяндама). Міржақып пен Көкбайдың айтысы
«Құмар Сұлу» романы
Ұлы ақын
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Коммерциялық банктердің қаржы айналымында бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялары
ӨМІРҰЛЫ ЖАСЫБАЙ
Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдің шаруашылық өміріндегі атқаратын рөлі
ХІХ ғасырдың екінші жартысы
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері«СЕНІМ» АҚ
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама туралы
Банктің корпоративтік клиенттерімен жүргізетін операцияларын басқарудың Ақпараттық жүйесін тұрғызу
Ақша туралы қысқаша түсінік
Шетелдік және отандық журналистикадағы ақпараттық технологиялардың қолданылу ерекшеліктер