Айтхан - анасымен Қасқыр мен тырна

Тақырып, мақсат және көрнекілік

Тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары — тәлім-тәрбие мектебі.

Мақсаты

  • Оқушылардың көркем әдебиет оқуға қызығушылығын арттыру.
  • Ахмет Байтұрсынұлы аудармаларын ата-аналарымен бірлесе оқи отырып, тәрбиелік мәнін түсіндіру.
  • Оқылған ойларды өмірмен байланыстырып, бүгінгі күн тұрғысынан талдау.

Көрнекілігі

Тақырыпқа дайындалған слайдтар жинағы, оқушылардың шығарған газеттері.

Слайдтар Газеттер Мысал мәтіндері

Кіріспе: рухани мұраға бетбұрыс

Биыл — халқымыздың қоғам қайраткері, Абай, Ыбырай, Шоқан қалыптастырған ағартушылық-демократиялық бағытты ілгері жалғастырған ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл.

Ел боламыз десек, Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол көтерген ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек. Осы оқу күні — оның мысалдарының тәрбиелік мәнін, өмірмен байланысын және бүгінгі әдебиеттегі орнын танытуға арналған.

Күй

«Балбырауын»

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көл жоқ, көгалы жоқ — қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

Көңілін көтеруге құл халықтың.

Ахмет Байтұрсынұлы

Аударма дәстүрі және «Қырық мысал»

Халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолын іздеген Ахмет Байтұрсынұлы Абай қалыптастырған соқпақты жалғастырып, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану мен аударма жасау дәстүріне ден қояды.

Ол Иван Андреевич Крылов шығармаларын аударып, 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» атауымен бастырып шығарды. Жинақ «Замандастарыма» атты кіріспемен ашылады. Онда автор аударманың мәні мен мақсатын, дәуір тынысына ілесу ниетін және қиын жағдайда атқарылған еңбектің салмағын атап өтеді.

Мысал жанрының тәрбиелік қуаты

Мысалдарда әртүрлі аң бейнесі арқылы адам мінезі мен қоғам болмысы ишарамен беріледі. Өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағы секілді мәселелер астарлап жеткізіледі.

Әсіресе патша отаршылдығының зорлық-зомбылығы, жуандар мен байлардың тепкісі, елдің азып-тозуы тәрізді сарындар тұспалдау арқылы айтылады. Кей тұста ой ашық та, дәл де беріледі.

Оқу күні форматы: ата-ана мен оқушының бірлесе оқуы

Бүгінгі оқу күніне қатысатын оқушылар ата-аналарымен бірлесе отырып, алдын ала берілген мысалдардың мазмұнын баяндайды, тәрбиелік мәнін ашады және оны өмірмен байланыстырып талдайды.

Қатысушылар және оқылатын мысалдар

Сұлтан (әжесімен)

«Егіннің бастары», «Өгіз бен бақа»

Банура (анасымен)

«Қарға мен түлкі», «Аққу, шортан һәм шаян»

1-топ оқушылары: Әсел (Мәдиқызымен)

«Қартайған арыстан», «Кісі мен аю»

Айшабибі (Нұржан Қабылжанұлымен)

«Есек пен үкі»

Айтхан (анасымен)

«Қасқыр мен тырна»

2-топ оқушылары: Ардақ (Бектемісқызымен)

«Қайырымды түлкі», «Шал мен жұмыскер»

Қайырхан (анасымен)

«Балықшы мен балық»

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салмас, біреу салар.

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,

Кейіне жарамаса, кейін жарар.

Қайсысы ықыласын салып тыңдап,

Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.

Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,

Солардан аз да болса белгі қалар.

Жүргізуші сөзі

Қорытынды: тәлімнің жалғасқан жолы

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Бүгінгі шара Ахмет Байтұрсынұлының артында қалған мол мұрасына зор құрметпен қарап, бағалай білген әдебиетсүйер қауымға рухани азық, көңілге қуаныш сыйлады деп сенеміз. Қатысқан ата-аналарға, ұстаздарға және оқушыларға ризашылығымызды білдіреміз. Оқу күнінен естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Жүргізуші қорытындысы

Қазақ қоғамына рухани тәрбие берудегі рөлі өлшеусіз әрі бүгін де өз қуатын жоғалтпаған аудармаларды ата-анамен бірге оқу — өмірімізге азық болатын, болашақта есте сақталар тәлім-тәрбиелік мәні зор игі шара болды.

Осымен «Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары — тәлім-тәрбие мектебі» тақырыбындағы шарамыз аяқталды. Назарларыңызға көп-көп рақмет!