Сиқырлы сөз атты әңгімені оқып талдау
Ақтөбе қаласы • Кеңес Нокин ауылы • «Благодар» орта мектебі
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Жайтуғанова Нұрлыгүл Шауқымқызы. Пән бағыттары: Сауат ашу, Өзін-өзі тану (МАД тобы).
Сабақ тақырыбы
Мен әдепті баламын
Мақсаты
Әдеп пен әдептілік туралы түсініктерін кеңейту; жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту; әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Балалар әдепті баланың жақсы, тәртіпті, елгезек, ақкөңіл болатынын түсінеді және әрқайсысы әдепті болуға талпынады.
Түйінді идея
Әдепті бала — арлы бала.
Әдіс-тәсілдер
АКТ, СТО, ОЖТ; ОүБ, ОБжК, ТЖДБО.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
«Үлкенге де сіз…»
Түсіну
Амандасу және таныстыру жаттығуы. Әңгімелеу арқылы сабақтың тақырыбына кіріспе жасалады.
2) Әңгімелеу (өлең арқылы ой қозғау)
Көшелерден біз өткен,
Ата көрсем, жақын кеп,
Сәлем берем ізетпен:
«Ассалаумағалейкум!» — деп.
Талқылау сұрағы: Осы өлең жолдарынан нені түсіндіңдер?
3) Қолдану (өзіммен-өзім)
Сұрақтар
- Сендер қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер?
- Әдепті балалар қандай болады?
- Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Негізгі түсінік
Әдептілік — адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Ол әрдайым таза жүреді, қоғамдық орындарда үлкенге құрмет көрсетеді, автобуста қарттарға және кішкентай балаларға орын береді.
Мәтінмен жұмыс
«Сиқырлы сөз» әңгімесін оқып, талдау.
- Қария Павликке қандай «сиқырлы сөздер» айтты?
- Павлик атты баланы әдепті бала деп айтуға бола ма? Неліктен?
4) Талдау (дәйексөз)
Бүгінгі іс-әрекеттің дәйексөзі ретінде халық мақалы түсіндіріледі:
«Әдепті бала — арлы бала».
Талқылау барысында балалар әдептілік пен ар-ұяттың байланысын, күнделікті өмірдегі мысалдарын айтады.
5) Сергіту сәті
«Не деу керек?» атты қысқа қимыл-қозғалыс және тіл дамыту жаттығуы орындалады.
6) Дәптермен жұмыс
Суреттерге қарап, балалардың әдепті әрекеттері туралы әңгімелеп беріңдер: кім не істеп тұр, қай әрекет сыпайылыққа жатады, қандай сөздер айтуға болады.
Қорытынды
Сабақтың негізгі ойы — әдептілік күнделікті амандасудан, үлкенді құрметтеуден, жылы сөз айтудан және айналаңдағы адамдарға қамқор болудан басталады.