Менің добым

Сабақтың тақырыбы

Тәуелдік жалғау. Оңаша және ортақ тәуелдеулер.

Жалпы мақсаты

Оңаша және ортақ тәуелдеу жалғауларының ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Оқу нәтижесі

  • Тәуелдей алады және жаңа пікір ұсына алады.
  • Мысал келтіреді, тәуелдеуді түрлендіреді.
  • Жалғауларды өзара салыстырады.

Міндеттері

  • Алған білімді өмірде қолдану.
  • Өздігінен шешім қабылдап, жұмыс істеу.
  • Тапсырманы ұқыпты орындау және өз бетінше іздену.

Сабақта қолданылатын модульдер

  • Білім беруде АКТ-ны пайдалану.
  • Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
  • Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Әдіс-тәсілдер мен стратегиялар

Сергіту сәті «Қозғалмаңыз, қатып қалыңыз» Ой шақыру Болжау Жұптасып суреттеу «Ойлан, Бірік, Бөліс» Семантикалық карта Кубизм Рефлексия (өзін-өзі бағалау) «Торкөзді талқылау»

Сабақ барысы: мұғалім жазбалары

I. Кіріспе бөлім

5 минут

Көңіл күй ахуалы (тренинг): «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі»

Ойын ережесі: Шеңбердегі қатысушылар өздерінің бір жағымсыз қасиетін атайды. Содан кейін оны қағазға жазып, қағазды умаждап, ортаға лақтырады.

Сергіту өлеңі

Біз билейміз тратата, тратата,

Біздің биіміз ляпота, ляпота.

Менің құлағым әдемі,

Ал көршімнің құлағы одан да әдемі.

Біз билейміз тратата, тратата,

Біздің биіміз ляпота, ляпота.

Менің мойным әдемі,

Ал көршімдікі одан да әдемі.

Иық, шынтақ, қол, аяқ.

Мұғалім сұрағы: «Балалар, көңіл күй қандай? Көтеріңкі ме?» Содан соң сабаққа назар аударту: еріншектік мінезді тастап, бір-бірімізге демеу болып, сыйластықты сақтау.

II. Топқа бөліну

Бүгінгі топқа бөліну оқу тоқсанынан кейінгі каникулмен, яғни демалыс мерзімдерімен байланысты. Сұрақ: «Жылдың қай мезгілдерінде каникулға шығамыз?»

III. Өткен сабақты қайталау

7 минут

Стратегия: «Қозғалмаңыз, қатып қалыңыз»

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге бөлініп, шеңбер бойымен қозғалады. «Қозғалмаңыз, қатып қалыңыз» деген белгі берілгенде, ішкі шеңбердегі оқушылар сыртқы шеңбердегілерге сұрақ қояды, сыртқы шеңбердегілер жауап береді. Кейін рөлдер ауысып, сұрақ-жауап жалғасады.

IV. Ой шақыру

5 минут

Тапсырма: «Иелік ету» сөзінің синонимдерін атау

Мысалы: меншіктеу, тәуелдеу, иелену, жекеменшіктеу, өзіне алу және т.б.

Сұрақ: «Осы сөздердің ішінде жалғаудың түріне қатыстысы қайсы?» Жауап: тәуелдік жалғау.

Слайдпен жұмыс (мысалдар)

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Бірдің тәжірибесі — көптің игілігі.

Байлықтың атасы — еңбек, анасы — жер.

Талдау: сөйлемдерден тәуелдік жалғауы бар сөздерді алып тастап қолдансақ, сөздер байланысы бұзылып, сөйлемнің үйлесімі мен қисыны әлсірейді.

V. Мағынаны тану

5 минут

Тәуелдік жалғау — әдетте бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша болғанымен, зат есім қызметін атқаратын (заттанатын) сөздердің бәріне де жалғана береді.

Мысалдар: әкем, дәптерім.

Грамматикалық тақырып: тәуелдік жалғау (оңаша және ортақ тәуелдеу)

Оңаша тәуелдеу

Жақ Жекеше жалғау Мысал (жекеше) Көпше мысал
I жақ -м, -ым, -ім менің добым доптарым
II жақ -ң, -ың, -ің сенің добың доптарың
II жақ (сыпайы) -ыңыз, -іңіз Сіздің добыңыз доптарыңыз
III жақ -сы, -сі, -ы, -і оның добы доптары

Ортақ тәуелдеу

Жақ Жекеше/көпше жалғау Мысал (жекеше) Мысал (көпше)
I жақ -мыз, -міз, -ымыз, -іміз біздің кемеміз біздердің кемелеріміз
II жақ -ың, -ің; -дарың/-дерің, -ларың/-лерің сендердің кемең кемелерің
II жақ (сыпайы) -тарыңыз/-теріңіз; -дарыңыз/-деріңіз; -ларыңыз/-леріңіз сіздердің кемеңіз кемелеріңіз
III жақ -сы, -сі, -ы, -і олардың кемесі кемелері

Ескерту: тәуелдік жалғауларын таңдағанда сөздің дыбыстық ерекшелігі (жуан/жіңішке) мен сөйлемдегі мағынасы назарға алынады.