Күрделі сөздерді қайталауБілімділік: оқушылардың сөзжасам тарауынан алған білімдерін пысықтап, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту
Сабақтың тақырыбы
Күрделі сөздерді қайталау.
Білімділік
Оқушылардың сөзжасам тарауынан алған білімдерін пысықтау, теориялық білімді практика жүзінде қолдану. Ауызша және жазбаша талдау жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін бекіту.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлауын дамыту, ой шақыра білуге үйрету. Жеке, жұппен және шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру. Шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасауға үйрету және өзіне деген сенімділігін арттыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға және ұқыптылыққа баулу. Топпен жұмыс барысында бірін-бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және ата мұрасын дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
Көрнекілігі
- Оқулық
- Интерактивті тақта
- Топшама
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы.
Әдіс-тәсілдер
- Жаттығу жұмыстарын орындау
- Сатылай кешенді талдау
- Өз бетімен жұмыс
- Түсіндіру
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылармен амандасу.
- 2 Кезекшілікті қадағалау.
- 3 Сыныпты және оқу құралдарын түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Барлығына
Ереже, 92-жаттығу.
Қатарлар бойынша
- I қатар: 91-жаттығу.
- II қатар: 99-жаттығу.
- III қатар: 94-жаттығу.
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
-
Сұрақ: Оқушылар, 99-жаттығуда қандай тақырып қозғалды?
-
Сұрақ: Қандай ұлттық музыкалық аспаптарды білесіңдер?
Мысалы: жетіген, сазсырнай, асатаяқ, тұяқтас, қылқобыз, шаңқобыз.
-
Сұрақ: Бұл атаулар қандай сөздер?
-
Сұрақ: Біріккен сөздер құрамына қарай қандай сөздерге жатады?