Сөйлем ішіндегі сөйлем ойыны

Сабақ тақырыбы: Қарсы мәндес сын есімдер

Сынып

3-сынып, қазақ тілі

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер

Тірек сызба, кестелер, суреттер

Сабақ мақсаты

Білімділік

  • Оқушылардың сын есім туралы түсінігін кеңейту.
  • Сөйлем ішінен қарсы мәндес сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға үйрету.
  • Көркем сөзді, көркем ойды сөздік қорда қолдануға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Ізденушілік дағдысын дамыту.
  • Өз ойын дәлелдеуге үйрету.
  • Сөздік қорын және шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Мақсатқа ұмтылуға және оған жетудің жолын бірлесе табуға тәрбиелеу.
  • Ынтымақтастық пен бірлікке баулу.

Әдіс-тәсілдер

Көрнекілік, тірек сызба арқылы оқыту, талдау, жинақтау, сипаттау, тренингтік оқыту, топтық жұмыс, ойын элементтері.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары

  • Сын есім дегеніміз не?
  • Сын есімнің сұрақтары қандай?
  • Тұлғасына қарай сын есімнің құрамы қалай бөлінеді?

5-жаттығу (өлеңмен жұмыс)

Тәртіпті бала – сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала – күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

Ұрыншақ бала жанында

Ұрыс-керіс, айқай-шу.

Ұстамды бала маңынан

Ұнамды іс байқайсың.

Тапсырма: жағымды сөздерді тап

I топ

Тәртіпті

II топ

Ұнамды

III топ

Ұстамды

III. Жаңа сабақ

Көркем жазу

Жақсы бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш.

Негізгі ой: қарсы мәндес сын есімдер сөйлемнің мәнін айқындай түседі.

7-жаттығу (мысалдар)

Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.

Жақсы бала – қуаныш, жаман бала – өкініш.

Қант тәтті болады, бұрыш ащы болады.

Ереже

Қарсы мәндес сын есімдер

Заттың белгісін білдіретін мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келетін сын есімдер. Мысалы: үлкен – кіші, жақсы – жаман, тәтті – ащы.

«Сөйлем ішіндегі сөйлем» ойыны

Қарама-қарсы сөздерді (қарсы мәндес сын есімдерді) қолданып, жаңа мақал немесе сөйлем құрастыр.

Суреттермен жұмыс

  • Суреттегі заттың сыны (белгісі) қандай?
  • Оған қарсы мәндес сөзді тап.

8-жаттығу (жатқа жазу)

Қызыл қазық,

Таңсық азық.

1

Оқы, жатта.

2

Жаз.

3

Талда.

4

Сын есімдерді белгіле.

5

Шешуіндегі заттың суретін сал.

6

Сипатта.

9-жаттығу (сөйлем құрау)

1-топ

мейірімді

2-топ

инабатты

3-топ

жуас

«Бұл кім?» ойыны

Қарсы топтағы оқушыны сын есімдер арқылы сипаттап, атын атамай жасырып айт.

10-жаттығу (тақтамен жұмыс)

Ірі

— ұсақ

Жұқа

— қалың

Құрғақ

— ылғал

Кестемен жұмыс

  • Ірі, жұқа, құрғақ сын есімдеріне қатысты суретті қоршап, дәлелде.
  • Тиісті сөздерді орнына жапсыр.

11-жаттығу (сипаттау жұмысы)

Тапсырма: керікті сипаттау

  • Керікке не жетіспейді?
  • Керікті сипаттап жаз.
  • Жазғаныңды оқы.

Бұл тапсырмада оқушылар сын есімдерді орынды қолданып, бейнелі тілмен сипаттауға үйренеді. Қарсы мәндес сөздерді де қосып, сипаттаманы әсерлі етуге болады.

IV. Қорытындылау

Қорытынды шумақ

Ащы терім ақты,

Жеміс өсті тәтті.

Халқың үшін жаның сал,

Қарғыс алма, алғыс ал.

Сәйкестендір

Биыл қай жыл? (тапсырма — сәйкестендіру арқылы жауап беру)

Сұрақ-жауап

  • Бүгін қандай сын есім түрімен таныстық?
  • Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?

V. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы, топтық жұмыстағы белсенділігі және дәлелдеп сөйлеуі бойынша бағаланады.

VI. Үй тапсырмасы

12-жаттығу

Жаттығуды орындау.

Ереже

Жаттап келу.