Пернетақтаның бөліктерін ата
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Пәні мен сыныбы
Информатика, 5-сынып
Сабақтың тақырыбы
Пернетақта. Пернелер тобы
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: пернетақтаның қызметін және әр перненің атқаратын міндетін түсіндіру, оқушыларға бағыт-бағдар беру.
- Дамытушылық: өз бетімен қорытынды жасау, ойын ашық айту, логикалық ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік: пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Жұптық және топтық жұмыс
- «Миға шабуыл» стратегиясы
- Сұрақ-жауап
- Көшбасшылық элементтері
- «Екі жұлдыз, бір тілек»
Құрал-жабдықтар және әдебиеттер
Көрнекіліктер
- ДК, слайдтар
- Топтарға арналған тапсырма парақтары
Пайдаланылған әдебиеттер
«Информатика», 5-сынып: Е. А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылар тізімін тексеру, кабинет дайындығын бақылау, сабақ жоспарымен таныстыру.
- Оқушыларды 1 және 2 деп санау арқылы екі топқа бөлу, топ басшысын сайлау.
1-топ
Пернетақта
2-топ
Пернелер тобы
II. Үй тапсырмасын сұрау («Миға шабуыл»)
1-топ: «Пернетақта»
- Компьютер деген не?
- Компьютер қандай функцияларды орындайды?
- Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма?
- Қандай компьютерлік программаларды білесің?
2-топ: «Пернелер тобы»
- Компьютер қайда және қалай қолданылады?
- Компьютердің қандай түрлері болады?
- Дербес компьютердің түрлерін атаңдар.
- Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар.
III. Жаңа сабаққа кіріспе (жұмбақ арқылы)
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны — жүз бір.
Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен он екі ағайынды —
Есімдері қызық: бәрі де
тек қана “F” әрпінен басталады.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Пернетақта. Пернелер тобы».
Оқулықпен жұмыс
Жеке жұмыс
Әр оқушы тақырыпты өз бетінше оқып, негізгі ойды түсінеді.
Жұптық талдау
Жұпта пікір алмасып, түсінгенін нақтылайды.
Топтық қорғау
Постер құрастырып, сыни тұрғыдан ойлау арқылы қорғайды.
Негізгі ұғымдар
Пернетақта
Пернетақта — компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Пернетақтада пернелерден бөлек индикаторлар болады.
Индикаторлар — пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін шағын шамдар.
Пернелер блоктары
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді. Әр блоктың компьютермен жұмыс істеуде өз орны бар.
1) Символдық (алфавиттік-цифрлық) пернелер
Пернетақтаның негізгі бөлігі. Мұнда латын, орыс, қазақ әріптері, 0–9 цифрлары, тыныс белгілері және басқа да таңбалар орналасады. Әдетте пернетақтаның ортасында болады.
Мысалдар:
бос орын, A–Z, А–Я, 0–9, +, -, *, әртүрлі арнайы символдар.
2) Функционалдық пернелер (F1–F12)
Күрделі әрекеттерді жылдам орындауға көмектеседі. Әртүрлі бағдарламаларда қызметі өзгеруі мүмкін.
3) Нұсқағыш пернелер
Меңзерді (курсорды) экран бетінде басқаруға арналған.
4) Цифрлық пернелер (NumPad)
Пернетақтаның оң жағында бөлек орналасады. Num Lock қосулы болса — сандар енгізіледі, сөнулі болса — меңзерді басқару функциялары орындалады.
5) Арнайы операциялар пернелері
- Enter — әрекетті аяқтау, енгізуді растау.
- Esc — әрекетті болдырмау, шығу/кері қайту.
- Tab — меңзерді келесі өріске/позицияға көшіру.
- Ctrl — арнайы әрекеттерді орындауға арналған көмекші перне.
- Alt — арнайы әрекеттерге арналған көмекші перне.
- Backspace — меңзердің сол жағындағы символды өшіру.
- Caps Lock — бас әріптер режимін қосу/өшіру.
- Shift — перненің қосалқы мәнін енгізу (бас әріп/таңба).
- Windows — «Пуск» мәзірін ашу.
6) Меңзерді басқару және редакциялау пернелері
Редакциялау
- Insert — енгізу/ауыстыру режимін қосу.
- Delete — меңзердің оң жағындағы символды өшіру.
Жол бойынша жылжу
- Home — жол басына өту.
- End — жол соңына өту.
Бет бойынша және бағыттау
- Page Up — бір бет жоғары.
- Page Down — бір бет төмен.
- ← → ↑ ↓ — меңзерді бағыт бойынша жылжыту.
Меңзер (курсор)
Меңзер — экранда жыпылықтап тұратын белгі. Ол мәтіннің қай жерге енгізілетінін көрсетеді. Символ енгізілгеннен кейін меңзер әдетте оңға қарай бір орын жылжиды.
Меңзердің пайда болуы — пайдаланушыны алфавиттік-цифрлық ақпарат енгізуге шақыру белгісі. Енгізуді аяқтау үшін көбіне Enter пернесі басылады.
Сергіту сәті
«Маймыл» ойыны: маймыл рөліндегі оқушы сыныптасының жасаған қимылын дәл сол қалпында қайталайды.
Деңгейлік тапсырмалар
A деңгейі
Пернетақтаның қандай құрылғы екенін түсіндір.
B деңгейі
Негізгі пернелердің қызметін сипатта.
C деңгейі
«Пернетақта» сөзіне сөзжұмбақ құрастыр.
Практикалық жұмыс (Блокнот)
Компьютерде Блокнот бағдарламасын ашып, мәтін теру.
Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.
Экран бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады.
Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның?
IV. Сабақты қорытындылау
Қайталау
Пернелердің қызметін еске түсіру: Esc, Tab, Caps Lock, Shift, Enter, Delete, Backspace, Num Lock. Оқушылар кезектесіп түсіндіріп шығады.
Жетекші сұрақтар
- Компьютерге ақпаратты немен енгіземіз?
- Пернетақта дегеніміз не?
- Пернетақтаның негізгі бөліктерін ата.
V. Бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша топтар бірін-бірі бағалайды: екі ұнаған нәрсе және бір ұсыныс.
VI. Үй тапсырмасы
§ 6 тақырыпты оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.
Рефлексия («Бағдаршам»)
Қызыл түс
Сабақ өте қызықты болды. Мен белсенді қатыстым, берілген тапсырмалардың бәрін орындадым.
Сары түс
Сабақ ұнады. Жауап беруге қатыстым, тапсырмалар қиын болған жоқ, өзімді еркін сезіндім.
Жасыл түс
Сабақ пайдалы болмады. Мұғалімнің айтқанын толық түсінбедім, үй тапсырмасы түсініксіз болды.