Мамандықтардың ерекшеліктері
Сабақ барысы: «Болашақ мамандық»
Бұл сабақтың өзегі — оқушының өзін тануы, мүмкіндігін бағалауы және заман талабына сай мамандық таңдауға бағыт алуы. Төмендегі құрылым оқу үдерісін жинақы, белсенді және қызықты етуге көмектеседі.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сабаққа дайындықты тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
- Тамақ өнеркәсібі салаларын атаңдар.
- Жеңіл өнеркәсіпке қандай салалар жатады?
- Сауда саласындағы мамандықтарды атаңдар.
- Ауыл шаруашылығы салаларын атаңдар.
- Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығына байланысты қандай мамандықтарды білесіңдер?
III. Жаңа сабақ
Тақырыптық ой-толғау
Кім болам?
Ақын болсам — тіл керек.
Шешен болсам — шеберлік керек.
Ғалым болсам — ой керек.
Маман болсам — білік керек.
Палуан болсам — білек керек.
Бәріне негіз болар — білім керек.
Топтық жұмыс
1-топ
«Мен таңдайтын мамандық» — плакатқа түсіріп, қорғау.
Топтық жұмыс
2-топ
«Қай мамандық түрі осы заман талабына сай?» — дәлелдермен қорғау.
Топтық жұмыс
3-топ
«Мамандықтардың ерекшеліктері» — мысалдармен нақтылау.
Практикалық тапсырмалар
«Тігінші» тапсырмасы
Суреттегі заттардың атауын жазыңдар: бұрғы, сүргі, қайрақ.
«Доп + мамандық» ойыны
Барлық оқушы орындарынан тұрады. Доп лақтыру арқылы кезекпен мамандық атаңдар.
- Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды.
- Допты қолда 3 секундтан артық ұстамау керек.
«Музыкант» тапсырмасы
«Кімге не керек?» — берілген суреттер мен құралдарды мамандықтармен сәйкестендіріңдер (сиқырлы кесте).
Сипаттама бойынша мамандықты тап
Оқушыларға мінездеме беріледі, сол сипаттамаға қай мамандық сәйкес келетінін айтады:
Ең табысты: бухгалтер, экономист
Ең «жасыл»: эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші
Ең тәтті: аспаз, кондитер
Ең күлкілі: клоун, карикатурашы
Ең жауапты: судья, бухгалтер
Ең салмақты: мұғалім, заңгер
Қарым-қатынасы күшті: бизнесмен
«Иә, бірақ та…» диалогы
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Әр жұптың бір мүшесі болашақта таңдағысы келетін мамандығын айтып, себебін дәлелдейді. Екінші ойыншы «Иә, бірақ та…» қағидасы бойынша қарсы уәж айтып, нақтылаушы сұрақ қояды. Содан кейін рөлдер ауысады.
1-оқушы
«Маған ұнайтын мамандық — …, себебі …»
2-оқушы
«Иә, бірақ та…»
Талдау кезеңінде жұптар өз ойларын, сезімдерін және қандай дәлелдердің нанымды болғанын бөліседі.
IV. Бекіту (рефлексия)
INSERT картасы
Оқушылар бүгінгі жұмысты бағалап, қысқа рефлексия жасайды:
- Сабақ несімен қызықты болды?
- Қандай жаңа мәлімет алдыңдар?
- Өздерің үшін қандай қорытынды жасадыңдар?
Сабақ барысында белсенділік танытып, мамандықтар туралы жақсы түсінік қалыптастырғандары атап өтіледі.
V. Қорытынды
Ж. Аймауытовтың сөзі сабақтың негізгі идеясын айқындайды:
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».
VI. Үй тапсырмасы
- § 46 оқу.
- Конспект жазу.
VII. Бағалау
Оқушылардың білімін бағалау сабаққа белсенді қатысуы мен сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай жүргізіледі.
Автор туралы мәлімет
Орналасқан жері
Алматы қаласы, Алмалы ауданы
Білім беру ұйымы
Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназия
Пән мұғалімі
Технология пәнінің мұғалімі — Бакелекова Динара Болатхановна