Бүгінгі сабаққа осы мультфильмнің қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар
Сабақтың мақсаты
- Мультфильм арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтауға үйрету.
- Автор туралы мәлімет алуға көмектесу, мәтінмен жұмыс жасауға, мәтіннің негізгі ойын өз бетінше табуға, сыни ойлауға және сұрақ қоя білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар мультфильм арқылы сабақ тақырыбын анықтай алады, өз ойын ортада жеткізеді, сұрақ қояды және сұраққа нақты жауап береді.
Түйінді идея
Жақсылық жасау — жақсы адамның ісі.
Сабақтың кезеңдері
I. Кіріспе бөлім
Ынтымақтастық орта қалыптастыру
«Менің көңіл-күйім…» әдісі: оқушылар өз көңіл-күйін сипаттап айтады.
Мысал:
«Менің бүгінгі көңіл-күйім жарқыраған күнге тең.»
Топқа бөлу
Мақал-мәтелдер арқылы 3 топқа бөлу.
1-топ: Ақылдылар
«Айдынды жақсы аймен тең, жомарт жігіт баймен тең.»
2-топ: Мырзалар
«Биік төбеге шықсаң көзің ашылады. Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.»
3-топ: Мейірімділер
«Жақсылық жасасаң, жасыр. Жақсылық көрсең, асыр.»
Сынып ережесі және үй тапсырмасы
- «Алтын ереже» құру.
- Үй тапсырмасын тексеру: «Сәлем, бұл мен…»
- Қорытындылау: «Ойлан, тап!» бағдарламасы.
II. Тұсаукесер
«Ойлан, тап!» бағдарламасын жалғастырамыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көрейік:
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін.
Миға шабуыл: «Алтын қарбыз» мультфильмі
Мультфильмді тамашалау арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз және негізгі ойды анықтаймыз.
Блум таксономиясы бойынша сұрақтар
- Мультфильмнен нені байқадыңдар?
- Неліктен бүркіт жақсылық жасады?
- Жігіт барлық алтынды неге таратты? Ол қандай адам?
- Осы мультфильмге қандай мақал-мәтел сай келеді?
- Мультфильмнің бүгінгі сабақпен байланысы қандай?
Қорытынды ой:
Нағыз адам — мейірімді, қайырымды, жақсылық жасайтын жан.
III. Негізгі бөлім
Автор туралы қысқаша мәлімет
Василий Сухомлинский 1918 жылы 28 қыркүйекте Херсон губерниясы, Александр уезінде дүниеге келген. Қарапайым отбасында тәрбиеленген. 1936 жылы Полтава педагогикалық институтын бітіріп, орта мектептерде мұғалім болып жұмыс істеген. Сухомлинский — педагог-жазушы. Оның «Ұлыма хат», «Ата-аналар педагогикасы» сияқты еңбектері бар.
Бүгінгі мәтіннің тақырыбы
Бүгін біз «Нағыз адам» тақырыбындағы әңгімемен танысамыз. Автор — В. Сухомлинский.
Негізгі бағыт
Адамның адамдығы — сөзінде емес, ісінде.
«Нағыз адам» әңгімесі (ықшамдалған мазмұн)
Аптап ыстық. Қуаң даладағы жалғыз үйдің жанында құдық бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады. Құдық басында ұзын арқанға байланған шелек тұратын. Жолаушылар құдықтан су ішіп, атасына алғыс айтатын.
Бірде арқан үзіліп, шелек терең құдық түбіне түсіп кетеді. Атаның басқа шелегі болмайды, су тартуға ыдыс табылмай қалады.
Бірінші жолаушы
Арбасындағы шелегі көрініп тұрса да, құдыққа қарап, атасы мен немересіне көз тастап, тоқтамай өтіп кетеді.
Атаның бағасы:
«Бұл — адам емес.»
Екінші жолаушы
Шелегін алып, арқанға байлап су тартады. Өзі ішеді, ата мен немереге де су береді. Бірақ қалған суды құмға төгіп, шелегін қайта алып кетеді.
Атаның бағасы:
«Мұны да әлі адам деуге болмайды.»
Үшінші жолаушы
Су тартып, шөлін қандырады, алғысын айтып кетеді. Ең маңыздысы — шелегін құдық басында арқанға байланған күйі қалдырады.
Атаның бағасы:
«Міне, бұл — нағыз адам.»
Талқылауға арналған сұрақтар
1-топқа
Неліктен атасы бірінші келген кісіге «Бұл — адам емес» деді?
2-топқа
Неліктен атасы екінші кісіге «Мұны да әлі адам деуге болмайды» деп жауап берді?
3-топқа
Неліктен атасы соңғы адамды «Нағыз адам» деп санады?
Қосымша сұрақтар
- Бірінші адам неліктен су ішпей кетіп қалды?
- Екінші адам неліктен шелегін қалдырмады?
- Үшінші адам неліктен шелегін қалдырып кетті?
Шығармашылық тапсырмалар
1-топ
Рөлге бөліп сахналау.
2-топ
Венн диаграммасын жасау.
3-топ
РАФТ әдісі:
Р — рөл: бала
А — аудитория: құдықтан су алған кісі
Ф — форма: алғыс хат
Т — тақырып: «Сіз — нағыз адамсыз»
Сергіту сәті
«Буги-буги» биі арқылы сергіту.
Қорытынды
Еркін жазу
«Мен — нағыз адаммын» тақырыбында шағын эссе жазу.
Өмірлік ұстаным
Қамқорлық жасауды үйрен. Шамаң келсе, көмектес.
Қосымша әңгіме: жақсылықтың үлгісі
Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның анасы Бегім жыл сайын бір тайыншаны өзі бағып, қыстай жем-шөбін беріп, қорасын тазалап семіртеді екен. Күзде қалаға бара жатқан адамдарға қосып жіберіп, тайыншаны саттырып, ақшасына мата алғызады. Сол матадан ауылдағы жоқ-жітік, кедей, жетім балаларға өз қолымен көйлек, киім тігіп, таратып отырған.
Дереккөз: В. Сухомлинский, «Нағыз адам».