Түргеш қағанатының орталығы

Түргеш қағанаты (704 - 756 жылдар)
Конспект
Түргеш қағанаты 704 - 756 жылдар аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы – Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан Бесбалық, Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды. Алғашқы қағаны – Үшлік. Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген.
Сұлу қаған кезінде үш жақты күрес жүрді. Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді, екіншіден, шығыста Қытай қауіп төндірді. Үшіншіден, Шығыс Түрік қағанаты Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сұлу қаған шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық жолмен шешуге тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “Сүзеген”, “Мүйізді қаған” деп ат қойған. 751 жылы түргештер Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар және қарлұқтармен бірлесіп, қытай әскеріне күйрете соққы берді. Қытайлардың аман қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Алайда жікке бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды пайдаланған қарлұқ көсемдері 756 жылы Түргеш қағанатын құлатып, билікті өз қолдарына алды.
Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды.

Конспект сұрақтар
1. Соғдылықтардың Жетісуға көптеп келе бастаған уақыты:
2. Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық:
3. Түргеш теңгелері соғылған қала:
4. Түргештерде шаруашылықтағы негізгі мәселенің бірі:
5. Түргеш қағанаты құлады:
6. Атлах шайқасында бірігіп шайқасты:
7. 748 жылы Суябты жаулап алды:
8. Сұлудың орнына келген қаған:
9. Соғды жерінен арабтар қуып шығарылды:
10. Арабтардың Сұлу қағанға қойған аты:
11. Сұлу қағанның Тоқарстандағы арабтарды жеңген жылы:
12. Сұлу қағанның шығыстағы жағдайды жақсартуда қолданған тәсілдері:
13. Орданы Суябтан Талас қаласына көшірген қаған:
14. Түргештер туралы алғашқы деректер:
15. Түргеш қағанатының негізгі жер аумағы:
16. Түргеш қағанатының орталығы:
17. “Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ” – деп жазған ғалым:
18. Түргеш мемлекетінің әлсіреуі нәтижесінде …… жылы Қарлұқ қағанаты құрылды:
19. Үшлік хан қай мемлекеттің қағаны болған:
20. Араб басқыншыларына қарсы шайқаста Сұлу қаған бірлескен ел:
Тақырыптың тесті



Ұқсас жұмыстар

Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары
Түргеш қағандығының территориясы, орталығы
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар
Түрік тектес түргеш тайпалары
Түркеш және қарлұқ қағанаттары
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Түрік қағанаты туралы
Түргеш қағанатының саяси тарихы
Көне түрік, Батыс түрiк, Түргеш қағанаттары
Қаржы орталығы мен Қазақстан бағалы қағаздар нарығы Институционалды экономика
Капитализмнің үш жетекші орталығы
Маркетингті – сараптамалық зерттеулер орталығы
Қостанай - Қостанай облысының әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы
Бүгінгі күнде Жас өркен баспасөз орталығының тілшілерінің жұмыстары қала, облыс көлеміне танымал
Менің елімнің орталығы - Астана қаласы
Орал қаласы - Батыс Қазақстан облысының орталығы
Ақтау - Маңғыстау облысының орталығы (1973 - 88 жылдары және 1990 жылдан), қала, теңіз және әуе порты
Бүгін ауыл орталығында ауданның бірінші хатшысы жиналыс өткізбек
Алматы қаласы - Алматы облысының орталығы, республикалық мәртебесі бар қала