Жас баланы
Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев — «Қыс»
Мақсаты (білімділік)
Оқушыларға Абай Құнанбаевтың өмірі туралы мәлімет бере отырып, сабаққа қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге ерекше көңіл бөлуге үйрету.
Мақсаты (дамытушылық)
Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Мақсаты (тәрбиелік)
Оқушыларды Отанды, туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Талдау
- Іздену
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық. Мұғалім оқушыларды сыртқы табиғат көрінісіне назар аудартуға шақырады: терезеден күн сәулесі жарқырап тұрғанын байқап, сыныпта жылы атмосфера қалыптастыру үшін «шаттық шеңберіне» тұрып, топқа бөлінеді. Одан кейін бір-біріне жүректен жүрекке жылу сыйлау ұсынылады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
II. Өткенді пысықтау
Өткен сабақта «Ата-баба тарихы — менің тарихым» атты үлкен тарау аяқталды.
III. Жаңа сабаққа кіріспе
Сыныппен сұхбат: «Қазір қандай мезгіл?» деген сұрақ арқылы қыс мезгілін көз алдына елестету. Сурет бойынша әңгімелеу арқылы ой қозғау.
Сөзжұмбақ және жұмбақтар
-
1. Қыста бар да, жазда жоқ.
-
2. Қанаты жоқ — ұшады, аяғы жоқ — желеді. Аузы жоқ — ұлиды.
-
3. Құлағы мен көзі жоқ, жоқ тіпті қол мен аяғы. Бірақ ғажап өнерпаз — мәнерлеп ою ояды.
-
4. Қыста жылы аяғым, аязда да, қарда да. Қыс келгенде киемін, келсе сүйреп таяғын.
Сөзжұмбақтың шешуі: қар, боран, аяз, байпақ.
Осы тірек сөздер арқылы Абай атамыздың «Қыс» өлеңінен үзінді оқуға бағыт беріледі.
IV. Абай Құнанбаев туралы қысқаша мәлімет
Абай Құнанбаев — қазақтың ұлы ақыны. Негізгі есімі — Ибраһим. 1845 жылы Семей облысында, қазіргі Абай ауданында дүниеге келген. Шыққан ортасы — ауқатты. Анасы — Ұлжан, әжесі — Зере. Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп «Абай» деп атаған. Содан бері бұл есім тарихта Абай болып қалыптасты.
V. Топтастыру
А. Құнанбаев — кім?
Жазушы, ақын, аудармашы, ағартушы, философ.
Абайдың шығармаларынан үлгілер
- «Ғылым таппай мақтанба»
- «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
- «Интернатта оқып жүр»
- «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы»
- «Әсемпаз болма әрнеге»
- «Құлақтан кіріп бойды алар»
- «Жазғытұры»
- «Білімдіден шыққан сөз»
- «Жаз»
- «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай»
- «Күз»
- «Сап, сап, көңілім, сап, көңілім»
- «Қыс»
- «Желсіз түнде жарық ай»
VI. Жаңа сабақты меңгерту
- 1 «Қыс» өлеңімен таныстыру.
- 2 Оқулықпен жұмыс: өлеңді мәнерлеп оқу және мағынасын ашу.
VII. Сөздік жұмыс
Шидем
Қой жүнінен тоқылған сырт киім.
Домбығып
Үсік шалған, ісінген күй.