Ақсақ киік өлеңін мәнерлеп оқу
Қысқа мерзімді жоспар (Қазақ әдебиеті, 5-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Сәкен Сейфуллин. «Ақсақ киік»
Сабақтың мақсаты
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алу; «Ақсақ киік» өлеңінің мазмұны мен идеясын түсіну.
Дереккөздер
- •Оқулық
- •Ғаламтор материалдары
- •Әдебиет порталы
Күтілетін нәтиже
- Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет біледі.
- «Ақсақ киік» өлеңін мазмұны, идеясы, негізгі ойы тұрғысынан талдай алады.
Сабақта қолданылатын тәсілдер
Топқа бөлу
Оқушылар суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.
Қосымша материалмен жұмыс
Оқулық пен ғаламтордан дерек жинау, түсініксіз сөздердің мағынасын анықтау, топтық қорғау.
Түсініксіз сөздер сөздігі
- Сегіз көштік
- Ұзындық өлшемі.
- Таң
- Жануардың әсем, сұлу мүсіні.
- Қос
- Шатыр, күрке.
- Бетеге
- Шөп атауы.
- Киік
- Киіктің аталығы (теке).
- Бөкен
- Киіктің аналығы (ешкі).
Сабақтың барысы
1) Білу
Мұғалім әрекеті
- •Топқа бөледі.
- •Оқулық пен ғаламтордан Сәкен туралы ақпарат қарастыруды тапсырады.
- •Қосымша материалдар ұсынады.
Оқушы әрекеті (топтық жұмыс)
I топ
Сәкеннің туған ортасы мен шығармашылығы; «Ақсақ киік» өлеңі.
II топ
Қызыл кітап туралы; «Ақсақ киік» өлеңі.
III топ
Киіктер туралы; «Ақсақ киік» өлеңі.
2) Түсіну
Мұғалім әрекеті
- •Қосымша сұрақтар қояды.
- •Оқушылар жауабын толықтырып, нақты ақпарат береді.
- •Әр топ өз тақырыбын қорғауын ұйымдастырады.
Қосымша мәлімет (киік туралы)
- •Ғылыми атауы: Saiga tatarica.
- •Төлі: құралай.
- •Мүйізінен пантокрин дәрісі жасалады.
- •Еті деликатес саналады.
- •Терісінен аса бағалы былғары жасалады.
- •Жаулары: қасқыр, түлкі, шибөрі, бүркіт, қыран.
- •Адамдар етi мен мүйізі үшін киікті аяусыз аулаған.
Атаулары (әр халықта)
Қазақтар: ақбөкен, бөкен, киік, ақ киік
Өзбектер: сайғақ
Түркімендер: кейік
Түріктер: ақ құйрық
Қалмақтар: бухин
Моңғолдар: бухен
Тарихи деректер
- •1921 жылы киікті аулауға тыйым салынды.
- •1957–1958 жылдары киік саны 2 миллионнан асты.
- •Көбеюі ауыл және егін шаруашылығына шығын келтіргендіктен, саны реттеліп, кәсіптік аулауға рұқсат берілді.
Сипаттамасы
- •Текенің дене тұрқы: 126–150 см, салмағы: 37–60 кг.
- •Ешкінің дене тұрқы: 109–130 см, салмағы: 25–40 кг.
- •Жүгіру жылдамдығы 70 км/сағ-қа дейін жетеді.
Сергіту сәті (ауызша есеп)
Есеп:
Егер киіктің жылдамдығы 70 км/сағ болса, ол 2 сағат ішінде қанша қашықтық жүгіреді?
Формула: s = v × t (мұндағы s — жол, v — жылдамдық, t — уақыт)
3) Қолдану (ой толғау)
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, ой толғау жазыңыз:
- 1.Ботадай көздері жәудіреген
- 2.Адамның баласынан кем көрмедім
- 3.Тар жол, тайғақ кешкен ақын
- 4.Даламның бір бөлшегі
4) Талдау
- •Оқушылар жазған жұмыстарын оқиды.
- •Сыныптастарының жұмысына пікір білдіреді, толықтыру енгізеді.
5) Жинақтау
Мұғалім сабақ тақырыбы бойынша алдын ала дайындалған сұрақтарды қояды. Оқушылар бүгінгі алған білімдерін қолдана отырып жауап береді.
6) Бағалау
Суммативті бағалау
Бағалау парақтары арқылы оқушылар өз-өзін бағалайды.
Кері байланыс (рефлексия)
Оқушылар кері байланыс парақшаларын толтырады.
Оқуға арналған тапсырма
- •«Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқу.
- •Сәкен Сейфуллин туралы қосымша мәлімет іздеп келу.