Құқық бұзушылық
ОҚО, Төлеби ауданы • Құлағы нашар еститін балаларға арналған Ленгір қосалқы мектеп-интернаты (КММ)
Тәрбиеші: Медетбекова С.А. • Ашық тәрбие сағаты
Мақсаттар
Білімділік мақсаты
Оқушылардың құқықтық білімін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру. Ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайтудың тиімді жолдарын табуға, саяси сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты
Құқықтық-нормативтік актілерді орындауға және құрметтеуге үйрету. Адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты
Ойлау мен тыңдау мәдениетін дамыту, өз ойын еркін әрі дәл жеткізу дағдысын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Түзету жұмысы
Сөйлеу барысында сөйлемді толық аяқтауын және дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау. Сөздік қорын молайту.
Тәрбие сағатының форматы
Түрі
Пікір алмасу, ой қозғау
Әдісі
Сұрақ-жауап, жағдаят шешу, көрініс
Көрнекіліктер
Бейнетаспа, мақал-мәтелдер, суреттер
Негізгі ұғымдар (сөздік жұмыс)
- Сот
- Сот билігін жүзеге асыратын орган.
- Заңгер
- Құқықтық мәселелерді шешуге көмектесетін маман.
- Тергеуші
- Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізетін қызметкер.
- Адвокат
- Қорғаушы, заң көмегін көрсететін маман.
- Үкім
- Соттың шешімі.
Сабақтың барысы
-
I
Ұйымдастыру кезеңі
-
II
Тіл бұрышымен жұмыс
-
III
Күнделікті сұрақтар
- Құқық дегеніміз не?
- Заң дегеніміз не?
- Биыл Конституцияға неше жыл толды?
- Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелерін атаңдар.
- Республика күні қай күн?
-
IV
Жоспар
-
V
Жаңа сабақ
-
VI
Бейнетаспа
-
VII
Жағдаят туғызу
-
VIII
Сұрақ-жауап
-
IX
Көрініс
-
X
«Тәртіп орнат» ойыны
-
XI
Мақал-мәтелдер
-
XII
Қорытындылау
Жаңа сабақ: кіріспе
Қоғам әрқашан тәртіпке сүйеніп қалыптасады әрі тіршілік етеді. Тәртіп болмаса, қоғам әлсіреп, құлдырайды, яғни келешегі бұлыңғыр болады. Мұны адамдар ертеден-ақ түсінген. Сондықтан қоғамда тәртіп орнатудың жолдары қарастырылып отырған.
Алайда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да кездеседі. Осыдан құқық бұзушылық орын алады. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт; ол адамзат өмір сүрген ортада әрдайым ұшырасатын құбылыс.
Құқық бұзушылық деген не?
Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын және құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, сондай-ақ тыйым салынған әрекеттерді жасау.
Әрекет және әрекетсіздік
Әрекет — құқық нормаларын іс-қимыл арқылы бұзу немесе іске асыру.
Әрекетсіздік — құқық нормалары талап еткен іс-қимылды жасамай,
міндетті орындамау арқылы бұзу.
Маңызды ой
Адамның ойы заңмен тікелей реттелмейді, бірақ кез келген іс-әрекет сана мен ниеттен бастау алады. Ақылы дұрыс адамның әрекеті ерік пен ой елегінен өтіп барып жүзеге асады. Сондықтан заң бұзушылық — қоғамға және жеке тұлғаларға зиян келтіретін, құқықтық нормаларға қарсы әрекет не әрекетсіздік.
Бейнетаспа бойынша талқылау
Бейнетаспаны қарап болған соң, оқушылар мазмұн бойынша сұрақтарға жауап беріп, құқықтық ұғымдарды нақты мысалдармен байланыстырады.
Жағдаяттар: ой қозғау
Жағдаят 1
Әкесі баласының бет-ауызы көгергенін көріп: «Сені көшедегі бұзақылар ұрып жүр ме? Неге қарсыласпайсың? Бұдан былай көгеріп келме. Олар ұрса, сен де ұр, сазайын бер», — дейді.
Сұрақ
Әкесі дұрыс бағыт көрсетті ме? Неліктен?
Жағдаят 2
Ермек — 9-сынып оқушысы. Ол күнде сабақтан қайтқанда өзінен кіші балаларды қорқытып, ақшасын және ұялы телефонын тартып алады. Бұл әрекет оған әдетке айналған.
Сұрақ
Ермек дұрыс әрекет жасап жүр ме? Бұл іс-әрекеттің салдары қандай болуы мүмкін?
Көрініс
«Соттың соңғы үкімі»
Оқушылар сот үдерісінің рөлдік көрінісін сахналайды: судья, тергеуші, адвокат және айыпталушы рөлдері арқылы «қылмыс пен жаза» тақырыбының мәні ашылады.
Мақал-мәтелдер: мағынасын ашу
-
Ұрлық түбі — қорлық.
-
Біреуге ор қазба — өзің түсесің.
-
Заңның құрығы — бәрінен ұзын.
-
Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер.
-
Заңды сыйлаған — еркін жүреді.
-
Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.
Ойын: «Тәртіп орнат»
Төмендегі ұғымдарды тиісті анықтамалармен сәйкестендіру арқылы оқушылар негізгі мемлекеттік-құқықтық түсініктерді бекітеді.
| № | Ұғым | Сәйкестігі | Анықтама |
|---|---|---|---|
| 1 | Құқық | Д | Заңдар жүйесі. |
| 2 | Конституция | А | Еліміздің негізгі заңы. |
| 3 | Мемлекет | В | Негізгі саяси-қоғамдық ұйым. |
| 4 | Азамат | З | Құқығы бар ел тұрғыны. |
| 5 | Құқық бұзушылық | Ж | Заң жүйесін бұзу. |
| 6 | Президент | Б | Мемлекет басшысы. |
| 7 | Парламент | Е | Заң шығарушы орган. |
| 8 | Егемендік | Г | Тәуелсіздік. |
Дұрыс жауап кілті
1 — Д, 2 — А, 3 — В, 4 — З, 5 — Ж, 6 — Б, 7 — Е, 8 — Г
Қорытындылау
Сабақ соңында оқушылар бүгінгі ашық тәрбие сағатынан не білгенін, нені түсінгенін қорытындылап, өз ойларын нақты әрі жүйелі жеткізеді.
Ұстанымдар
- Қылмыс атаулыға бармаймыз.
- Білім мен тәрбие берген ұстаздарымызға жаман сөз келтірмейміз.
- Берілген білім мен тәрбиені өмірде дұрыс қолдануға тырысамыз.
Құрмет пен жауапкершілік
- Ата-анамызды және достарымызды құрметтейміз.
- Қазақстан Республикасының елін, жерін, халқын әркез қорғаймыз.
Соңында оқушылардың белсенділігі мен қатысуына қарай бағалау жүргізіледі.