Құс патшасы

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы

Құстар – қанатты достар

Түрі

Танымдық сағат

Мақсаты

  1. Қазақстанда мекендейтін құстар туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
  2. Құстар жайлы тақпақтар мен жұмбақтар арқылы танымын кеңейтіп, тілін дамыту.
  3. Адамгершілікке, жанашырлыққа және құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Суреттер
  • Жұмбақтар

Барысы

Кіріспе бөлім

Құстар – табиғаттың көркі, тіршіліктің сәні. Олардың пайдасы да зор: құстар зиянды жәндіктер мен кенелерді жойып, егін мен орманды қорғауға көмектеседі.

Жер шарында шамамен 100 миллиардқа жуық құс мекендейді.

Өлең шумақтары

Көктем келді, сұлу қыздай жаз келді,

Күміс қанат үйрек келді, қаз келді.

Май шуағы, жан шуағы бір шуақ,

Жырла, ақын, шаттық жыры аз ба еді.

Тамылжып, сорғалап, құйылған,

Әсем ән құйқылжып қиырдан.

Ән тыңда ерке құс бұлбұлдан.

Тіршілікке жан кірді, көктем келіп,

Айнала сай-сала көкпеңбек.

Бар өңір құлпыра бастады,

Кең дала құлпырды жасарып.

Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желкілдеп,

Көлге үйрек-қаз қонды.

Құстардың еңбегі туралы

Біздің елімізде көктем шығысымен еңбек қызады. Осы кезде құстар табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға ерекше үлес қосады: егістіктегі зиянкестерді азайтып, ағаштарды жәндіктерден қорғайды.

Негізгі пайдасы

Зиянды жәндіктерді жояды

Қорғау аймағы

Егін мен орманды сақтайды

Табиғи тепе-теңдік

Экожүйені тұрақтандырады

Тақпақтар (құстардың мінезі мен қасиеті)

Күндіз жатып, түн күзеткен,

Қырағы көз барлаушымын.

Барлық жерден көзім жеткен,

Тышқан қоймай аулаушымын.

Мен даланың елшісі,

Таң сәріде жырлайтын.

Кең даланың малшысы,

Қиялдана тыңдайтын.

Мен адамның досымын,

Мекенінде тұрамын.

Шыбын келсе кәсібім,

Ұстап жеймін, қырамын.

Жұмбақтар

Баласын тізіп соңына,
Сүңгіп жүріп үйретті.
Су жұқпайтын тонына,
Кім біледі?

Жауабы: үйрек

Көктемде ұшып келеді,
Жаз бойы концерт береді.

Жауабы: бұлбұл

Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп.
Жүзгенде көлдің сәні еді,
Жердегі құстың серкесі.

Жауабы: аққу

Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.

Жауабы: қарлығаш

Көрініс: «Құстардың ұя салуы»

Құстардың патшасы барлық құсты жинап алып: «Жаратылысымызға сай жерді мекендейік. Мекен тұтудың бір белгісі – ұя салу. Сондықтан әрқайсың өзіңе лайық ұя сал» – дейді.

  • 1) Ағаш пен бұта басы

    Патша ұя салуға ең қолайлысы ағаштар мен бұталардың басы екенін айта бергенде, жапалақ бастаған бір топ құс «Білдік!» деп ұша жөнеледі.

  • 2) Шөпшек жинау

    Патша: «Ағаш басына шөпшектерді жинайсыңдар», – дегенде, қарға қауымы да «Білдік!» деп ұшып кетеді.

  • 3) Ұяны бекіту

    «Шөпшектерді қуыстап, жылқының қыл-құйрығымен шөп-шаламды араластыра жинайсыңдар», – дей бергенде, үкі бастаған бір топ та «Жөн екен» десіп, ұя салуға аттанады.

  • 4) Ең шыдамды орын

    Патша: «Ең жақсысы – үйлердің бөренесіне салынған ұя. Ол әрі шыдамды, әрі жылы болады», – дейді.

Осы сәтте құс патшасының алдында тек қарлығаш қауымы ғана қалады. Сөзді аяғына дейін тыңдамаған құстардың ұясы мықты болмайтынының сыры да осында.

Қорытынды

Құс ұясын бұзбайық, балапандарына тимейік. Құстарға ұя жасап, жыл құстарын бірге қарсы алайық!

Балалар өз қолдарымен жасаған ұяларын мектеп ауласына және үйлерінің маңына орнатады.