Үлгермеуші оқушымен жұмыс

Сабақ туралы

Пәні

Информатика

Тақырыбы

Модельдеу. Модель түрлері

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Сабақ әдістері

  • Түсіндіру, баяндау
  • Сұрақ-жауап, әңгімелесу
  • Жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс
  • Интерактивті тақта арқылы түсіндіру, практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • «Модель» ұғымымен таныстыру.
  • Модель түрлерін және оларды жасау жолдарын меңгерту.
  • Модельдерді құру тәсілдерін практикалық тұрғыда қолдану.

Дамытушылық

  • Модельдеудің қажеттілігін және пайдасын түсіндіру.
  • Үшөлшемді графикада модельдеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Модель құруға мысалдар келтіре білуге үйрету.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар және көрнекіліктер

Техника

Компьютерлер, интерактивті тақта

Оқу материалдары

Оқулық, электронды оқулық

Көрнекі құралдар

Сызбанұсқалар, таратпа қағаздар, материалдық модельдеуге арналған қағаз

Бағдарламалар

SketchUp, Kahoot

Сабақ жоспары (уақыт бөлінісі)

I. Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

II. Үй жұмысын сұрау

5 мин

Қайталау (тест, Kahoot)

5 мин

III. Жаңа сабақ

10 мин

IV. Жаңа сабақты пысықтау

10 мин

V. Бекіту және қорытындылау

10 мин

VI. Бағалау

2 мин

VII. Үй тапсырмасы

1 мин

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Фишкалар арқылы оқушыларды топтарға бөлу.

II. Үй жұмысын тексеру (5 мин)

«Программалау тілі» тарауын қайталау. Тест арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау.

Тексеру сұрақтары

  1. Алгоритм деген не?
  2. Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай?
  3. Алгоритмнің бірмәнділігі дегенді қалай түсінесіңдер?
  4. Блок-сызба (блок-схема) дегеніміз не?
  5. Алгоритм ұғымының негізін қалаған ғалым кім?

Қайталау тесті (Kahoot) — 5 мин

  • Kahoot арқылы өтілген тақырыптар бойынша тест орындау.
  • Жауаптарды тексеру және нәтижені бағалау.

Проблемалық сұрақ (2 мин)

«Модель» сөзін естіп көрдіңдер ме? Егер естісеңдер, қайдан кездестірдіңдер?

Дәптермен жұмыс: күнді, аптаның күнін жазу (оқушының жазылым дағдысын белсендіру).

III. Жаңа сабақ (10 мин)

Негізгі ұғымдар

Модель — нақты объектіні, үдерісті немесе құбылысты ықшам әрі түсінікті түрде бейнелеу.

Модельдеу — объектілерді, үдерістерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың модельдерін құру.

Модельдер мысалдары

  • Глобус және әлем картасы
  • Жердің тартылыс күшінің формуласы
  • Көрме стендіндегі зымыран макеті
  • Биология кабинетіндегі көрнекі құралдар
  • Әйгілі суреттердің көшірмелері

Модель түрлері

Модельдер екі үлкен топқа бөлінеді: материалдық және ақпараттық.

Ақпараттық модельдің тармақтары

  • Вербальді (ауызша/мәтіндік сипаттау)
  • Таңбалық (белгілер, формулалар, схемалар)

Таңбалық модель

  • Компьютерлік
  • Компьютерлік емес

Маңызды ой

Модель нақты нысанды толық көшірмейді: ол зерттеуге қажет қасиеттерді ғана қарапайым әрі түсінікті түрде көрсетеді.

Модельдеу не үшін қажет?

  • Түпнұсқа нақты уақытта қолжетімсіз болуы немесе табиғатта мүлде болмауы мүмкін.
  • Түпнұсқаның қасиеттері мен байланыстары өте көп болуы мүмкін; бізге оның белгілі бір бөлігі ғана қажет болады.

Модельдеу кезеңдері

  1. Есептің қойылымы
  2. Модельді құру
  3. Компьютерлік модель
  4. Нәтижені талдау

Нәтижені талдау кезінде алынған қорытындының мақсатқа сәйкес келуі/келмеуі анықталады. Табылған қате де маңызды нәтиже болып саналады: ол модельді жақсартуға мүмкіндік береді.

Зерттеу мақсаттарының мысалдары

  • Қоршаған ортаны танып-білу
  • Берілген қасиет бойынша нысан құрастыру
  • Әсердің нысанға тигізетін салдарын болжау
  • Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару

Бейнематериал

Модель туралы қысқаша бейнебаян көрсету (ұғымдарды нақтылау және қызығушылықты арттыру).

Сергіту сәті

«Сыйлық табыстау» ойыны: оқушылар бір-біріне қимыл арқылы «сыйлық береді», кейін ол сыйлықтың не екенін табады.

Жаңа сөздер

Қазақша
Русский
English
модель
модель
model
пішін
макет
layout
нысан
объект
an object
ауызша
вербальный
verbal

IV. Жаңа сабақты пысықтау (10 мин)

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс: SketchUp бағдарламасында үйдің 3D моделін құрастыру.

Тапсырма 1 — 1-деңгей

  1. SketchUp бағдарламасын іске қосыңыз.
  2. Құралдар көмегімен үйдің макетін құрыңыз (автофигуралар мен сызықтарды қолданыңыз).
  3. Қажет командалар: Көшіру, Жылжыту, Түрлендіру, Бұру, Айна, Топтау, Кірістіру.
  4. Жұмысты «Менің үйім.doc» атауымен сақтаңыз.

Тапсырма 1 — 2-деңгей

  1. SketchUp бағдарламасын іске қосыңыз.
  2. Құралдардың көмегімен үй макетін құрыңыз.
  3. Жұмысты «Үйшік» атауымен сақтаңыз.

Тапсырма 3 — 3-деңгей

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс: жүк машинасының моделін құрастыру.

  1. Үлгі бойынша жүк машинасының суретін салыңыз (өшіргіш құралын қолданыңыз).
  2. Қандай құралдарды қолданғаныңызды атаңыз.
  3. Қандай элементтерді пайдаланғаныңызды түсіндіріңіз.
  4. Мәтін енгізу өрісіне «Молоко» сөзін енгізіңіз.
  5. Жұмысты «Жүк машина» атауымен сақтаңыз.

V. Бекіту және қорытындылау (10 мин)

Әр топқа «постер» әдісі бойынша тақырып беріледі. Оқушылар өз жұмыстарын қорғайды.

1-топ

«Болашақ Қазақстан» тақырыбы бойынша модель жасап, қорғау.

2-топ

«Болашақ мектеп» тақырыбы бойынша модель жасап, қорғау.

3-топ

«Болашақ оқушы» тақырыбы бойынша модель жасап, қорғау.

«Аквариум» әдісі

Екі топ шеңбер жасап тұрып, қорғаған топқа бүгінгі сабақ бойынша сұрақтар қояды. Мақсат — ұғымдарды нақтылау және дәлелді жауап беруге үйрету.

VI. Бағалау (2 мин)

Тест нәтижелері, практикалық жұмыс және топтық қорғау бойынша бағалау жүргізіледі.

VII. Үй тапсырмасы (1 мин)

Оқу

§13 оқу: «Компьютерлік модельдеу».

Практика

Кез келген объектінің материалдық моделін құрып келу.