Сендер бір - біріне кім боласыңдар
Оқу қызметі туралы
«Қызықты лабиринт» — «Таным» білім беру саласының «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» бөлімі бойынша Балапан ортаңғы тобына арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.
Білім беру саласы
Таным
Бөлімі
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Мақсаты
- Заттарды санымен сәйкестендіру.
- 5 саны көлемінде санау қабілетін арттыру.
- Сандық және реттік санауды бір-бірінен ажырату.
- Геометриялық пішіндердің айырмашылығын табу; ені, түсі, көлемін ажырата білу.
- Берілген тақырып бойынша Воскобовичтың дамыту ойындары элементтерімен жұмыс жасай білу.
Міндеттері
Сандармен жұмыс
- 1, 2, 3, 4, 5 сандарымен жұмыс жасау.
- Сандарды өзара ажырата білуін көрсету.
Пішіндер мен ұғымдар
- Геометриялық пішіндердің айырмашылығын түсіндіру.
- «Жуан/жіңішке», «ұзын/қысқа», «алдында/артында» ұғымдарын еске түсіру.
- «Коврограф Ларчик» және «Ойын дидары» алаңында өздігінен жұмыс жасауға үйрету.
Қолданылатын технологиялар
Қажетті материалдар
- Коврограф «Ларчик» алаңы (үлкен және кіші)
- Ленталар
- Магниттік тақта
- «Ойын дидары»
- Көк маркер
- Сүлгілер
- 1–5 сандары
- Қиылған геометриялық пішіндер
- Үнтаспа
- 1–5 сандары жазылған карточкалар
- Қарындаш
Қатысушылар
Балапан ортаңғы тобының балалары.
Барысы
Кіріспе
Тәрбиеші балалармен залға кіріп, бір айналып, қонақтардың алдына тоқтайды.
Қонақтармен амандасу
Тәрбиеші:
Балалар, көріп тұрғандай, бүгін бізге көптеген қонақтар келді. Қонақтармен амандасайық.
Балалар:
Сәлеметсіздер ме! Добрый день! Good morning!
Шеңберге жиналу және көңіл күй
Тәрбиеші:
Балалар, сендерді шеңберге шақырамын. Сендерге айтатын маңызды хабарым бар. Хабарды жеткізбес бұрын, көңіл күйлерің жақсы екенін білгім келеді. Бүгін балабақшаға қандай көңіл күймен келдіңдер?
Балалар:
Жақсы.
Тәрбиеші:
Бір-біріңді көргендеріңе қуаныштысыңдар ма? Сендер бір-біріңе кім боласыңдар?
Балалар:
Иә. Доспыз.
Тәрбиеші:
Осындай керемет ауа райы үшін кімге рахмет айтамыз? Бақытты өмір сүріп жатқандарымыз үшін кімге рахмет айтамыз? Ақылды, білімді болып жүргеніміз үшін кімге рахмет айтамыз? Ал бақытты балалық шақ үшін кімге рахмет айтамыз?
Балалар:
- Күнге рахмет!
- Ата-анама рахмет!
- Балабақшаға рахмет!
- Бір-бірімізге рахмет!
Жылы әрекет:
Ендеше бір-бірімізді құшақтайық. Көңіл күйлеріміз одан да жақсарды.
Маңызды хабар: онлайн олимпиада
Тәрбиеші:
Бүгін таңертең қалалық білім беру бөлімінен хат келді. Онда былай делінген: 2018 жылдың 13 ақпанында Халықаралық математикалық орталық «Қызықты лабиринт» атты математика оқу қызметінен онлайн олимпиада өткізеді. Олимпиада тапсырмалары да жіберілген.
Олимпиада шарты
- Лабиринт 6 орталықтан тұрады.
- Әр орталықтағы тапсырманың шарты арнайы таблода жазылған.
- Орындалу барысы онлайн қаралады, нәтиже дыбыс арқылы хабарланады.
- Дұрыс — қол шапалақтау, қате — барабан тарсылы.
Тәрбиеші:
Сендер осы олимпиадаға қатысқыларың келе ме?
Балалар:
Иә.
Ескерту:
Тапсырмаларды орындау уақыты шектеулі, сондықтан жұмысқа кірісеміз.
Келесі қадам:
«Қызықты лабиринт» жүктеу