Топқа бөлініп жарысу
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, «Балапан» балабақшасы
Пән мұғалімі
Ағылшын тілі маманы: Жорабекова Гүлнұр Өмірзақовна
Тақырыбы
Wild and Domestic Animals
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Ағылшын тілі
Форматы
Топқа бөлініп, жарыс түрінде ұйымдастырылған қайталау сабағы
Мақсаты мен міндеттері
-
Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету.
-
Жануарлар, түстер және 1–5 сандарын қайталау.
-
Эстетикалық тәрбие беру және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
-
Үйренген сөздерді қолдану дағдыларын дамыту, тіл үйренуге қызығушылықты арттыру.
Қажетті ресурстар
Көрнекіліктер
- Тақырыпқа байланысты слайдтар
- Орман және ферма суреттері
- Үлестірмелі карточкалар
- Түрлі түсті жануар іздері (сандары бар)
- Жануар суреттері жапсырылған төртбұрышты қораптар
Сөздік жұмыс
Wild animals — жабайы аңдар
Domestic animals — үй жануарлары
Билингвалдық компонент
- Wolf
- қасқыр
- Fox
- түлкі
- Bear
- аю
- Rabbit
- қоян
- Sheep
- қой
- Cow
- сиыр
- Horse
- ат
- Dog
- ит
Инклюзивті қолдау
Мұхамедов Иван
Түстерді қайталау тапсырмасы.
Тұрсынхан Әбдінұр
1–5 сандарын қайталау тапсырмасы.
Сабақтың өту барысы
1) Мотивациялық кезең
Оқытушының әрекеті
- Балалармен амандасады, көңіл күйлерін сұрайды.
- Бүгінгі сабақта «үй жануарлары» және «жабайы аңдар» тақырыбын қайталайтынын түсіндіреді.
- Сабақ жарыс түрінде өтетінін айтады.
- Балаларды екі топқа бөледі және топ басшыларын сайлайды.
Топтарға бөлу
1-топ
Wild animals
2-топ
Domestic animals
Шаттық шеңбері
Балалар бір-бірімен сәлемдесіп, «Good morning» тақпағын айтады.
Қысқа диалог үлгісі
Teacher: Hello, children!
Children: Hello!
Teacher: How are you?
Children: I am fine, thank you.
Teacher: I am very glad to see you today.
2) Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі
Қонақ: Rex
Сабаққа қонаққа Rex келеді. Ол балалармен амандасып, орманда адасып кеткенін және жолда әртүрлі дыбыстарды естігенін әңгімелейді:
- Жылан: s-s-s-s
- Аралар: dz-dz-dz
- Маса: z-z-z
- Ауырған дыбыс: r-r-r
- Поезд: t-d, t-d, t-d
Rex балалар «Жануарлар» тақырыбында жарыс болатынын естіп, жануар суреттері бар екі қорап әкелгенін айтады.
Жарыс құрылымы
Оқытушы жарыстың 4 кезеңнен тұратынын хабарлайды.
-
I кезең: “Find and say”
Слайд бойынша жануарлар көрсетіледі. Балалар берілген жануар суреттерін үй және жабайы деп ажыратып, тақтадағы ферма мен орман суреттеріне жапсырады.
Кейін оқытушы: «Қанша sheep, cow, horse, dog бар?» деп сұрап, бірге ағылшын тілінде 1–5 санатады.
-
II кезең: “Find colors”
Еденге жануарлардың түрлі түсті іздері қойылады. Оқытушы түс атайды, балалар сол түсті ізді тауып, үстіне тұрады.
Ойын алдында аяқ-қолды жаттықтыру үшін сергіту сәті слайдқа қарап орындалады.
-
III кезең: Тақпақ айту
Әр топтан үш баладан шығып, жануарлар тақырыбында тақпақ айтып жарысады.
-
IV кезең: “Help to the sheep”
Әр топқа жануар суреттері жапсырылған төртбұрышты қорап беріледі. Балалар қорапты лақтырып, түскен суреттегі жануарды атайды. Қай топ қателеспей көп атаса, сол топ қойды қасқырдан «құтқарады».
Қорытынды
Оқытушы балаларды мадақтап: “Well done!” дейді және жеңген топты жариялайды.