Балалар елбасшымызға арнап тақпағымызды айтайықшы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы

Елін сүйген Президент

Бағыты

  • Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, жапсыру
  • Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық

Мақсаты

  • Балаларды еліміздің Президентімен және мемлекеттік рәміздермен таныстыру.
  • Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.

Көрнекіліктер

Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап, мадақтау.

Мотивациялық кезең

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады. Балалармен амандасып, келген қонақтармен сәлемдесуді ұсынады.

Сәлемдесу өлеңі

Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз.

Негізгі бөлім

Президент туралы әңгіме

Тәрбиеші балалардың назарын көгілдір экранға аударып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы әңгімелейді. Елбасының Астана қаласында тұратынын, ал жұмыс орны Ақорда екенін түсіндіреді.

Астана

Еліміздің елордасы.

Ақорда

Президенттің жұмыс орны.

Президентке арналған тақпақтар

Ағайша

Елбасымыз — Нұр аға, Салғызған алтын орда. Көркейткен елін қазақтың, Көрсетпей өмір азабын.

Бекнұр

Қазақ елі — Қазақстан, Болашаққа үн қосқан. Жақсы күнге жетелеп, Елбасым менің — Нұрсұлтан.

Бек

Жасай бер, қазағым! Жасай бер, Елбасым!

Меруерт

Елімнің елбасшысы — Нұрсұлтан атамыз аман болсын!

Отан туралы тақпақтар мен мақал-мәтелдер

Нұрдос

Қуат алған өзінен, Туған елдің ұлымын. Бақытты етіп өсірген — Отанымның гүлімін.

Фариза

Отан — оттан да ыстық.

Бағым

Отан — елдің анасы.

Нұрдәулет

Отан — қуат, отбасы — шуақ.

Бағдәулет

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Тіл және рәміздер туралы кіріспе

Тәрбиеші әр елдің өз рәміздері және өз ана тілі болатынын атап өтеді. Балалардан қай тілде сөйлейтіндерін сұрап, рәміздерді экран арқылы тамашалауға шақырады.

Назар аударайық

  • Мемлекеттік Әнұран
  • Елтаңба
  • Ту

Мемлекеттік рәміздердің мәні

Әнұран

Ел бірлігін, рухын көтеретін қасиетті ән.

Елтаңба

  • Ортасындағы шаңырақ — біртұтастықтың белгісі.
  • Екі жақтағы қанатты тұлпар — биік мақсат пен мәңгілік өмірді бейнелейді.
  • Бес жұлдыз — жарқын болашақтың нышаны.
  • «Қазақстан» жазуы — ел атауы мен ұлттық болмысты білдіреді.

Ту

  • Көк түс — бейбітшілік, адалдық пен тазалықтың белгісі.
  • Күн — жарқын болашақтың нышаны.
  • Қалықтаған қыран — еркіндік пен қырағылықты бейнелейді.
  • Ою-өрнек — қазақтың ұлттық нақышын көрсетеді.
  • Сары түс — молшылықтың белгісі.

Рәміздер туралы тақпақтар

Айару

Көк аспандай көкпеңбек — Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен-тек — Елдің ашық қабағы.

Аян

Елтаңбасы елімнің — Неткен айбат, әдемі! Тұнығындай көңілдің — Ортада аспан әлемі.

Зере

Құт-береке — шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ Екі жақтан көмкерген.

Кәмила

Тәуелсіздік жолында Талай-талай тер тамған. Билігім өз қолымда, Еркіндігім — елтаңбам.

Аяна

Көк аспанда нұрлы күн Күлімдейді далама. Бақыт тілеп тұр бүгін Ол барлық пәк балаға.

Дидактикалық ойын: «Не жетіспейді?»

Ойын шарты

Тәрбиеші балаларға тудың суретін көрсетеді. Балалар тудың ортасында жетіспей тұрған бөлікті табады да, оны жабыстырып толықтырады.

Мақсаты

Шығармашылыққа баулу, жылдамдықты дамыту.

Нәтиже

Балалар күнді жабыстырып, туды толықтырады.

Бекіту сұрақтары

  • Біз нені жабыстырдық?
  • Күннің түсі қандай?
  • Күннің пішіні қандай?
  • Тудың түсі қандай?

Жауап үлгісі

Күнді жабыстырдық.

Түстер мен пішін

Күн — сары, домалақ. Ту — көк.

Сергіту сәті

  • Елбасымыз кім?
  • Елбасымыздың жұмыс орны қалай аталады?
  • Біз қай елде тұрамыз?
  • Біз бүгін не жабыстырдық?

Қорытынды бөлім

Сабақ соңында балалар көгілдір экран арқылы Елбасына арналған «Нұр-аға» әнін орындайды. Тәрбиеші балаларды мадақтап, еліміз тыныш, көк туымыз мәңгі желбірей беруін тілейді. Қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже: білуі керек

Елбасын және Президент күнін.

Күтілетін нәтиже: үйренуі керек

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді.

Автор туралы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасы.

Тәрбиеші

Көшербаева Ақтоты

ІІ санатты тәрбиеші