Жарайсың кемпірім
№12 балабақша • І сәбилер “Балапан” тобы • Тәрбиеші: Сарыбаева С. Ш.
Бұл мәтін — “Кел, кел, Жаңа жыл!” атты ертеңгіліктің сценарийі. Зал мерекеге сай безендірілген: ортада әсем шырша. Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Көрініс: Мерекелік зал және балалардың кіріп келуі
Жүргізуші
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
“Жаңа жылмен құттықтаймын!” деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне, сұлу шыршамыз —
Көптен күтіп, сағынған.
Келіңдер, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер!
Жүргізуші (сұрақ-жауап)
Балалар, қараңдаршы, зал қандай әсем безендірілген! Ортада шыршамыз тұр.
Айтыңдаршы, балалар, шырша қандай? Үлкен бе, кішкентай ма?
Балалар:
Үлкен.
Шыршамыз үлкен әрі әдемі екен. Ал шыршада нелер ілулі тұр?
Балалар:
Ойыншықтар.
Дұрыс айтасыңдар. Балалар, тыңдаңдаршы — бір дыбыс естіледі.
Ақшақардың келуі және шыршаның шамын жағу
Ақшақар
Армысыңдар, ата-аналар!
Бармысыңдар, балалар?
Адал ниет, ақ тілек —
Аппақ қардан таралар.
Сезді менің жүрегім,
Күттіңдер бізді — білемін.
Алып келген алыс жерден
Аяз ата — тірегім.
Бақыт келсін әр үйге,
Әніңді сал, би биле.
Көңілдерді керемет
Бөлеңдерші бір күйге.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ой, шыршаларың қандай керемет!
Бірақ шыршаға бірдеңе жетіспей тұрған сияқты...
А-а-а! Шыршаның шамы жағылмаған екен ғой! Ендеше, бәріміз бірге шыршаның шамын жағайық. Ол үшін бәріміз бірдей: “Шырша, шырша, таңырқат! Шамдарыңды жарқырат!” — деп айтайық.
Сахналық әрекет:
Ақшақар сиқырлы таяқшамен шыршаның шамын жағады.
Ақшақар (өлең)
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болып қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Жауса жаусын, ақша қар,
Гүлдене бер, бақшалар!
Сахналық әрекет:
“Қар жауғызу” көрінісі орындалады.
Жүргізуші
Ақшақар, енді біздің қыздарымыздың сізге арнаған биін тамашалап көрейік.
Би:
“Ақшақарлар биі”.
Ертегі желісі: Шал, кемпір және бауырсақ
Шал
Сәлеметсіңдер ме, балалар, қадірменді қонақтар! Мен бір өте әдемі жерге келген сияқтымын!
Шыршаларың қандай тамаша! Бірақ менің қарным қатты ашып тұр.
Менің кемпірімді көрген жан бар ма?
Кемпірім, кемпірім, маған тездетіп бауырсақ пісіріп берші — шыдай алар емеспін!
Кемпір
Үйде ұн жоқ, дала суық… Енді саған не берсем екен?
Шал
Қамбаны қара, қалған ұнды жина.
Оны қаймаққа шыла да,
Маған балдай тәтті бауырсақ пісіріп берші!
Кемпір
Жарайды, қоймадың ғой.
Шал
Кемпірім-ау, бауырсағың не болды?
Кемпір
Көп бауырсақ пісіріп, терезенің алдына суытып қойдым.
Шал
Жарайсың, кемпірім! Мына күннің аязында қарнымыз бір тоятын болды ғой.
Сахналық әрекет:
Осы сәтте балалар шыршаны айнала тұрады. Шал мен кемпір бауырсақтарды іздеп, таппай қалады.
Аю
О-о-о! У-у-у! Мұнда не деген сап-сары бауырсақтар!
Аязда қарным ашып келе жатқанда, жақсы болды ғой!
Тәп-тәтті бауырсақтар, бауырсақтар — мен сендерді жеймін!
Жүргізуші
Аю ата, сәл сабыр етіңіз. Бауырсақтарды жемес бұрын, алдымен балалардың өнерін тамашалап көріңіз.
Аю
Өнерлерің болса, тамашалайық.
Ән:
“Шырша әні”.