Сөйлемдер бекеті

2-сынып • Қазақ тілі

Сабақтың мазмұны

Бұл сабақ жаттығу жұмысына арналған. Оқушылар сөйлем мүшелерін, әсіресе бастауыш пен баяндауышты ажыратып, олардың арасына сызықша қою ережесін тәжірибе арқылы бекітеді.

Сабақтың мақсаттары

1) Білімдік мақсат

Сөйлем мүшелері туралы түсінік беру; бастауыш пен баяндауышты табуға үйрету.

2) Дамытушылық мақсат

Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қою дағдысын жаттығулар арқылы жетілдіру.

3) Тәрбиелік мақсат

Әдемі жазу каллиграфиясын қалыптастыру, білімге құштарлық пен үлкенге құрмет сезімін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Слайдтар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабақ мақсатымен және кезеңдерімен таныстыру.
  • Назарын сабаққа аудару.

Өткенді пысықтау

  • Өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап.
  • Тіл туралы бастапқы түсініктерді еске түсіру.

«Тіл әлеміне саяхат» тапсырмалары

Тіл әлеміне саяхат бекеті

Талқылау сұрақтары

  • Тіл не үшін қажет?
  • Сөйлеудің түрлері қандай?
  • Қазақ тіліндегі дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

ІІ тапсырма

  • 4 әріп, 5 дыбыстан тұратын сөз ойла.
  • 2 әріп, 3 дыбыстан тұратын сөз ойла.

Буындар бекеті

Ашық буын Бітеу буын Тұйық буын
әке тал ат
ана бал аз
шағала сән ант

Сөз таптары бекеті

Зат есім

Ереже және мысал келтіру.

Етістік

Ереже және мысал келтіру.

Сын есім

Ереже және мысал келтіру.

Сан есім

Ереже және мысал келтіру.

Алғырлық бекеті

Төмендегі сөздерге тиісті әріптерді қойып жаз: э, в, ф, ч, щ, ц, х, һ.

Жи…аз, мульт…ильм, …абар, тұ…ы, …уваш, …етка, телегра…, …олейбол, дель…ин, …утбол, мото…икл, …елосипед.

Сөйлемдер бекеті

Төмендегі үлгілер бойынша сөйлем құрастырып жаз.

Хабарлы сөйлем

_____ _____ _____.

Лепті сөйлем

_____, _____!

Сұраулы сөйлем

_____ _____ _____?

Сергіту бекеті (жұмбақтар)

1-жұмбақ

Ағаш толы сары шымшық,
Сілкіп көрсең түседі ұшып.

Жауабы: жапырақ

2-жұмбақ

Ал керемет, бұл қандай?
Төгіледі төбеден,
Көк теңізден құйғандай,
Көл-көсір су не деген?

Жауабы: жаңбыр

Мағынаны ашу: сөйлем мүшелері

Негізгі ұғымдар

Бастауыш — сөйлемде іс-әрекетті, қимылды, сапаны иеленуші кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесі.

Баяндауыш — бастауыштың іс-әрекетін, жай-күйін, сынын, кім екенін, не екенін білдіретін сөйлем мүшесі.

Ереже пысықтау: бастауыш пен баяндауышты табу және олардың байланысын анықтау.

Көркем жазу бекеті

Э дыбысына сөз ойлап, сол сөзбен сөйлем құрастыр.

  • Сөз: __________
  • Сөйлем: __________

Шешендік бекеті (мақал-мәтел)

Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндір. Бастауыштан кейін сызықша қойып көшіріп жаз.

Ауылым — алтын бесігім.

Ақын — ұлттың тірегі.

Шешен — көптің тірегі.

Батыр — көптің білегі.

Білімділік бекеті: жаттығулар

Жатқа жазу

Автор туралы қысқаша мағлұмат беріп, мәтінді жатқа жаз. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қоюды ұмытпа.

Отан — туған үйіміз,
Отан — туған жеріміз.
Отан — ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.

57-жаттығу

Автор туралы мағлұмат бер. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты тап.

Сәкен — ұқыпты бала.

58-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қажет жеріне сызықша қой.

  • Әнші қыз келді.
  • Аян — биші.
  • Күн қызарып батты.
  • Қарбыз — көкөніс.
  • Бөдене жақынға ұшады.

Қорытынды кезең

Тапқырлық бекеті

Өткен тақырыптарды қысқаша қайталау.

Бағалау

Оқушылардың жұмысын бағалау және кері байланыс.

Үй жұмысы

Сөйлем мүшелерін қайталау, сызықша қойылатын жағдайларды жаттау.