Топтың өзін таныстыруы

Озық ойлы тапқырлар

Бұл материал 9 «А» және 9 «Б» сыныптары арасында өтетін математикалық топтық сайысқа арналған. Мақсат — оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауын дамыту және ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тақырыбы

Озық ойлы тапқырлар

Түрі

Топтық сайыс

Көрнекіліктер

  • Математикалық кестелер (сайыс форматына сай)
  • Суреттер мен тапсырмалар
  • Үлестірме карточкалар
  • Мультимедиялық проектор

Мақсаты

1) Білім мен дағдыны тереңдету

Математикаға қызығушылықты арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімді тереңдетіп, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

2) Тиімді ойлау тәсілдерін қалыптастыру

Оқығанын есте сақтай білуге және тиімді тәсілдерді жылдам таңдауға үйрету. Ой-өрісті кеңейту, логикалық және ұжымшылдық қабілеттерін дамыту.

3) Тұлғалық даму

Зейінді, ойлау мен есте сақтау үдерістерін дамыту. Сыйластыққа, ұйымшылдыққа және алға қойған мақсатқа жетуге тәрбиелеу, жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Нәтиже күтілімдері

  • Жылдам ойлау және дұрыс шешім қабылдау
  • Логикалық тапсырмаларды талдау және дәлелдеу
  • Командамен жұмыс істеу мәдениеті

Жоспары

  1. 1 Топтардың өзін таныстыруы
  2. 2 Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
  3. 3 Біліктілік сайысы (тақтада тапсырмалар орындау)
  4. 4 «Білім арқаны» (алгебра және геометриядан бір тақырып бойынша формулалар құрастыру)
  5. 5 Шығармашылық жұмыс (өлең шумағын өз ойымен жалғастыру)

Нақыл сөздер

«Арифметика — математиканың, ал математика — ғылымдардың патшасы.»
К. Гаусс
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика.»
М. В. Ломоносов
«Математика — барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.»
Р. Бэкон
«Математиканың өз тілі бар — ол формула.»
Софья Ковалевская

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Сәлеметсіздер ме, оқушылар — нақты ғылымға қызығушылар! Естігенін есте тұтып, оқығанын миға тоқитын білімпаздар!

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Сіз оқытқан оқушылардың білімі сыналатын сәт те келді.

Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар мен жарысқа қатысушы оқушылар! Бүгін 9 «А» және 9 «Б» сыныптары арасында өтетін «Озық ойлы тапқырлар» атты математикалық сайысқа қош келдіңіздер!

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл!

Осы жолдармен әділ бағасын беретін қазылар алқасын таныстыруға шақырамыз.

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» — демекші, 9 «А» сыныбының ұшқыр ойлы оқушыларынан және 9 «Б» сыныбының алғырларынан құралған командаларға қошемет көрсетейік.

Кезеңдер құрылымы

Сайыс кезеңдері

  • 1-кезең: Тапқырлық сайысы («Жорға»)
  • 2-кезең: Біліктілік сайысы
  • 3-кезең: «Білім арқаны»
  • 4-кезең: Шығармашылық кезең

Сайысты бастау

Математика сырлары қызықтырады біздерді. Ойынға бірге қатысуға шақырамыз сіздерді!

1-кезең: «Жорға» — тапқырлық сайысы

Ереже

Әр топқа 15 сұрақтан беріледі. Уақыт шектеулі.

Уақыт

5 минут ішінде 15 сұраққа жауап беру қажет.

Бағалау

Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.

Слайдта екі стереометриялық дене беріледі. Әр топ осы денелерді негізге алып, тапсырмалардағы сұрақтарға жауап береді.

Параллелепипед бойынша тапсырмалар

Төмендегі ұғымдардың атауын табыңыз.

  1. 1. Екі қабырғасы тең үшбұрыш (тең бүйірлі үшбұрыш).
  2. 2. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель түзулер).
  3. 3. Қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш (параллелограмм).
  4. 4. Берілген бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (синус).
  5. 5. Барлық қырлары тең тікбұрышты параллелепипед (текше).
  6. 6. Геометрияның жазықтықта зерттейтін бөлімі (планиметрия).
  7. 7. π санының жуық мәні (3,14).