Наурыз мерекесі - мейірімділік, қайырымдылық мейрамы

Сабақ жоспары

Наурыз өлеңдері

Бұл сабақ Наурызға қатысты тұрмыс-салт жырларын танытуға, олардың ұлттық сипаты мен ерекшелігін ашуға, оқушылардың әдеби талғамын дамытып, рухани құндылықтарға баулуға бағытталған.

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгерту сабағы.

Көрнекіліктер

  • Наурыз туралы мағлұматтар
  • Наурыз мерекесіне байланысты суреттер
  • Экран арқылы көрсетілім (бейне/слайд)

Мақсаты

  1. Оқушыларды тұрмыс-салт жырларымен, соның ішінде Наурыз өлеңдерінің түрлерімен таныстыру; осы тақырып бойынша білімін жүйелеу; ерекшелігі, ұлттық сипаты мен түрлері туралы жаңа мәлімет беру.
  2. Көркем әдебиетті оқуға қызығушылығын арттыру; сөздік қорын байыту; логикалық ойлауын, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту.
  3. Наурыз өлеңдері арқылы жақсылыққа тәрбиелеу; өз халқының әдебиеті мен мәдениетін дәріптеуге баулу; ұлттық сананы қалыптастыру; табиғатты сүюге, аялауға үйрету.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Кезекшімен сұхбат.
  • Сабақтың жаратылыстану пәнімен байланысты өтетіні ескертіледі.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың әдебиет, ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы түсінігін сұрап, үй тапсырмасын пысықтау. Қорытынды жасап, жаңа сабаққа кіріспе жасау.

III. Жаңа сабақ: Наурыз өлеңдері

Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Атауы парсы тіліндегі «Наурыз» — «жаңа күн» деген сөзден шыққан. Бұл туралы халқымыздың кемеңгер тұлғалары — Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынұлы — әртүрлі деректер жинақтаған.

Күн мен түн теңелген шақта мал төлдеп, жер бусанып, табиғат түлейді. Қазақ елі осы берекенің бастауын «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Наурыз — жаңарудың, өсудің, түлеудің басы.

Наурыз күні — имандылық мерекесі: халық кешірімділікке, мейірімге, татулыққа үндейді. «Алдына келген атанның құны болса да кеш» деген ұстаным осы күннің рухымен үндес.

Наурыз — көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс пен молшылықтың бастауы. Ол — мейірімділік пен қайырымдылықтың да мерекесі.

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген

Мейрамы — ежелден.

IV. Бекіту жұмыстары

  • Наурыз көже туралы сұрақ-жауап ұйымдастыру.
  • Наурыз және көктем туралы тақпақтар айтқызу.

Кітаппен жұмыс

  1. Мәнерлеп оқыту.
  2. Мәтін мазмұнын талқылау.
  3. «Наурыз» сөзінің мағынасын ашу.

V. Қорытындылау

Наурыз туралы әңгімелей отырып, түркі халықтарының бұл мерекені қалай қарсы алатынын экран арқылы көрсету. Негізгі ұғымдарды жинақтап, оқушылардың түсіну деңгейін саралау.

Бағалау

Сабақтағы жауаптары, мәнерлеп оқуы, талқылауға қатысуы және тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

Наурыз мерекесіне арналған өлеңдерді жаттап келу.

Автор туралы мәлімет

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Шаховское орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Рияпова Толқын Алпысбайқызы.