Қар жаңбыр
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру, сынып назарын жаңа тақырыпқа бағыттау және сабақтың мақсатын қысқаша анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Тез жауап» форматындағы қысқа сұрақтар арқылы бұрынғы материал еске түсіріледі.
Тез жауап сұрақтары
- 1. ҚР жер көлемі
- 2. Шекара ұзындығы
- 3. Шығысындағы мемлекет
- 4. Батыстағы ойпат
- 5. Ең биік шың
- 6. Ауа массаларын ата
- 7. Күн радиациясының түрлері
- 8. Қандай ауа массалары әсер етеді?
- 9. Жауын-шашын ең көп түсетін аймақ
- 10. Уран қоры бойынша Қазақстан нешінші орында?
- 11. Климат қалыптастырушы факторларды ата
Қызығушылықты ояту: жұмбақ
- А) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.
- Ә) Қылышпен шауып турай алмадым. Бір шайқап қалып жинай алмадым.
- Б) Дәмі де, иісі де жоқ, пайдаланбас кісі жоқ.
Бұл жұмбақтардың жауабы — су. Ендеше бүгінгі тақырып табиғи ресурстардың ішіндегі ең маңыздысының бірімен байланысты.
Су туралы қызықты мәліметтер
Тақырыпқа кіріспе ретінде судың қасиеті мен Жердегі таралуы жөніндегі қысқа деректер ұсынылады.
- Жердегі ең жылы теңіз — Қызыл теңіз.
- Чилидегі Калама қалашығында мүлде жаңбыр жаумайды.
- Жердің 70%-ы судан тұрады, оның тек 2%-ы ғана ішуге жарамды.
- Жер бетінің шамамен 10%-ын мұз жапқан.
- Мұздың тығыздығы бетонның тығыздығына жуық.
- Ыстық су суық суға қарағанда сәл ауырлау болады.
- Сауд Арабиясында бірде-бір өзен жоқ.
- Оңтүстік Америкадағы екі мемлекет қана мұхитпен шектеспейді.
- Барлық мұхиттан ең алыс жатқан нүкте Қытай аумағында орналасқан.
- Судың құрамы сыртқы жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.
- Амазонка өзенінің 500-ден астам саласы бар.
- Қазақ ырымында түнде су алуға тыйым салынған; қажет жағдайда «Су атасы — Сүлейменнен» рұқсат сұраған.
Халықтық танымнан үзінді
Су атасы — Сүлеймен,
Айдыныңа тас аттым.
Рұқсат ет, балаңа
Су алуға бола ма?
Түн ұйқыңнан ояттым.
Өткенді еске түсіру: гидросфера
Жердің су қабығы — гидросфера. Ол мұхиттар мен теңіздерден бастап, өзен-көлдерге, жер асты суларына және мұздықтарға дейінгі барлық суларды біріктіреді.
Гидросфера бөліктері
- Мұхиттар мен теңіздер
- Өзендер мен көлдер
- Жер асты сулары
- Бөгендер, каналдар
- Батпақтар, мұздықтар
Судың күйі
Су — құрлықта сұйық, қатты және газ күйінде кездесетін, бір күйден екінші күйге оңай өтетін ерекше минерал.
Қазақстан жер бедерінің алуан түрлілігіне байланысты ішкі сулар да әркелкі: өзендер, көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, бөгендер және каналдар.
Жаңа тақырып: Қазақстанның ішкі сулары — өзендері
Жалпы саны
85 022
Қазақстан аумағындағы өзендер саны
Шағын өзендер
84 694
Ұзындығы шамамен 100 км-ге дейін
Орташа және ірі
305 + 23
Орташа (≈500 км) және ірі (500–1000 км)
1000 км-ден асатын 7 өзен
Республиканың өзендері екі ірі бағытқа жатады: Солтүстік Мұзды мұхит алабы және ішкі тұйық алаптар.
Өзен алаптары
Солтүстік Мұзды мұхит алабы
Ертіс (салалары: Есіл, Тобыл)
Каспий теңізі алабы
Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сарыөзен, Қараөзен
Арал теңізі алабы
Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас
Балқаш алабы
Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан
Өзен жүйесінің ерекшеліктері
1) Жасы әртүрлі
Жазықтағы өзен жүйелері көбіне ескі; даму сатысының соңғы кезеңіне жақын. Мұнда бүйірлік шаю күшті, ал тереңдік шаю баяуырақ. Тау өзендерінде керісінше үдерістер айқынырақ көрінеді.
Су шығыны
Өзеннің су қимасы арқылы белгілі уақыт ішінде (әдетте секунд немесе жыл бойынша) ағып өтетін су мөлшері.
Жылдық ағын
Өзеннің бір жыл ішінде ағып шығатын су көлемі.
Қоректенуі мен режимі
- Жазық өзендері: қар және қар-жаңбыр суымен қоректенеді.
- Қар-жаңбыр: Есіл, Тобыл.
- Қар: Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай, Ырғыз.
- Тау өзендері: қар суымен және мұздықтармен қоректенеді (Сырдария, Іле, Қаратал, Ертіс).
Жаңа сабақты бекіту
Географиялық номенклатура
- 1. Сұрау белгісімен белгіленген нысандарды анықтау.
- 2. Олардың атауын жазу.
«Өз орнын тап» тапсырмасы: өзендерді өз алаптарына орналастыру.
Ойыл, Талас, Торғай, Сырдария, Сағыз, Жем, Жайық, Қаратал, Лепсі
«Сандар сөйлейді»
Өзен ұзындықтарын сәйкестендіріп, қорытынды жасаңыз.
- Ертіс1698 км
- Жайық1084 км
- Есіл1400 км
- Тобыл800 км
- Іле815 км
- Шу1186 км
Сергіту сәті
1-топ
Су туралы мақал-мәтел айту
2-топ
Су туралы тыйым сөздер айту
3-топ
Су туралы өлеңдер оқу
Тестілеу (Activ OTE)
Қысқа тест арқылы негізгі түсініктер бекітіледі.
Тест сұрақтары
-
1) ҚР-да қанша өзен бар?
А) 85 мың Б) 80 мың В) 50 мың Г) 40 мың
-
2) 1000 км-ден асатын өзен саны
А) 5 Б) 7 В) 9 Г) 10
-
3) ҚР өзендері неше алапқа жатады?
А) 5 Б) 4 В) 3 Г) 2
-
4) Каспий теңізі алабына жататын өзендер:
А) Жайық, Жем, Сағыз Ә) Қаратал, Лепсі, Ақсу Б) Шу, Сарысу, Торғай Г) Жайық, Шу, Лепсі
-
5) Жазықтардағы өзендер солтүстіктен оңтүстікке қарай...
А) артады Ә) кемиді Б) өзгермейді Г) өзгереді
-
6) Өзеннің су қимасы арқылы 1 секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері:
А) жылдық ағын Ә) көпжылдық ағын Б) су шығыны Г) көпжылдық шығын
-
7) Қар және мұздықтармен қоректенетін өзендер:
А) Іле, Қаратал, Ертіс Ә) Жем, Торғай, Сарысу Б) Ертіс, Торғай, Сарысу В) Жайық, Сағыз, Қаратал
-
8) ҚР ішкі суларына жатады:
А) өзен, көл, жер асты суы, бөген, канал, мұздық Б) теңіз, өзен, көл, мұхит В) теңіз, өзен, көл, жер асты суы Г) мұхит, көл, өзен
-
9) ҚР-дағы ең ұзын өзен:
А) Есіл Б) Жайық В) Жем Г) Сырдария
-
10) Жергілікті жердегі ірі өзен:
А) Есіл Б) Жайық В) Жем Г) Сырдария
Қорытындылау
Нәтиже
- Қазақстан өзендерінің саны мен ірі өзендері анықталды.
- Өзен алаптары бойынша жіктеу және мысалдар қарастырылды.
- Су шығыны, жылдық ағын және қоректену түрлері бекітілді.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы жауаптарының дәлдігіне, тапсырмаларды орындауына және тест нәтижесіне сәйкес бағаланады.
Үй тапсырмасы
Қосымша ақпарат көздерінен Қазақстан өзендері туралы деректерді қарап келу (карта, анықтамалық, сенімді интернет ресурстар).