Оқушылардың назарын экранға аудару
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
Қайталау сабағы.
Мақсаты
Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, алған білімдерін кеңейту және бекіту.
Дамытушылығы
Логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін және математика пәніне қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілігі
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі
- Сұрақ-жауап
- Ой қозғау
- Түсіндіру
Түрі және көрнекілігі
Түрі: қайталау. Көрнекілігі: күз тақырыбындағы суреттер, жемістер, слайдтар.
I. Психологиялық дайындық
Сабақ басында күз туралы бейнежазба көрсетіледі. Жақсы әуен тыңдау арқылы көңіл күйімізді көтеріп, айналамыздағы адамдарға жақсылық тілейміз.
Талқылау сұрақтары
- Қазір қандай мезгіл?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Күз неліктен молшылық мезгілі деп аталады?
Күз — байлық пен молшылықтың, жеміс-жидек пен көкөніс, бидай пісетін уақыт. Бұл — қызу еңбек маусымы, әрі «қылышын сүйретіп келетін қысқа» дайындалатын кез.
Біз де бүгін еңбек етеміз, бірақ еңбегімізді біліміміз арқылы көрсетеміз. Ол үшін төмендегі тапсырмаларды орындаймыз.
II. Ойын: «Кім тез?»
Оқушылар ауызша есептеуге арналған қысқа тапсырмаларды жылдам орындайды. Белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.
Күзгі бақ туралы әңгіме
Экранға назар аударамыз: күзде бақта жеміс-жидек піседі. Алманың хош иісі аңқып, жүзім де пісіп жетіледі.
III. Кітаппен жұмыс
Амалдардың орындалу ретін сақтай отырып, берілген өрнектердің мәнін табамыз. Қатысқан оқушылар марапатталады.
Ой қозғау
- Егіс алқабында қандай жұмыстар атқарылады?
- Егістікте нелер өсіріледі?
IV. Тақтамен жұмыс
Есепті шығарамыз және кері есептер құрастырып орындаймыз.
Есеп 1
Айжанда — 4 бәліш. Әкесінде — 3 есе артық. Әкесінде неше бәліш бар?
Шешуі:
4 × 3 = 12
Кері есеп 1
Әкесінде — 12 бәліш. Айжанда — 3 есе кем. Айжанда неше бәліш бар?
Шешуі:
12 : 3 = 4
Кері есеп 2
Айжанда — 4 бәліш, әкесінде — 12 бәліш. Әкесінде Айжанға қарағанда неше есе артық?
Шешуі:
12 : 4 = 3
V. Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы сергіп аламыз.
VI. Кенеттен сұрау (жедел тапсырмалар)
Тез ойлап, дәл жауап беруге бағытталған есептер. Оқушыларды жауаптарына қарай марапаттап отырамыз.
Есеп 1
9 машинада 18 жолаушы отыр. Әр машинада неше жолаушыдан отыр?
Есеп 2
2 орындық қайықтарға 14 адам отырғызу керек. Неше қайық қажет?
Есеп 3
Бір орамда 18 метр мата бар. Бір көйлекке 3 метр мата жұмсалады. Тігінші неше көйлек тігеді?
Есеп 4
20 литр шырын 5 банкаға құйылды. Әр банкаға неше литрден құйылды?
Құндылық туралы сұрақ
«Отан — біздің байлығымыз» деп не үшін айтамыз? Оқушылардың жауаптарын тыңдап, қорытынды жасаймыз.
VII. Топтық тапсырмалар
1-топ
5 см шаршы сыз. Оның периметрін тап.
2-топ
Салыстыр:
- 2 дм және 18 см
- 27 см және 3 см
- 2 дм 1 см және 21 см
- 29 см және 3 дм 1 см
3-топ
Сурет бойынша: барлығы неше үшбұрыш бар? Неше төртбұрыш бар?
VIII. Өзіндік жұмыс
Оқушылар тапсырмаларды жеке орындайды. Мұғалім қажет болған жағдайда бағыт-бағдар береді.
IX. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы сабақ соңында түсіндіріліп, оқушылардың күнделігіне белгіленеді.
X. Қорытынды
Бүгін сабаққа белсенді қатысып, білімімізді жақсы көрсете алдық. Күздің бізге берер сыйы мол екенін байқадық.
Жылы аяқтау
Себетке жиналған жемістерді алып, бір-бірімізге жақсы тілектер айтамыз.