Құбыр желісі
Ашық сабақ туралы мәлімет
Пән
«Гидравлика негіздері және аэродинамика»
Тақырып
Қазандықты сумен қамту көздері
Сабақ №
28
Сабақ типі
Жаңа сабақты меңгеру
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Оқыту әдістері
Баяндау, мәлімет беру, түсіндіру, жазба жұмыстары, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар
Мультимедиалық проекция аппараты
Пәнаралық байланыс
Физика, Жылыту жүйелері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жаңа тақырыпты меңгерту, пәнге қызығушылықты арттыру. «Қазандықты сумен қамту көздері» бойынша кең ауқымды мәлімет беру, білімді бағалау және қорытынды жасату.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту; тыңдалған материалды қайта жаңғырту арқылы пәнге қызығушылығын күшейту және білім деңгейін нығайту.
Тәрбиелік
Кәсіби бағдар беру; таңдаған мамандыққа құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру; дұрыс шешім қабылдауға баулу. Сонымен қатар шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
II. Өткен тақырып бойынша қайталау
20 минут
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
52 минут
IV. Жаңа тақырып бойынша білімді жинақтау
12 минут
V. Үй тапсырмасы
1 минут
VI. Сабақты қорытындылау
3 минут
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Өткен сабақта алған білімдеріңді қолдана отырып, ойлану және талдау арқылы тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру ұсынылады.
II. Өткен тақырып бойынша қайталау
Карточка 1
1) Құбыр дегеніміз не?
Құбыр — көлденең қимасы көбіне сақина тәріздес болып келетін, өзегі қуыс бұйым.
2) Су құбырының жұмыс істеу принципі
Су жинау үшін биік мұнараның үстіне үлкен ыдыс орнатылады. Сол ыдыстан үйлерге және тұтынушыларға қарай тармақталған құбырлар жүргізіледі. Үйдегі немесе пәтердегі құбыр ұшы шүмекпен жабылады. Шүмектегі қысым биіктігі — шүмектің биіктігі мен ыдыстағы судың еркін беті биіктігінің айырымына тең су бағанының қысымына сәйкес келеді. Мұнара әдетте елді мекеннің ең биік жеріне салынатындықтан, қысым жеткілікті деңгейде болады.
Карточка 2
1) Құбыр желісі
Құбыр желісі — сұйық және сусымалы жүктерді (мұнай, газ және т.б.) құбыр арқылы тасымалдауға арналған көлік жүйесі, сондай-ақ осы тасымалдауды қамтамасыз ететін құралдар, тетіктер және коммуникациялар жиынтығы.
2) Арынды құбыр желісі
Арынды құбыр желісі — сұйықтықты төменнен жоғарыға немесе ұзын бойымен қимасын толық толтыра отырып тасымалдауға арналған сорғы станциясының құбыр желісі. Арын құбыр бойында өзгеріп отырады. Арынды құбырлар темірден, бетоннан, болаттан, асбестцементтен, шойыннан және пластмассадан жасалады.
Карточка 3
1) Құбыр диаметрлері
15, 20, 25, 35, 40, 50, 65, 76, 100, 150.
2) Құбыр желісі неше түрге бөлінеді?
Құбыр желісі: магистральдық, жергілікті мұнай құбыры және газ құбырлары.
Тапсырма: Сөзжұмбақ
Кілт сөз
ҚҰБЫР
- Құбыр тасымалы немесе көлік құралдарының бірі? (құбыржелісі)
- Ламинарлық ағыс тәртібі қандай қозғалыс тәртібі деп аталады? (сұйықтық)
- Заттың газдық фазасы, тепе-теңдікте болатын газ тәріздес күйі? (бу)
- Кеңістіктегі уақыт бірлігінде берілетін жылу мөлшері? (жылу ағыны)
- Термодинамикалық тепе-теңдік жағдайындағы макроскопиялық жүйеде бір күйден екінші күйге өту процесі қалай аталады? (термодинамика)
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ тақырыбы: Қазандықты сумен қамту көздері. Тақырып ауқымды болғандықтан, оны үш негізгі бағытта қарастырамыз:
- Қазандық қондырғы
- Су қыздырғыш қазандықтар
- Қазандық агрегаттар конструкциясының дамуы
1) Қазандық қондырғы
Қажетті бу немесе ыстық су өндіруге арналған қазандық агрегаттар мен қосымша құрылғылар және механизмдер жиынтығы қазандық қондырғы деп аталады.
Қазандық қондырғының құрамдас бөліктері
- Ленталы конвейерлер
- Жұмсалатын отынға арналған бункер
- Қырнаушы қоректендіргіш
- Шынжырлы тор
- Сулы экрандар
- Фестон
- Бу қыздырғыш
- Су үнемдегіш (экономайзер)
- Құбыр-шалы ауа жылытқыш
- Жинаушы (коллектор)
- Шлак бункері
- Желдеткіш
- Шлак уатқыш
- Түтін сорғыш
- Күл шығарғыш
- Күл ұстағыш
- Клапан (мигалка)
- Циклон
- Булы эжектор
- Түтін құбыры
- Циркуляциялы пішіннің түсірмелі құбыры
- Қазан барабаны
- Сақтандырғыш қақпақ
- Бу қыздырғыштың жинауышы (коллектор)
- Бу вентилінің бас тиегі
- Айналдыра қалаушы
- Деаэратор
- Булы су жылытқыш
- Пайдаланушы сұйық сорғыш
- Конденсатты сұйық сорғыш