Туған жердің табиғаты бейнеленген сурет, көктем туралы өлең

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Көктем (28-сабақ), әдебиеттік оқу

Түрі

Аралас сабақ

Әдістері

Сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі

Көрнекілігі

Туған жер табиғаты бейнеленген суреттер, көктем туралы өлең

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Мәтінді оқыту арқылы түсініп оқу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік

Туған елін, жерін сүюге және табиғаттың әсемдігін көркем суреттей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Өткен сабақты қайталау

  1. 1 Мәтіннің мазмұнын айтқызу.
  2. 2 Сурет бойынша қазақ даласының кеңдігі туралы әңгімелеу.
  3. 3 Жыл мезгілдеріне байланысты мақал-мәтелдер айтып, мағынасын түсіндіру.

Сергіту сәті: сөйлеуде тыныс алуды дамыту

«Көбелек ұш» жаттығуы: Әр оқушының жіпке тағылған қағаз көбелегі бар деп елестетеміз. Барлығымыз бірге үрлейміз: «Көбелек ұшты — үрлейміз, үрлейміз, үрлейміз».

III. Жаңа сабақ

1) Кіріспе әңгіме

  • Сурет бойынша табиғатты сипаттау.
  • Оқушылардың өздері туып-өскен жері туралы әңгімелеуі.
  • Орал қаласы туралы не айтуға болатынын талқылау.

2) Өлеңнің жалғасын табу

Керекті сөздер:

қоймайтын тоймайтын түндері күндері ауасы

Сергіту сәті: есте сақтауды дамыту

Орнымыздан тұрайық, Ал алақанды соғайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.

3) Мәтінмен жұмыс

  • Қ. Шаңғытбаев туралы қысқаша мәлімет беру.
  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Өлең мазмұны бойынша сұрақтармен жұмыс:

Талқылау сұрақтары

  • Ақын көктем табиғатын қалай суреттеген?
  • «Сұлу табиғат» ұғымын қалай түсінесің?
  • Еліміздің табиғаты көркем қандай жерлерін білесің?
  • Өз туған жеріңді қалай суреттер едің?

IV. Сабақты бекіту

Ой толғау

  • Мәтін не туралы?
  • Бүгін қандай жаңа ақпарат алдық?

V. Үй тапсырмасы

  1. 1 Өлеңнен көркем сөз тіркестерін табу.
  2. 2 Өлеңді оқып, көкек айын сипаттап жазу.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәнерлеп оқуы, сұрақтарға жауап беруі және тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау жүргізіледі.