Формуласын өрнектерді түрлендіргенде пайдалануға үйрету
Сабақтың тақырыбы
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Сабақтың түрі
Практикалық сабақ
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Сөздер жазылған қорапшалар
- Семантикалық карта
- Тақырыпқа байланысты слайдтар мен суреттер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Екі өрнектің квадраттарының айырымы формуласын өрнектерді түрлендіруде қолдануға үйрету; есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушыны мұқият тыңдауға, нақты жауап беруге, теорияны практикамен ұштастыруға, жылдам шешім қабылдауға, өз білімін көрсете білуге және шығармашылық қабілетін дамытуға бағыттау. Есеп шығару барысында шапшаңдық пен жан-жақтылыққа үйрету.
Тәрбиелік
Алғырлыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа баулу; сабаққа белсенді қатысу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
II. Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізу (№154).
Қайталау сұрақтары
- Екі өрнектің квадраттарының айырымы неге тең?
- Формуласы қандай?
- Геометриялық мағынасы қандай фигура арқылы түсіндіріледі?
- Бұл формула(лар) қайда қолданылады?
- Өрнектің түрлендіру нәтижесі неге тең болады?
III. Мағынаны тану
Бүгінгі сабақта өткен тақырып бойынша есептер шығарып, білімімізді бекітеміз. Сабақты ойын түрінде өткіземіз: «Мақсатқа жету» ойынын ойнайық.
Тақтада әртүрлі мамандықтардың суреттері ілінеді. Әр суреттің артында тақырыпқа байланысты есеп жасырылған. Оқушылар кезекпен шығып, тапсырмаларды орындайды (9 карточка — 9 есеп).
Мамандықтар
Қорытынды ой: белгілі бір маман иесі болу үшін білім терең болуы керек, ал оған жету үшін жүйелі дайындық қажет.
Сергіту сәті
«Сандар туралы мақал-мәтелдер»: әр қорапта берілген сөздерден мақал-мәтел құрастыру.
Оқулықпен жұмыс
Тақырыпқа сәйкес жаттығуларды орындау, формуланы қолдану дағдысын бекіту.
IV. Ой толғаныс
Үй тапсырмасы: №173 есеп.
V. Қорытынды
Семантикалық карта
Семантикалық картада тақырыпқа байланысты есептер беріледі. Жасырын сөз: Е Л Б А С Ы.
Н. Назарбаевтың сөзі
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа.
VI. Бағалау
Оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.