Раунд қай спорт түрінің сөзі

7-сынып. Қазақ тілі

Тақырыбы: Спорт
Мақсаты: спорт тақырыбы бойынша білімді жалғастырып, сөздік қорды байыту және сөйлеу дағдысын дамыту.

Білімдік

Спорт тақырыбына байланысты сөйлесу, жаттығу орындау, анықтау және талдау жұмыстарын жүргізу.

Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық тапсырмаларға жетелеу.

Тәрбиелік

Денсаулықты нығайту үшін спортпен дос болуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға ықпал ету.

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Мағынаны тану
  • Жаттығу, талдау
  • «Синкуейн» әдісі

Көрнекіліктер

  • Қазақстандық спортшылардың суреттері
  • Интербелсенді тақта
  • Слайд-презентация

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, көңіл күйін көтеру, сабақ мақсатын нақтылау.

II. Өткен материалды пысықтау (сұрақ-жауап)

Тақырып бойынша қысқаша қайталау жүргізіледі. Төмендегі сұрақтарға ауызша жауап беріледі:

  1. 1. Таэквондомен шамамен қанша адам айналысады?
  2. 2. «Футбол» сөзі қай тілден енген?
  3. 3. «Шахмат» сөзіндегі «шах» сөзі нені білдіреді?
  4. 4. -ыс, -іс, -с жұрнақтары қай етіске қатысты?
  5. 5. 11 ойыншыдан тұратын екі команда ойнайтын спорт түрі қандай?
  6. 6. «Раунд» сөзі қай спорт түрінде жиі қолданылады?
  7. 7. Бір тайм 45 минут ойналатын спорт түрін атаңыз.
  8. 8. Спорт қажет пе?
  9. 9. Неліктен?
  10. 10. -ыншы, -інші қандай жұрнақтар?
  11. 11. «Бәріне ортақ іс» тіркесі қай етіске тән?

III. Жаңа сабақ

Бүгін спорт тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз: спорттың мәні, пайдасы және спортшылар туралы ақпаратпен танысамыз.

1) Топтастыру: «Спорт дегеніміз не?»

денсаулық қимыл-қозғалыс шыдамдылық жарыс күш ерлік

Сұрақ: Қазақстанның белгілі спортшыларынан кімдерді білесіңдер? (Оқушылардың жауабы тыңдалады.)

2) Спортшы туралы дерек (слайд)

Аты-жөні
Александр Николаевич Винокуров
Лақап аты
Vino («Вино»)
Туған күні
16 қыркүйек, 1973
Туған жері
Бескөл ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы
Азаматтығы
Қазақстан
Бойы / салмағы
177 см / 70 кг

IV. Жаттығу жұмыстары

1-тапсырма: Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

Үлгі: Сізге спорт ұнай ма? — Маған спорт ұнайды.

  1. 2. Спорттың қай түрімен шұғылданасыз?
  2. 3. Қандай ұлттық спорт түрлерін білесіз?
  3. 4. Қандай қысқы спорт түрлерін білесіз?
  4. 5. Спортшылардың арасында чемпион атанғандар көп пе?

3-тапсырма: Сөйлем құраңыз

  1. 1. шұғылдану, таэквондомен, үшін, жабдықталған, қажеті, жоқ, орынның
  2. 2. шұғылданушы, әрбір, бос уақытында, техникасын, таэквондоның, жетілдіре алады

Талдау: Кешенді талдау

Түйін: Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың маңызы зор.

«Синкуейн» әдісі

Тақырыпты қысқа әрі мазмұнды сипаттау үшін төмендегі үлгі бойынша синкуэйн құрастырыңыз.

I. Зат есім (1 сөз)

Тақырыптың аты

II. Сын есім (2 сөз)

Сипаттама

III. Етістік (3 сөз)

Іс-әрекет

IV. Нақыл сөз (4 сөз)

Ой түйіні

V. Тақырыпқа синоним сөз

Қорытынды атау

V. Қорытынды

  • Бүгін не туралы білдік?
  • Қазақстанда қандай белгілі спортшылар бар?
  • Спорттың пайдасы қандай?

VI. Үй тапсырмасы

2-тапсырма: сөздерді тіркестіріп, сөйлем құраңыз.

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының мазмұны және тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.