Топ жетекшісін сайлау

Сабақтың тақырыбы

2 санын қосу кестесі

Бұл сабақта оқушылар 2-ні қосу және азайту дағдыларын бекітіп, қосылғыштардың біреуі 2 болған жағдайдағы сан құрамын түсінеді.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

2-ні қосу және азайтуды тиянақтай отырып, 2-ні қосу кестесін құрастыру. Қосылғыштардың біреуі 2 болған жағдайдағы санның құрамы туралы білімді бекіту.

Дамытушылық

Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтауын және алған білімін іс жүзінде қолдануын дамыту. Ауызша және жазбаша қосу-азайтуға дағдыландырып, ойын есептер арқылы ойлау қабілетін жетілдіру. Шығармашылық белсенділікті арттырып, шапшаңдыққа баулу.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Түсіндіру, салыстыру, жарыс сабақ
Көрнекілік
Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

«Сәлемнен арзан ізет жоқ, сәлемнен қымбат құрмет жоқ»

Қонақтармен сәлемдесу.

  • Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II

Үй тапсырмасын сұрау және бекіту

1-тапсырма

Осыған ұқсас кесінді сыз.

2-тапсырма

Кесіндінің ұзындығын 2 см-ге арттыр.

3-тапсырма

Кесіндінің ұзындығын 2 см-ге кеміт.

III

Жаңа сабақ

Топқа бөлу

Оқушылар 3 топқа бөлінеді, әр топ өз жетекшісін сайлайды.

I топ

Үшбұрыш

Бұрыштарын табамыз,

Бұған келер шамамыз.

Анау-мынау сұрақты

Шемішкедей шағамыз.

II топ

Төртбұрыш

Төртбұрышқа үшбұрыш —

Үй төбесін жабамыз.

Ақыл, қайрат, күш-қуат

Еңбекпенен табамыз.

III топ

Дөңгелек

Біз — фигура дөңгелек,

Бізге жылы сөз керек.

Бұрышын тауып қиналмай,

Бізді алға дөңгелет.

Сабаққа кіріспе: жұмбақ

Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл не аппақ мақтадай?
Кәне, кім табады?

Жауабы: Қар

Сұрақ

Қар қай мезгілде жауады?

Қыс мезгілінде.

Сұрақ

Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

Қар жауады және ауа райы суытады.

Сұрақ

Желтоқсан айының соңында қандай мерекені атап өтеміз?

Жаңа жыл.

Бүгінгі сабақта Аяз ата мен Ақшақар әкелген шыршаны ойыншықтармен безендіреміз. Ол үшін тапсырмаларды дұрыс әрі мұқият орындауымыз қажет.

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға Аяз ата сыйлық береді.

I тапсырма: жетіспейтін сандарды тап

Оқушылар экрандағы сандар қатарына қарап, қалып қойған сандарды анықтап, шешу жолын өздері түсіндіреді.

I топ

  • … 4 … 6 … 8 … 10
  • 10 … 8 … 6 … 4 … 2 …

II топ

  • 2 … 4 … 6 … 8 …
  • … 6 … 4 … 2 … 0

III топ

  • … 1 … 3 … 5 … 7 … 9 …
  • … 8 … 6 … 4 … 2 … 0

«Кіші көршім — оң жақта, үлкен көршім — сол жақта. Тұрушы еді қасымда, қайда кеткен жан-жаққа?»

II тапсырма: «Кім жаңылыспайды?»

«Бәрің бірге 10 деп тағы,
Қайта есепке көш деймін.
Оннан қайта кері санап,
Бірге дейін жет деймін.»

10-ға дейін өсу ретімен және кему ретімен жылдам, жаңылыспай санау.

III тапсырма (оқулықтағы 1-есеп)

Доминоға қарап, бос ұяшықтардың орнына тиісті сандарды қой.

IV тапсырма (оқулықтағы 2-есеп): қосу кестесі

Қосу таңбасы туралы тақпақ

Мен — қосумын, сондықтан мақтанамын,
Барлығын достастырып шаттанамын.

Қалт еткізіп қағып ал — жауабын тез тауып ал.

Доп лақтыру арқылы есептеу

  • 2 + 2 = 4
  • 3 + 2 = 5
  • 4 + 2 = 6
  • 5 + 2 = 7
  • 6 + 2 = 8
  • 7 + 2 = 9
  • 8 + 2 = 10

V тапсырма: «Капитан, капитан!» сайысы

Капитандар командалары арасында жарыс өтеді: экрандағы есептерді жылдам шығару. Қалған оқушылар орындарында отырып орындайтын есептерді шығарады.

Қосымша тапсырма

Сурет бойынша есеп құрастыр.

VI тапсырма: математикалық жұмбақтар

Аяз ата мен Ақшақардың жұмбақ есептерін топ болып шығарамыз.

I топ

  • Аулада 5 үйрек, қорада 4 үйрек. 1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?
  • Екі ешкінің мүйізі бар. Барлығы неше мүйіз болады?

II топ

10 асықтың үшеуін досың сұрап алды. Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалады?

III топ

Төрт алмасы солында, екі алмасы оңында. Кірпінің өз бойында барлығы неше алма?

VII тапсырма (оқулықтағы 4-есеп): азайту

Азайтқышы 2 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап.

Азайту амалымын —
Әділдікті жақтаған.
Артық кетсе біреуде,
Дереу алып тастаған.

VIII тапсырма: мұқият сана

Мұқият қарап, үшбұрыштарды санайық.
Үлкені мен кішісі — бәрі қанша?
Табайық.

IV

Үй жұмысы

1-есеп

Ең ұзын кесіндіден 1 см қысқа кесінді сыз.

2-есеп

Ең қысқа кесіндіден 1 см ұзын кесінді сыз.

3-есеп

Өзің сызған кесінділердің ұзындықтарын салыстыр.

Бағалау

Тапсырмаларды орындау сапасына қарай оқушылар бағаланады.