Санды өрнектерді оқы

Сабақ тақырыбы

Санды өрнек және әріпті өрнек

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру. Әріпті теңдіктерді құру, оқу және жазумен таныстыру, оларды бір-бірінен ажырата алуға үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, есеп шығару білігін тиянақтау.

Тәрбиелілік

Танымдық қабілетін дамыту.

Қажетті ресурстар мен формат

Көрнекілік

Дидактикалық материалдар.

Оқыту әдісі

Түсіндіру.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

III. Жаңа сабақ

№1. Өрнектерді ажырату

Санды өрнектерде тек сандар болады, ал әріпті өрнектерде белгісізді білдіретін әріп кездеседі.

Санды өрнектер

  • 5 + 2
  • 10 − 5
  • 3 − 2
  • 4 + 4
  • 10 − 2
  • 7 − 5
  • 10 − 0

Әріпті өрнектер

  • a + 2
  • 10 − a
  • c + 5
  • a − 0

Ескерту: әріпті өрнектің мәнін бірден таба алмаймыз. Ол үшін әріптің орнына сан қоямыз.

Мысал

10 − a

a = 2 болғанда

10 − 2 = 8

№2. Санды өрнектерді оқы. Мәндерін тап

4 + 2 = 6

8 + 2 = 10

3 + 3 = 6

5 + 3 = 8

7 − 2 = 5

9 − 2 = 7

7 − 3 = 4

9 − 3 = 6

IV. Сергіту сәті

Көк аспанға қараймын,
Кеткен құсты санаймын.
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.

V. Білімді бекіту

№3. Әріпті өрнектерді оқы

Өрнек: a − 3

a = 3 болғанда: 3 − 3 = 0

a = 4 болғанда: 4 − 3 = 1

a = 5 болғанда: 5 − 3 = 2

Өздік жұмыс: 10 − a

a = 3 болғанда: 10 − 3 = 7

a = 4 болғанда: 10 − 4 = 6

a = 5 болғанда: 10 − 5 = 5

№4. Қайсысы есеп? Есепті шығар

Сұрақ

5 пен 2 сандарының қосындысының мәні неге тең?

5 + 2 = 7

Есептің бөліктері

  • Шарты
  • Сұрағы
  • Шешуі
  • Жауабы

Мәтінді есеп

Аулада 5 тауық және олардан 2-еуі артық балапан жүр. Аулада неше балапан жүр?

Берілгені

Тауық: 5

Балапан: ?, 2-еуі артық

Шешуі

5 + 2 = 7 (балапан)

Жауабы

Аулада 7 балапан жүр.

VII. Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!

Қосымша тапсырмалар

№5. «Қай үйде тұрады?»

Логикалық тапсырма: берілген шарт бойынша дұрыс үйді анықта.

№6. Өрнектерді анықта

  • 3 + 2
  • 3 + a
  • 4 = 4

Берілген жазулардың қайсысы санды өрнек, қайсысы әріпті өрнек, ал қайсысы теңдік екенін анықта.

VIII. Сабақты қорытындылау

Қорытынды сұрақ: Біз бүгін не істеуді үйрендік?

  • Санды және әріпті өрнектерді ажыратуды.
  • Өрнектерді оқып, мәнін табуды.
  • Әріпті өрнектің мәнін әріптің орнына сан қою арқылы есептеуді.

IX. Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланады, белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}