Сілтілік металдарды ата
Сабақ туралы мәлімет
Сынып
8-сынып, химия
Сабақ тақырыбы
§65 Натрийдің химиялық қасиеттері және қолданылуы
Сабақ түрі
Панорамалық сабақ
Пән аралық байланыс
Биология және физика
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Натрий және оның қосылыстарының қасиеттері туралы білімді жүйелеу, маңызды табиғи қосылыстарының қолданылуымен таныстыру.
Дамытушылық
Сілтілік металдар туралы, натрийдің химиялық және физикалық қасиеттері мен қолданылуы жөніндегі білімді бекіту және дамыту.
Тәрбиелік
Натрийді алу жолдарын және қолданылу салаларын меңгерту арқылы білім мен дағдыларды өмірде қолдануға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері
-
1
Сілтілік металдардың периодтық жүйедегі орны мен негізгі қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.
-
2
Натрийдің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулері мен олардың жүру механизмін түсіндіру.
-
3
Химиялық байланыс, реакция түрлері, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш ұғымдарын дамыту және тереңдету.
-
4
Оқушының эрудициясын, логикалық және ассоциативті ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ету.
Сабақтың әдістері
-
Әңгімелесу
-
Көрнекілік
-
Практикалық жұмыстар және логикалық байланыс
-
Зерттеу жұмыстары
-
Есептер шығару
-
Ауызша тест
Сабақтың көрнекілігі
-
Интерактивті тақта
-
Тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар: натрий, дистилденген су, қысқыш, сынауық және т.б.
-
Жаттығу есептері
-
Периодтық кесте
-
Бағалау парағы
Сабақтың жүру барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар сабаққа дайындалып, дәптерлеріне күнін жазады.
2) Үй тапсырмасын тексеру
I. Қызығушылықты ояту
Интерактивті тақтада Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі көрсетіледі. Үй тапсырмасы бойынша ауызша тест сұрақтары қойылады.
Ауызша тест сұрақтары
-
Сілтілік металдар қай топта орналасқан?
-
Сілтілік металдарды ата.
-
Қай топшада орналасқан?
-
Валенттілігі нешеге тең?
-
Неліктен «сілтілік металл» деп аталады?
-
Электртерістілігі қандай?
-
Тотығу дәрежесі қанша?
-
Сыртқы энергетикалық деңгейде неше электрон бар?
-
Тотықтырғыш па, әлде тотықсыздандырғыш па?
-
Электртерістілігі 0,9 және ядро заряды +11 болатын элемент қайсы?
Оқушылар дәптерлеріне кесте сызып, натрийге тән физикалық қасиеттерді кестенің оң жағына толтырады, ал сол жағын кейінгі жұмыс үшін бос қалдырады. Толтырылған мәліметтерді оқушылар интерактивті тақтада көрсетеді.