Сабақтың барысы. Архимед күші
Сабақтың тақырыбы
§ 49. Архимед күші
Сабақтың мақсаты
Сұйыққа толық немесе жартылай батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күштің (Архимед күшінің) дене көлеміне және сұйық пен газдың тығыздығына тәуелділігін тәжірибе арқылы анықтау.
Білімділік
Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтау.
Дамытушылық
Ой-өрісті дамыту, өз бетімен іздену, қорытынды жасау, өзін-өзі бағалау және сын көзбен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ ресурстары мен форматы
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Архимед шелегі, штатив
- Су, шыны ыдыс, әртүрлі денелер
- Картоп, таразы, керосин
- Бүктеме қағаз, үлестірме қағаздар, карта
Ұйымдастыру
- Сабақ типі
- Жаңа материалды игеру, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
- Сабақ түрі
- Демонстрациялық, саяхат сабақ.
- Пәнаралық байланыс
- Математика, тарих, география.
- Әдістер
- Жаңа технологиялық әдістер; топтастыру стратегиясы; құрылымдық-логикалық схема; ақпарат жинау.
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық көңіл күйін байқау.
- Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу.
- Қатысуды қадағалау және сабақ мақсатымен таныстыру.
-
2) Үй тапсырмасын сұрау
Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап және қысқа тапсырмалар.
-
3) Жаңа сабақ
Архимед күші ұғымын енгізу, формуласы мен физикалық мағынасын тәжірибелер арқылы түсіндіру.
-
4) Жаңа сабақты бекіту
Стратегиялық тапсырмалар, талқылау және тәжірибелік қорытындылар.
-
5) Қорытындылау
Негізгі ұғымдарды жинақтау және нәтижелерді тұжырымдау.
-
6) Бағалау және мадақтау
Оқушылардың белсенділігі мен зерттеу жұмысына қатысуы бағаланады.
-
7) Үйге тапсырма
§ 49. Архимед күші — оқып келу. Эксперименттік тапсырма төменде берілген.
Өткен тақырыпқа шолу: «Мектеп станциясы»
№1 тапсырма: Тест сұрақтары
Жауаптары дұрыс болса, «қатынас ыдыс» суретінде шәйнек пішіні шығуы керек.
-
1. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
- a) динамометр
- b) барометр
- c) термометр
-
2. Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады?
- a) тропосфера
- b) стратосфера
- c) мезосфера
-
3. Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым қандай құралмен өлшенеді?
- a) манометр
- b) барометр
- c) сфигмоманометр
-
4. Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне қайсысы жатады?
- a) альтиметр
- b) сорғылар
- c) ниппель
№2 тапсырма: «Физикалық аспаптар»
Интерактивті тақтамен жұмыс: аспаптарды атау және қолданылуын түсіндіру.
№3 тапсырма: «Кім жүйрік?»
Жылдам сұрақтар арқылы өткен тақырыпты бекіту.
Жаңа сабақ: «Ізденімпаз станциясы»
Тарихи дерек
«Маған тіреу нүктесін көрсетсеңіз болды, мен Жерді көтеріп берем!» деген сөзімен тарихта қалған ежелгі грек ғалымы Архимед (б.з.д. 287–212 жж.) Сиракуза қаласында өмір сүрген.
Интерактивті тақта арқылы қысқа таныстырылым ұйымдастырылады.
Қызықты физика: демонстрациялық тәжірибелер
№1 тәжірибе: Архимед заңы
Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Бұл күш Архимед күші деп аталады.
Формула:
FA = ρ g V
Мұндағы ρ — сұйық (немесе газ) тығыздығы, g — еркін түсу үдеуі, V — ығыстырылған көлем.
№2 тәжірибе: Кері итеруші күштің тәуелділігі
Сұйық немесе газдың кері итеруші күшінің мәні дененің батырылған көлеміне және ортаның тығыздығына тәуелді екенін демонстрациялау.
- Көлем артса — ығыстырушы күш өседі.
- Тығыздық артса — ығыстырушы күш өседі.
Жаңа тақырыпты бекіту: тапсырмалар станциялары
«Білім станциясы»
«Білдік» топтау стратегиясы: берілген сурет бойынша негізгі ұғымдарды жүйелеу.
«Тапқырлар станциясы»
«Кім күшті?» тапсырмасы: берілген сурет бойынша күштердің бағыттарын және нәтижесін талдау.
«Ойлан тап станциясы»
Неліктен кейбір денелер батады, ал кейбірі батпайды? Жауапты тәжірибе арқылы дәлелдеу.
Тәжірибе: Пластилин неге кейде батпайды?
Қажетті құралдар
- Пластилин
- Шыны ыдыс
- Су
Тәжірибе барысы
- 1.Ыдысты сумен толтыр.
- 2.Пластилиннен қайық жасап, суға сал.
- 3.Қайықты алып, бауырсақ сияқты домалақтап, қайтадан суға сал.
Бақылау және қорытынды
Қайық пішініндегі пластилин батпайды, ал домалақталған пластилин батады. Себебі қайық пішінінде ығыстырылған су көлемі көбірек болады, демек Архимед күші артады.
Сабақты қорытындылау: нәтижелер
- 1. Толық үлгерімге қол жеткізілді.
- 2. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, білім алуға сенімі нығайды.
- 3. Зерттеу жұмыстары арқылы қабілеті жоғары оқушыларды анықтауға мүмкіндік туды.
Үй тапсырмасы: оқу және эксперимент
Оқу тапсырмасы
§ 49. Архимед күші — оқып келу.
Эксперименттік тапсырма: апельсинді суға батыр
Бақылау арқылы тығыздық пен ауа қуыстарының рөлін түсіндір.
Қажетті құралдар
- Апельсин
- Суы бар шұңғыл ыдыс (немесе шыны ыдыс)
Тәжірибе барысы
- a)Бүтін апельсинді суға сал да, батырып көр.
- b)Апельсинді қабығынан аршып, тәжірибені қайтала.
Не байқалады?
Қабығы бар апельсин батпайды, ал қабығы аршылған апельсин батады. Себебі қабықта ауа қуыстары көп болып, орташа тығыздықты азайтады және ығыстырушы күштің әсерінен қалқып тұруға мүмкіндік береді.
Қорытынды ой
Ғылымның сырын ұғына отырып, білім шыңына ұмтылайық. Ұқыптылық пен зеректік әрқайсыңызды физиканың терең құпияларын тануға жетелесін.