Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері
Сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Пән / сынып
Қазақ тілі, 9-сынып
Сабақ тақырыбы
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір
Жалпы мақсат
Оқушылардың үтір қоюға қатысты дағдыларын жетілдіру және өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Сөйлем құрамында кездесетін тыныс белгілерінің қызметі мен қолданылу орнын, сондай-ақ үтірді қоюдағы негізгі принциптерді жүйелі түрде меңгерту.
Үтірдің қай жерлерде және не үшін қойылатынын, оны дұрыс қою үшін қандай тілдік белгілерді тану керектігін түсіндіру.
Қолданылу аясы
Мәтіндерде, оқулықтарда және күнделікті жазба жұмыстарында қолданылады.
Негізгі қызметі
Айтылған ойды екіұшты етпей, дәл әрі түсінікті жеткізу.
Қосымша қызметі
Оқу барысында сезім күйін, кідірісті, ым-ишара арқылы аңғарылатын реңкті білдіруге көмектесу.
Оқу нәтижелері
Дағдылар
- Топта және жұпта жұмыс істей алады.
- Диалог құрастырып, бір-біріне нақты әрі дұрыс сұрақ қоя алады.
Ойлау әрекеті
Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі жоғары тапсырмаларды шешуде дербес ойлауға мүмкіндік беріледі.
Негізгі идеялар
- Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмыс арқылы бағыттау.
- Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.
Ресурстар мен әдістер
Сабақта қолданылатын ресурстар
- Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар
- Сергітуге арналған үнтаспа
- Тыныс белгілеріне арналған демонстрациялық материал
Оқыту әдістері
- Сыни тұрғыдан ойлау
- Топтық жұмыс және диалогтік оқыту
- Интерактивті оқыту
- Оқыту үшін бағалау
Ұйымдастыру формалары
1. Жеке жұмыс
2. Топтық жұмыс
3. Жұптық жұмыс
4. Көшбасшылықты анықтауға арналған тренинг ойыны
Сабақ мазмұны (Білу → Түсіну → Қолдану → Талдау → Жинақтау)
Білу
Сөйлем ішінде мағынасын нақтылауды қажет ететін қаратпа сөздер, қыстырма сөздер, одағайлар, төл сөздер, сондай-ақ бірыңғай және айқындауыш мүшелер кездеседі. Оларды сөйлем ішінде дұрыс ажырата білу маңызды.
Түсіну
Слайд арқылы жаңа тақырып түсіндіріледі: сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады. Үтір қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер, бірыңғай және айқындауыш мүшелер қатысқан сөйлемдерде қойылады.
Қолдану
Төмендегі сөйлемдерден үтірдің қойылған орындарын анықтап, оның себебін түсіндіріңіз.
Қазыбек, бір қолың ұрыс бастаса, екінші қолың арашашы болсын.
Ойбай, білсем Құдай ұрсын, — деп Зейнеп те әзілдей жауап берді.
Сен, Еменәлі, бір кезде алды-артына қарамайтын сотқар болып едің.
Әли, менің ойымша, мемлекет отбасынан басталады.
Талдау
Сергіту сәті және қысқаша шолу: тыныс белгілері және оларды қолдану жөнінде С. Жиенбаев, Ә. Хасенов, Ф. Мұсабекова, Р. Сыздықова және басқа ғалымдардың еңбектері жарияланған.
Жинақтау
Жетекші сұрақтар арқылы оқушылардың алған білімін бекіту: сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілердің ерекшелеуші қызметін және үтірдің қойылу жағдайларын жинақтап айту.
Қорытынды идея
Үтір — сөйлемдегі ойдың құрылымын айқындап, мағынаны нақтылайтын маңызды тыныс белгісі. Оны дұрыс қою үшін сөйлемдегі оқшау сөздер мен мүшелерді тану және олардың қызметін түсіну қажет.