Сабақтың барысы. Білімдерін тексеру
Сабақ тақырыбы
Сөз таптарын қайталау.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Сөз таптарын қайталау. Біріккен сөздердің күрделі сөздердің бір түрі екенін және олардың жасалу жолдары туралы мағлұмат беру.
2) Тәрбиелік
Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді қастерлеуге үйрету. Оқуға, білім алуға деген саналы көзқарасын қалыптастыру. Төзімділікке баулу.
3) Дамытушылық
Сөз байлығын, сөздік қорын молайту. Ойлау және байқағыштық қабілеттерін дамыту. Өздігінен шығармашылық жұмыстарды орындауға, қатесіз әрі ұқыпты талдауға үйрету.
Сабақ туралы мәлімет
- Көрнекілігі
- Таблица, карточкалар, ойын.
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ.
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс.
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы
-
1
Ұйымдастыру: оқушылармен амандасу.
-
2
Үй тапсырмасын тексеру.
-
3
Білімдерін тексеру (сұрақтар):
- Түбір сөз дегеніміз не?
- Түбірге не жалғанады?
- Жұрнақ дегеніміз не?
- Жалғау дегеніміз не?
- Туынды сөз дегеніміз не?
- Мысал келтір.
- Төрт мысал жазып келу.
Сөз таптары
Қайталау
Сөз табы
Зат есім
Сөз табы
Сын есім
Сөз табы
Сан есім
Сөз табы
Етістік
Сызбамен жұмыс
Түбір сөз
Сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы бөлшегі.
Қосымша
Жұрнақ
Сөз мағынасын өзгертетін қосымша.
Жалғау
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.
Туынды сөз
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалатын сөз.