Көксерек әңгімесі

Сабақтың тақырыбы

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты

1

Әңгіменің мазмұнын меңгерту, ондағы табиғат пен адам әрекеттерін түсіндіру. Көксеректің түз тағысы екенін дәлелдеу.

2

Жүйелі мазмұндау, іздену дағдыларын дамыту, қабілеттерін шыңдау және өз пікірін дәлелдеуге үйрету.

3

Табиғатты сүюге, жақсылық пен жамандықты ажыратуға баулу. Мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ–жауап
  • Талдау
  • Пікірлесу
  • Болжау

Көрнекіліктер

  • «Көксерек» фильмінен үзінді
  • Венн диаграммасы
  • Суреттер, слайдтар
  • Музыка

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа атау беру.

I-топ
Табиғат
II-топ
Адам
III-топ
Қасқыр

II. Кіріспе

Әр топ өз атауының мәнін түсіндіріп, қысқаша пікірін ортаға салады және қорғайды.

III. Жаңа сабақ

А) Слайдтағы деректер

Автор
Мұхтар Әуезов (1897–1961)
Туған жылы
1897
Туған жері
Семей облысы, Абай ауданы
Шығармасы
«Көксерек» (1929)
Негізгі өзек
Қасқыр – Табиғат – Адам

Ә) Фильмнен үзінді

Үзіндіні көрсетпес бұрын фильмге қысқаша анықтама беріледі.

Кейіпкерлер

Құрмаш, әжесі, Қасен, ауыл адамдары, Көксерек, Аққасқа.

Өнер туындысы

«Көксерек» көркем фильмі (қырғыз киносы).

Режиссер

Толоуш Океев.

Құрмаш рөлінде

Қамбар Уәлиев.

Б) Сұрақтар арқылы талқылау

Үзінді бойынша топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, дәлел келтіреді.

  • 1. Қасқырлар мен адамдардың ұқсастығы неде?
  • 2. Көксеректің ызалануының себебі неде?
  • 3. Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
Нәтиже

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы әңгіменің өзекті ойын айқындау және мәтінді сұрақ–жауап тәсілімен терең түсіну.

В) Кітаппен жұмыс

Мәтінді түсініп оқу.

Г) Дәптермен жұмыс

Әр топқа жазбаша тапсырмалар беріледі.

I-топ: Табиғат

Көксеректің өлімі.

II-топ: Адам

Құрмаштың қайғылы тағдыры.

III-топ: Қасқыр

Көксерек — көкжал қасқыр.

Тақтадағы жұмыс

Венн диаграммасын құру.

Үй тапсырмасы

«Көксерек» бойынша «Менің әңгімеден алған әсерім» тақырыбында ой толғау жазу.

Бағалау

Әр топ және топ мүшелері сабақтағы белсенділігі мен жауаптарының дәлелділігіне қарай бағаланады.

Қорытынды сұрақтар

  • Әуезов оқырманға нені айтпақ болды?
  • Жазушының жан айқайы неде?
  • Құрмаштың өліміне адамдар да жауапты емес пе?
  • Табиғат заңдылығын бұзу дұрыс па?

Түйін

Хормен оқылатын жолдар

Табиғат – Ана!

Табиғаттың сырын танып білейік,

Табиғаттың тілін ұғып көрейік.

Тыныштығын сақтап өмір-өзеннің,

Ізгіліктің шамын жағып жүрелік!

Сабақты өткізу тәжірибем: байқаулар мен тәсілдер

Бұл жаңа тақырып болғанымен, оқушылар үшін мүлде тосын емес еді. Себебі олар кішкентай кезінен бастап «Маугли» мультфильмін көргендіктен, жабайы аңдар туралы түсінігі қалыптасқан.

Интерактивті таныстыру

Интерактив тақта арқылы қасқырдың жыртқыш, түз тағысы екенін суреттермен және қасқыр дыбысымен көрсеттім. Сонымен қатар бөлтіріктің кішкентай кезінен бастап өсу кезеңдерін, Құрмашпен байланысты көріністерді сюжеттік слайдтар арқылы, күй әуенімен үйлестіре ұсындым.

Проблемалық сұрақ

Оқушыларға «Ит не үшін керек? Оны асырау қажет пе?» деген сауал тастадым. Жауаптары күткенімнен де асып түсті: «Итті адам асырамаса, кім асырайды?», «Иттің адамнан басқа қажеті бар ма?» деген ойландыратын қарсы сұрақтар қойылды.

Осы тұста қазақ халқында «Ит — жеті қазынаның бірі» деген ұғым бар екенін айтып, иттің аңға салуға, мал күзетуге, жолда серік болуға, үй қорғауға пайдаланылатынын түсіндірдім.

Адам мен аң: мейірім мен қаталдық

Құрмаштың бөлтірікті өлімнен арашалап, аяушылық танытуы — оның хайуанға деген шексіз қамқорлығының көрінісі екенін ерекше атап өттім. Баланың жүрегі таза, сезімі шынайы болатынын осы тақырып айқын аңғартады. Соған қарама-қарсы Қасеннің қаталдығы мен Құрмаштың аянышты өлімін салыстыра талдадық.

Сабақ нәтижесі

  1. 1

    Тақырыпты меңгеру арқылы оқушылар жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықты, мейірімділік пен қаталдықты ажыратуды үйренді.

  2. 2

    Мәтін арқылы қазақ елінің бұрынғы тұрмыс-тіршілігімен танысып, салт-дәстүр туралы білімін кеңейтті.

  3. 3

    Түз тағысының адамға толық бағынбайтынын түсінді. Қасқыр туралы деректер жинақтап, суреттермен жұмыс істеп, рефераттар жазды.

  4. 4

    Құрмаштың бөлтірікті асырауы мен оған деген адал достығын қызыға оқып, оқиғаға эмоциялық тұрғыдан үн қосты.

  5. 5

    Жазушының «жан айқайын» түсінді: табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу дұрыс еместігін саралады.

  6. 6

    Жан-жануарға қамқор болып, табиғатқа жанашырлық таныту — адамдық жауапкершіліктің бір бөлігі екенін түйді.