Бағалау кезеңі. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Ертегілер мазмұнына иллюстрация

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру.
  • Мазмұн бойынша сурет салуға үйрету.
  • Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру.
  • Балалардың бейнелеу қабілетін жетілдіру.

Дамытушылық

  • Ертегілер әлемі туралы танымды кеңейту.
  • Іздену және зерттеу дағдыларын дамыту.
  • Қызығушылықты арттырып, шығармашылық ізденісті қалыптастыру.
  • Көркемдік талғамды, қиялды және ойлау кеңістігін дамыту.

Тәрбиелік

  • Ертегілер арқылы ұлттық құндылықтарды сіңіру.
  • Ұлттық өнерге сүйіспеншілікті күшейту.
  • Белсенділік пен ынтаны нығайту.

Сабақтың әдістері

  • Топтық жұмыс
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ассоциация
  • Ауызша көрнекілік
  • Жартылай ізденімпаздық

Сабақтың түрі

Топтық және жеке сайыс сабағы.

Көрнекілігі мен техникалық құралдары

  • Интерактивті тақта, компьютер
  • Көрнекі бейнелеу құралдары
  • Дыбыстық слайд-фильмдер
  • Шырша ойыншықтары, шыршалар
  • Қиылған ертегі кейіпкерлері

Күтілетін нәтиже

Сабақ барысында оқушылардың ынтасы мен қызығушылығы қалыптасады, өз бетінше бейнелеу іскерлігін меңгереді. Сурет салу арқылы танымдық-шығармашылық белсенділігі артып, әр оқушы шығармашылыққа қажетті білім мен дағдыны санасына орнықтырады.

  • Образдарды өздігінен үйлестіріп құрастыру;
  • Есте сақтап сурет салу;
  • Тақырыпқа сай кейіпкер бейнесін жасау;
  • Қимыл-қозғалысты бейнелеу;
  • Заттардың түрі мен түсін дәл беру.

Сабақтың барысы

Сабақ 4 кезеңнен тұрады:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Ертегілер еліне саяхат
  3. Бағалау кезеңі
  4. Үй тапсырмасы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Дайындық және топқа бөлу

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Құрал-жабдықтарын қадағалау.
  • Топқа бөлу және бағалау тәртібімен таныстыру.

Бірінші топ — «Таусоғар», екінші топ — «Мерген». Топтар оқушылардың фамилия реті бойынша құрылады.

Бағалау жүйесі: «Шырша безендіру»

Интерактивті тақтада әр топқа арналған шырша суреті көрсетіледі: бұтақ саны топтағы оқушылар санына сәйкес келеді. Әр бұтақ ұшында оқушының нөмірі (фамилия ретімен) белгіленеді. Сабақ бойындағы тапсырмалар арқылы оқушылар шырша ойыншықтарын жинайды.

5 (өте жақсы)

5–6 ойыншық жинаған оқушы

4 (жақсы)

3–4 ойыншық жинаған оқушы

3 (қанағаттанарлық)

1–2 ойыншық жинаған оқушы

Кіріспе: «Ертегі әлемі» әуені

Ғажайып түс көрдім. Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемінің қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін, жұлдыз-айы көркем,
Әдемі еді неткен: құстар сөйлейді,
Бұлттары билейді...

Мұғалім өлеңнің мазмұны арқылы ертегі әлеміндегі ғажайып көріністерді талқылап, бүгінгі сабақтың бағытын айқындайды: ертегі — қиялды жетелейтін, ойды кеңейтетін ерекше әлем.

Ертегінің басталуын еске түсіреміз:

Бар екен де, жоқ екен,
Ерте, ерте ертеде,
Ешкілері бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрықтары ұзын екен...

  • Иллюстрациялар көрсетіліп, қай ертегі екенін анықтау.
  • «Алтын балық», «Қожанасыр», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерінен үзінділер оқу.
  • Интерактивті тақта арқылы ертегілер иллюстрациясын тамашалау.

2) Ертегілер еліне саяхат

Адам қиялынан туған көне мұралар үшке бөлінеді: мифтер, аңыздар және ертегілер. Ертегі — қиял-ғажайыпқа толы әлем: жануарлар адамша сөйлейді, батырлар айдаһарлармен, жын-перілермен және халық қиялы тудырған сан түрлі құбыжықтармен шайқасады.

Ертегінің негізгі түрлері

  • Тұрмыс-салт ертегілері
  • Қиял-ғажайып ертегілері
  • Шыншыл ертегілер

Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу — ең қызықты тақырыптардың бірі. Бала ертегіні ықыласпен оқиды, әңгімелейді, содан кейін соны бейнелеуге құштар болады. Сурет салу ертегі арқылы дүниетанымды кеңейтіп, ойлау мен шығармашылықты дамытады.

Мысалға алынатын ертегілер

  • Қаңбақ шал
  • Таусоғар
  • Алтын сақа
  • Алдар көсе
  • Алтын балық

Қазақ ертегілерін жіктеу

  • Хайуанаттар туралы
  • Қиял-ғажайып
  • Тұрмыс-салтқа байланысты
  • Батырлық
  • Күлдіргі

Ерекше назардағы жанрлар

Қиял-ғажайып ертегілер балалардың қиялын шарықтатып, болашақты елестетуге, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейді.

Батырлық ертегілер елін қорғаған ерлердің ғажайып іс-әрекеттерін баяндайды (мысалы: Ер Төстік, Қобыланды).

Күлдіргі ертегілер көбіне Алдар көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр есімдерімен байланысты.

Саяхаттың жол нұсқасы: 4 аялдама

1-аялдама

Үй тапсырмасын бағалау

«Шебер суретшілер елі». Оқушылар ертегі мазмұны бойынша алдын ала жасаған иллюстрацияларын тапсырады. Бағалау кезінде жұмыстың мазмұны, композициялық шешімі және нақышына мән беріледі.

  • Өте жақсы жұмысқа — 2 ойыншық
  • Жақсы жұмысқа — 1 ойыншық

2-аялдама

Тест және дәлел

«Тапқырлар елі». Слайдтағы суреттер бойынша ертегінің атауын табу ұсынылады. Әр сурет астында екі жауап (қызыл және көк дөңгелек) беріледі. Оқушы дұрыс жауаптың түсін дәптерінде бояп белгілейді.

Мұғалім оқушы жұмыстарын бағалап, ең көп әрі дұрыс жауап бергендерге — 2 ойыншық, аз тапқандарға — 1 ойыншық береді.

3-аялдама

Сарамандық жұмыс

«Шебер құрастырушылар елі». Сурет дәптерімен жұмыс: слайдтағы жыл мезгілдерінің көріністерін бірнеше минут бақылап, алған әсер бойынша қиылған ертегі кейіпкерлерін перспектива заңдылығын сақтай отырып орналастыру және ұнаған фонмен толықтыру. Негізгі талап — фон мен кейіпкер арасындағы байланыс көрінуі.

  • Өте жақсы орындалған жұмысқа — 2 ойыншық
  • Орташа орындалған жұмысқа — 1 ойыншық

4-аялдама

Теориялық жұмыс

«Шебер құрастырушылар елі». Жазба дәптерімен жұмыс: слайдта берілген кейіпкерлер арқылы оқушылар өздері білетін әр түрлі жанрдағы ертегілердің атауларын жазады.

  • Ең көп атау жазғандарға — 2 ойыншық
  • Орташа деңгейге — 1 ойыншық

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
  • Сабақтың қай бөлігі ұнады? Неліктен?
  • Ертегі дегеніміз не?
  • Ертегілер қандай мақсатпен жазылады?
  • Ертегінің қандай түрлерін білесің?

3) Бағалау кезеңі

Сарамандық жұмыстың қорытындысы бойынша көрме ұйымдастырылады. Әр жұмысқа баға беріледі.

Жеке бағалау

Слайдтағы шырша бұтақтарына оқушы жинаған ойыншықтарын «ілу» арқылы нәтижесі көрнекі түрде көрсетіледі. Бұл тәсіл оқушыға өз білімінің нақтылығын бағалауға және өзін басқалармен салыстыруға мүмкіндік береді.

Топтық бағалау

Екі шыршадағы ойыншық саны салыстырылып, жеңімпаз топ анықталады. Нәтиже слайд және музыкалық марапаттау арқылы бекітіледі.

Топтар: Таусоғар және Мерген.

4) Үй тапсырмасы

«Шебер құрастырушылар еліндегі» жұмысты аяқтау: композицияны және фонды бояу арқылы толықтырып келу.