Тұйық етістіктің емлесі

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік

Білімділік

Тұйық етістік туралы (жасалуы, түрленуі, сөйлемдегі қызметі) түсінік беру және оқушылардың білімін кеңейту.

Дамытушылық

Оқушыны өз бетінше ойлап, қорытынды жасай білуге төселдіру; тілдік қорын молайту; еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Шапшаңдыққа, сауаттылыққа және адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Топтастыру
  • Талдау, салыстыру

Қамтамасыз ету

  • Көрнекілік: слайд
  • Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Жаттығуды тексеру және өткен тақырыпты пысықтау.

  1. Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.
  2. Көсемшенің қай жұрнағы жіктелмейді?
  3. Көсемшенің сөйлемдегі қызметін айтыңыз.
  4. «Сөйле» етістігін жіктеңіз.

3) Өткенді қайталау: етістік түрлерін топтастыру

Оқушылар етістіктің түрлерін және жұрнақтарын атап, жаңа тақырыпқа көпір құрады.

Көсемше

Етістіктің түрі

Есімше

Етістіктің түрі

Етіс

Етістіктің түрі

?

Жаңа тақырыпқа жетелейді

4) «Миға шабуыл»: жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Топтастыру кестесіндегі сұрақ белгісі тұрған ұяшық ашылғанда жұрнағы шығады. Осы жұрнақтың етістіктің қай түріне жалғанатынын талқылау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Негізгі нұсқау

-у жұрнағы қай етістік түрін жасайды?

Жаңа сабақ: Тұйық етістік

Анықтамасы

Тұйық етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді және шақпен де, жақпен де байланыспайды.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына жұрнағын жалғау арқылы жасалады.

Түрленуі

  • Септеледі.
  • Тәуелденеді.
  • Көптеледі.
  • Бірақ жіктелмейді.

Мысалдар

Негізгі үлгі

бар-у, кел-у, көр-у

ойна-у, сөйле-у, сана-у

Ы/і дыбыстары

оқы-у → оқу

кемі-у → кему

Дыбыстық өзгеріс

ақ-у → ағу

кеп-у → кебу

үк-у → үгу

Й дыбысы

жай-у → жаю

жи-у → жию

У дыбысы

жу-у → жуу

қу-у → қуу

262-жаттығу

Берілген сөздердегі тұйық етістіктерді анықтау.

жалғау көсеу құрсау оқу басу жабу

Бекітуге арналған тапсырмалар

Жұмбақ

  1. Бірде дауысты, бірде дауыссыз. (у)
  2. Жеке тұрғанда зат есім, етістікке жалғанса жұрнақ. Ол қандай етістік жасайтын жұрнақ? (у)
  3. Есімдерше тәуелденіп, септеледі, бірақ жіктелмейді, көптеледі. Сөйтіп есім мағынасында қолданылады. Мұны кім дәлелдейді? (тұйық етістік)

Ойлан, тап!

  1. Отанды сүю — отбасынан басталады.
  2. Аяққа кісен салу болар, тілге кісен салынбас.
  3. Жақсының қасиеті — жарастыру, жаманның қасиеті — араздастыру.

«Сөзмерген» ойыны

Сөз тіркестерін толықтырып, мағынасын түсіндіріңіз.

Құлақ, бет, жақ, ауыз

құлақ асу — тыңдау, назар аудару.

Қар, су, мұз, бу

мұзға отырғызу — алдау, арбау.

Күл, от, шала, қоламта

күлін көкке ұшыру — жоқ қылу.

Семантикалық карта (ережелер)

  1. Дауысты дыбысқа біткен етістіктерден: жалға-у
  2. Дауыссыз дыбысқа біткен етістіктерден: бар-у
  3. Ы/і дыбысына біткен етістіктерден: тоқы-у → тоқу
  4. И дыбысына біткен етістіктерден: кию, тию
  5. Қысқа й дыбысына біткен етістіктерден: жаю, түю, тыю
  6. У дыбысына біткен етістіктерден: жуу, буу

Терме диктант

263-жаттығудан тұйық етістіктерді теріп жазу.

Өзіндік тексеру сұрақтары

  • Тұйық етістік деп нені айтамыз?
  • Жасалу жолын түсіндір.
  • Мысал келтір.
  • Тұйық етістіктің емлесін айт.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге

260-жаттығу

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, тапсырмаларды орындау сапасы және белсенділігі бойынша қорытынды баға қойылады.