Бұлбұл мен тоқылдақ
Мақсат-міндеттер
Білімділік
- Мысалдағы негізгі ойды түсіндіру.
- «Ой қозғау» арқылы сұрақтар қою, жан-жақты ойлауға жетелеу.
- Топтық және өзіндік жұмысты, ізденісті ұйымдастыру.
Дамытушылық
- Өз ойын ашық айтуға, көркем әрі еркін сөйлеуге баулу.
- Шығармашылық қабілетті, ой-өрісті, тіл байлығын дамыту.
- Ізденімпаздық пен дәлелдеуге үйрету.
Тәрбиелік
- Жақсы қасиеттерді дарытып, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
- Еңбексүйгіштікке баулу.
- Табиғатты аялау идеясын күшейту.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру үшін қорапқа салынған шағын сыйлық ұсынылады. Қораптың ішінде не болуы мүмкін екенін болжату арқылы қызығушылық оятылады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Мәтінмен жұмыс
К. Сауырұлы — «Азамат атанған күн» мәтінін бөлімдер бойынша әңгімелеу:
- IҚуаныштың алғаш рет қой бағуы
- IIҮрей
- IIIАзамат болу
2) Кейіпкерге мінездеме
Қуаныштың мінезін сипаттау: әрекеті, жауапкершілігі, қиындыққа көзқарасы. Соңында пікірталас сұрағы: «Азамат болу» дегенді қалай түсінесің?
III. Жаңа сабақ
1) Қызығушылықты ояту
Құстардың дауысы тыңдатылады. Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылады:
- Қандай құстың даусы естілді?
- Қай құстың үні саған ұнайды? Неліктен?
2) Топқа бөлу және «Ой қозғау»
Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма беріледі:
1-топ
«Бұлбұл туралы не білесіңдер?»
2-топ
«Тоқылдақ» сөзіне ассоциация құру
3-топ
Суреттегі құстардың орнын анықтау (сұрақтарға жауап беріп, орнына орналастыру)
Сабақ тақырыбы таныстырылады: «Бұлбұл мен тоқылдақ», авторы — Ш. Смаханұлы (автор туралы қысқаша мәлімет беріледі).
- Бұған дейін қандай мысалдармен таныс болдық?
- Бұл мысалда не туралы айтылуы мүмкін?
3) Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
- 1Мұғалімнің оқуы
- 2Оқушылардың іштей оқуы
- 3Дауыстап оқу
- 4Сұрақтармен жұмыс
Талқылау сұрақтары
- Мысалда қандай кейіпкерлер бар?
- Бұлбұл тоқылдаққа қандай кінә тақты?
- Тоқылдақ қалай жауап берді?
- Мысалдан қандай қорытынды шығардық?
Дәптермен жұмыс
Бұлбұл
әнші құс
Тоқылдақ
орманның «емшісі»
Рөлге бөліп оқу
Кейіпкерлер рөлін бөліп, мәнерлеп оқу ұйымдастырылады. Оқушылар интонация, дауыс ырғағы, кейіпкер мінезін жеткізуге назар аударады.
Қысқа сергіту сәті енгізіледі (қимыл-қозғалыс, тыныс алу жаттығулары).
4) Ой толғаныс
Топтық тапсырмалар
- 1-топ: мысал бойынша шағын сахналық көрініс көрсету
- 2-топ: бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме беру
- 3-топ: өлең ұйқасын табу
Шығармашылық жұмыс
- 1-топ: құстар туралы жұмбақ құрастыру
- 2-топ: Венн диаграммасы (Бұлбұл vs Тоқылдақ)
- 3-топ: «5 жолды өлең» жазу
IV. Қорытынды
Дискуссиялық карта арқылы қорытынды жасалады: «Бұлбұлдың тоқылдаққа таққан кінәсі дұрыс па?» Оқушылар дәлел келтіріп, соңғы шешімін (тоқтамын) ұсынады.
V. Бағалау
Бағалау критерийлері: мәтінді түсінуі, топтық жұмыстағы белсенділігі, дәлелдеуі, шығармашылық тапсырма сапасы, сөйлеу мәдениеті.
VI. Үй тапсырмасы
- 1«Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалын оқып, мазмұндау.
- 2Бұлбұл мен тоқылдақтың суретін өз қалауыңша салып келу.
Оқушы шығармашылығынан
Оқушылардың өлең ұйқасы, өлең құрастыру және өтірік өлең жанрындағы үлгілері төменде берілді.
1) Өлең ұйқасын табу
Еңбек сүйгіш тоқылдақ, Жүреді ылғи тоқылдап. Айналаны тазартып, Тигізеді пайдасын.
Еңбек сүйгіш тоқылдақ, Құрт-құмырсқа шоқып ап. Айналаны тазартып, Жүреді ылғи тоқылдап.
Еңбек сүйгіш тоқылдақ, Тұмсығымен тоқылдап. Айналаны тазартып, Ормандарды қорғайды.
2) Өлең құрастыру
Аспанда ұшып жүреді, Екі қанат қағып ап. Түсі қара тоқылдақ, Талда өмір сүреді.
Тоқ-тоқ етеді, Санасына тоқып ап. Құрт-құмырсқа жейді, Тұмсығымен шоқып ап.
3) Өтірік өлең
Ақ тауыққа мініп ап, Айға жеттім тоқылдап. Екі жылдай жүріп мен, Үйге оралдым біліммен.
Көрдің бе, бұл бұлбұлды, Екі тонна салмағы. Бір асап ем аптығып, Бұлбұлдан түк қалмады.
Әнші бұлбұл бір күні, Алматыға келіпті. «Суперстарға» қатысып, Жеңіске ол жетіпті.