Оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздерді анықтату

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Естесова Рәйлә.

Тақырып

Гүлдер. Заттың сынын білдіретін сөздер (273–275-жаттығулар).

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • 1 Венн диаграммасы
  • 2 Ой шақыру
  • 3 Топтастыру

Мақсат, міндет, күтілетін нәтиже

Мақсаты

Оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздерді анықтату.

Міндеттері

  1. Мәтін мазмұны бойынша жұмыс жасайды.
  2. Мәтіннен заттың сынын білдіретін сөздерді табады және сол сөздермен сөйлем құрастырады.
  3. Топтық жұмыс барысында ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлауға үйренеді.

Күтілетін нәтиже

  • Өз ойын еркін айтуға дағдыланады.
  • Заттың сынын білдіретін сөздерді меңгереді.

Қажетті құралдар

Маркер, А1 форматты қағаз.

Көрнекіліктер

Суреттер, қима қағаздар, Ө. Тұрманжановтың суреті.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері.

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

2 минут
  • Амандасу.
  • Топқа бөлу: гүл қиындыларын біріктіріп, оқушыларды топтарға бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

8 минут

«Көктем» өлеңін мәнерлеп оқу: топ бойынша тізбектей оқыту.

III. Мағынаны тану

20 минут

Сұрақ-жауап арқылы ой қозғау

  • Топқа бөлінгенде қима қағаздардан нені құрастырдыңдар?
  • Гүл ненің атауы?
  • Гүлдің сен үшін қандай маңызы бар?

Тақырыпты ашу

Бүгінгі сабақтың тақырыбы — «Гүлдер». Сабақта Өтебай Тұрманжановтың шығармасымен жұмыс жасаймыз. Бұл ақынның бірнеше өлеңін бұған дейін де жаттағансыңдар.

IV. Топтастыру жұмысы

Дайындық сұрағы

Өтебай Тұрманжановтың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды. Одан кейін топтық тапсырмалар орындалады:

  • I топ: мәтін мазмұнын әңгімелейді.
  • II топ: табиғат құбылыстарын табады.
  • III топ: таныс емес сөздерді анықтап, «түртіп алу» кестесіне жазады.

Түсіндіру және талдау

  • Сөздік жұмыс: жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
  • Мазмұнын ашу: сұрақтарға жауап беру.

Сұрақ 1

Күн күркіреп, неліктен «рұқсат беріледі»?

Сұрақ 2

Көктемнің алғашқы гүлін білесің бе?

Сұрақ 3

Жаңбырдан кейін табиғатта қандай өзгерістер болады?

V. Тренинг уақыты

1 минут

Бұйра бұлттар аунап,
Найзағайдай ойнап.
Құйды нөсер заулап,
Гүрілдейді сай жақ.
Көрінбейді тау жақ.

VI. Дәптермен жұмыс

5 минут

Көркем жазу минуты

Жазу дағдысын қалыптастыруға арналған қысқа жұмыс.

Жұмбақ шешу

Ауыр ағашты тосуға ұста,
Тұмсығы ұзын, құйрығы қысқа (піл)

Жасырын сөздер және «Қандай?» сұрағы

3 топқа тапсырма: бос орындарды толықтырып, «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздерді табу.

Үлгі 1

_________ ағаш

Үлгі 2

Тұмсығы _________

Үлгі 3

Құйрығы _________

VII. Ой қорыту және бекіту

5 минут

I топ

Заттың түсін ажырату үшін қойылатын сұрақ: «Қандай?»

II топ

«Ақ» сөзінің (түске қатысты) мағынасы қарсы сөзін тап.

III топ

«Гүл күлтесі» тақырыбы: 4 күлтеге сипаттау сөздерін жазу — тар, ұзын, биік, түзу.

Қорытынды сұрақтар

  • Гүлді құрастыра отырып, нені білдіңдер?
  • Гүлдің сабағы, жапырағы, күлтесі бар екенін анықтадық.
  • Гүлдің пайдасы бар ма?
  • Зиянды жағын кім айта алады?

Қорытынды тапсырма

Венн диаграммасын құрастыру.