Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру

Сабақ туралы мәлімет

Өңір
Маңғыстау облысы
Қала
Жаңаөзен
Мектеп
№17 орта мектеп
Пән
Қазақ тілі және әдебиеті
Мұғалім
Сутбаев Абубакир
Сабақ тақырыбы
Т. Молдағалиев — «Бауырлар»

Мақсаттар

Білімдік

Өлеңді оқыта отырып тақырыпты ашу, өлеңнің идеясын түсіндіру, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту.

Дамытушылық

Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыру, ұлттық сананы күшейту, ұлтжандылық сезімін ояту.

Тәрбиелік

Бауырмалдыққа тәрбиелеу, шетелде тұратын қандастарға құрметпен қарауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер

Сабақтың әдістері

  • Аралас сабақ
  • Мәнерлеп оқу
  • Талдау
  • Сөздікпен жұмыс
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Т. Молдағалиевтің портреті
  • Шығармалар жинағы
  • Слайдтар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру.

2) Үй жұмысын тексеру

Н. Сералиевтің «Аңсау» әңгімесі бойынша сұрақтар:

  1. 1.Н. Сералиевтің өмірбаяны туралы не білесің?
  2. 2.Қария қалаға не үшін келді?
  3. 3.Бала қартты неге үйіне ертіп әкелді?
  4. 4.Баланың анасы қартты қалай қарсы алды?
  5. 5.Қарт баланы қалай ойнатты?
  6. 6.Баланың анасы неге ұлына қарттың қасында жатуға рұқсат етті?
  7. 7.Кетіп бара жатқан қария неге мекенжайын айтып кетті?
  8. 8.Баланың түсіне неге бауырсақтар кірді деп ойлайсың?

3) Жаңа сабақ

Бүгін біз ақын Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның «Бауырлар» атты өлеңімен танысамыз.

Т. Молдағалиев туралы

  • 1935 жылы Алматы облысы, Жарсу ауылында дүниеге келген.
  • Сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы.
  • ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген.
  • 1959–1970 жылдары «Пионер» журналында қызмет атқарған.
  • 1970–1973 жылдары «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болған.
  • Кейін «Жазушы», «Жалын» басылымдарында бас редактор қызметін атқарған.
  • 1992 жылы Физули атындағы халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығының иегері.

Шығармашылығы

  • Өлеңдері мен поэмалары 40-тан астам жинақ болып жарық көрген.
  • 1954 жылы тұңғыш өлеңі «Украина қызына» жарияланған.
  • Кітаптары: «Ескерткіш», «Шақырады жаз мені», «Жүрек ояу қашанда».
  • Әнге жазылған өлеңдері: «Құстар қайтып барады», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Шақырады көктем».

«Бауырлар» өлеңінің жазылу себебі

«Бауырлар» өлеңі 1992 жылы Алматыда өткен Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайына орай жазылған. Құрылтай 1992 жылғы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтті. Сол кезеңде қазақ халқының саны 10 537 000-ға жеткені айтылады. Құрылтайға ТМД елдерінен 350-ге жуық өкіл және көптеген шет елдерден делегаттар қатысқан.

Өлеңде ақын қазақ жерінің кеңдігін ғана емес, оның кең пейілін, береке мен бірлікке шақырған үнін айқындайды. Әлемнің әр түкпірінде жүрген қазақ баласына құшағын айқара ашқан ел қуанышы жырланады.

Өлеңнен үзінді

Менің жерім — мына жер, сенің жерің,

Жарасып тұр сол жерге келулерің.

Осы алқапта сенің де малың жатыр,

Жайқалып тұр шабылмай егіндерің.

4) Бекіту сұрақтары

  • Өлең неліктен «Бауырлар» деп аталған деп ойлайсың?
  • Шетелде жүрген қазақ бауырлар туралы естідіңдер ме?

5) Сөздікпен жұмыс

Жырақ

Елден алыс.

Президент

Елдің сайлау арқылы таңдалатын басшысы.

Ақ киіз

Ертеде ханды ақ киізге отырғызып, көтеріп хан сайлау дәстүрі болған.

Қауқылдасып

Қуанышпен әңгімелесу, дуылдаса сөйлесу.

6) Қорытынды

Сабақты мақал-мәтелдер арқылы қорытындылаймыз:

Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Басшысы жоқ ел — жетім,
Елі жоқ жер — жетім.
Кең болсаң, кем болмайсың.

Бүгінгі тақырып түсінікті болды ма? Өз елімізде бейбіт, бақытты өмір сүрейік. Шет елдерде өмір сүріп жатқан бауырларымыздың елге аман-есен оралуын тілейік. Еліміз гүлденіп, көркейе берсін!

7) Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

«Бауырлар» өлеңін жаттап келу.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарына қарай бағалау.