Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы толық түсіндіру

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты

  • Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен байлықтары туралы толық түсіндіру.
  • Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру.
  • Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу.
  • Балаларды бір-бірін сыйлауға, ауызбіршілікті болуға шақыру.
  • Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөз қорын байыту.

Көрнекіліктер

Жапырақтар Жемістер маскалары Көкөністер маскалары Шарлар Гүлдер Жемістер

Жүргізушінің құттықтауы

Құрметті ата-аналар мен балабақша ұжымы, сіздерді бүгінгі өлкеміздің «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндей молшылық тілейміз!

Өлең:

Ой, балалар, балалар, Қоңырқай күз болыпты. Қурап жапырақ солыпты, Ел егінін алыпты. Ақ үзіктер жауыпты.

Күз ханшайымының келуі

Сахнаға Күз ханшайымы келеді: қолында жеміске толы себет, үстінде сары жапырақтар, басында жеміс тағылған сәнді шляпа.

КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ

Сәлеметсіңдер ме, балалар, ата-аналар, ұстаздар! Мен бұл жақтан өтіп бара жатқан едім. Сендердің дауыстарыңды естіп, келдім. Мен жалғыз емеспін, қасымда туыстарым бар: қыркүйек, қазан, қараша. Сендер олар туралы жақсы білетін шығарсыңдар.

ЖҮРГІЗУШІ

Күз ханшайымы, қош келдіңіз! Сіздерге әрдайым есігіміз айқара ашық. Біздің бүлдіршіндеріміздің сізге деген жылы ықыласын қабыл алыңыз! Енді балалар күзге өз өнерін көрсетсін.

Қане, бүлдіршіндеріміздің әдемі әндерін, тақпақтарын, билерін және ойындарын тамашалаңыздар!

ХОР

«Күз жомарт»

Тақпақтарға кезек

Еркін күліп ойнаймыз, Ертеңді де ойлаймыз. Достығымызды қастерлеп, Алтын күзді тойлаймыз.

Анеля

Алақай, алақай! Алтын күз келді. Бақшаға баратын кез келді. Алақайлап жүрегім Қуанышқа толып тұр. Асыққан алтын күнімде Қоңырауын соғып тұр.

Мейрім

Сары алтындай сары күз, Күтеміз сені бәріміз. Кетті міне сарғайып, Қамбаларға сыймасын. Күз мезгілі сарғайып, Еліме бақыт сыйласын.

Валерия

Алтын, сары, қызыл, көк — Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.

Аяжан

Көк аспаның мөлдіреп, Алтын күзің елжіреп. Асыр салып жүре бер, Сары көйлегің желбіреп.

Нұрназа

Қарашы, күз келді, күз келді, Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді.

Сұрақ-жауап

ЖҮРГІЗУШІ

Өрік, шие, алма, алша, Жидек, жүзім піседі. Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз — Қоймаларға түседі. Айтыңдаршы, балалар, Бұл қай кезде болады?

БАЛАЛАР

Күзде

Көкөністер мен жемістер айтысы

Жүргізуші: «Мына жақта көкөністер мен жемістер айтысып жатқан сияқты. Тыңдап көрейік».

Пияз

Михайл

Асханадан шықпаймын, Атым пияз — бұқпаймын. Көзден жасты шығарып, Тұмаудан бірақ сақтаймын. Маған жетер қайсың бар? Мен мықтымын!

Қызылша

Айзере

Тоқта, тоқта! Ақ түсім бар — қант алар, Қызыл түсім — қанға нәр. Зияным жоқ, біліп қой, Қызылшамын — пайдам бар.