Ешкі төлі лақ
Халқымыздың төрт түлігі
Бабаларымыз төрт түлікке ерекше мән берген. Ол — әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі. Қымыз — ем, ал мал — ағайын-туыспен жасайтын алыс-берістің де, тұрмыстың да тірегі болған. Сондықтан қазақ үшін төрт түлік — аса қымбат қазына.
Қазақ қай жерде кездессе де, бірін-бірі танысын не танымасын, «Мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Бұл сөздің астарында тұрмысқа қажет байлықты ғана емес, береке мен тыныштықты да тілеген ниет жатыр.
Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған. Олар төрт түліктің бабын тауып бағып-күтудің жолын, қасиеті мен ерекшелігін жақсы біліп, тәжірибемен шыңдаған.
Малдың пірлері (ие-аталары)
-
ҚойШопаната
-
ЖылқыҚамбарата
-
ЕшкіСексеката
-
ТүйеОйсылқара
-
СиырЗеңгібаба
Төлді қалай шақырады?
Төрт түліктің төлін шақыруға арналған дәстүрлі сөздер қазақтың тұрмыс-тіршілігімен бірге қалыптасқан. Әр төлдің өзіне тән шақыруы бар.
«Пұшайт, пұшайт!»
«Шөре, шөре!»
«Құрау, құрау!»
«Аухау, аухау!»