Жанында жоқ жаны ашитын жақын жүз, Тасбауырлар ыңғайына қарамас

Мағжан Жұмабаев

Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас,
Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас.
Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы,
Наны қара, шайы қара, қарны аш.

Күн түсiрмес мейiрiмi жоқ қара
Ағармай ма мұндай үйде қара шаш?
Жанында жоқ жаны ашитын жақын жүз,
Тасбауырлар ыңғайына қарамас.

Жарық сәуле – не Ай, не Күн көрсетпес,
Жақынының “Ой, бауырымын!” естiрмес.
Iс санаулы, сөз аңдулы, ерiк жоқ,
Өз қолымен ұнамды тон пiштiрмес.

Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш нетпес,
Күн батқанмен, таң атпайтын түн жетпес.
Ер жүректi азаматтың басына
Бұл жалғанда нелер келiп, не кетпес?!



Ұқсас жұмыстар

Ақан серінің шығармаларына тоқталу
Шәңгерей Бөкеев
Отбасы тәрбиесінің негізі
Ақ боз үй трилогиясындағы тарихи шындық
Мақатаев, Мұқағали Сүлейменұлы
Абайдың прозалық шығармасы
Жүсіпбек Аймауытұлының өмірбаяны
Байқоңыр және ғарыштық ұшырылымдарының экологиялық зардаптары
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық даму тарихы
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
Мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты мақсаттары, мiндеттерi, жүзеге асуы
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі кезінде Қазақстан бәсеке қабілеттілігінің стратегиялық менеджменті
Delphi программасы - зерттелінетін процесстің алгоритмін компьютерде жүзеге асыратын программа құру
Қаржылық лизингті жүзеге асыру барысында қатысушы субъектілер анықталып,міндеттері және құқықтары белгіленеді
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Жүзедегі дипломдық жобада қарастырылған КИВЦЭТ-ЦС автогенді балқыту үшін шихта дайындау үрдісі
Стратегияның мақсаты, мiндеттерi және оны жүзеге асыру қағидаттары